«Мәдениет және өнер институты»



бет4/9
Дата25.08.2017
өлшемі1,46 Mb.
#26753
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Кредит сағат 5

3 дәріс

Тақырып: Сызу пәнін шетелде оқыту әдістемесіне қысқаша тарихи шолу.

Дәрістің мазмұны:

1. ХҮІІІ ғасырдағы тау-кен мектептері.

2. Классикалық гимназиялар.

Дәріс мақсаты: сызу пәнін оқыту әдістемесінің тарихымен таныстыру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: реформа, «знаменовать», «прошпект», графикалық тұрғызулар, «ландкарта», өнертапқыш, классикалық гимназиялар, тау-кен мектептері, біріңғай білім жүйесі.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Пәннің тарихын, оны оқыту процесінде туындаған қиындықтар мен проблемаларды білмей тұрып, оқушыларға (білім беруде) айтарлықтай табысты білім беру мүмкін емес.

1. ХҮІІІ ғасырдағы тау-кен мектептері.

Ресейде сызуды жүйелі оқыту XVII ғ І Петрдің реформасына байланысты құрылған тау-кен мектептерінде басталады. Бұл реформа елдің шаруашылығын қайта құрумен және өнеркәсіптің дамуына қатысты болатын. Алғашқы мектеп Екатеринбургте (Свердловскіде) 1721 ж ұйымдастырылды. Бұл мектептерде геометрия еш дәлелдеулерсіз оқытылды. Геометриядан соң «Знаменование» («знаменовать», яғни сурет салу), яғни графикалық тұрғызулар арқылы көлемді денелерді бейнелеу әдістерін оқытуға жалғасты. Барлық тұрғызулар, кескіндер теориялық негізсіз жүзеге асырылды. Солай бола тұрса да, машина бөлшектері, цехтардың планы – рудниктер «прошпектері» (құрылысты биіктен, аспаннан қараған құрылыс) және «Ландкарталар» ( зауыт және оның қасындағы объектілер орналасатын жердің кескіні) сызбалары жасалады. Сызбалар өлшемсіз сызылуды, керек болғанда сызықтық көлдненң масштабтарды қолдана отырып, анықталады.

Тау – кен мектептерінде сызу негізгі пән болып есептеледі. Өз ісінің білікті шеберлері И.И.Ползунов – атақты механик, өнертапқыш, К.Д. Фролов – атақты құрылысшы осы мектептен шықты.

2. Классикалық гимназиялар.

XVIII ғасырда гимназияларда сызу « Геометрия» класында оқытылды. Ал қалған білімдері әскери архитектурада, георафияда қолданылады. Графикалық машықтаудың ең тиімдісі графика сабағында ландкарталар орындау болды. Мәскеу гимназиясы ашылғанда да (1755 ж) проекциялау әдісі жасалмаған болатын.

1802 жылы Ресейде халық ағарту министрлігі бекітілді. 1804 жылы бекітілген устав бойынша біріңғай білім жүйесі анықталады.

Осы устав бойынша орташа мектеп гимназияларда ( 1828ж) сызуды оқыту 1828 жылы ғана іс жүзінде енгізілді. Сурет пен сызуды оқыту әдістемесі гимназияларды қайта құрғанға (ұйымдастырғанға) дейін, яғни 1864 ж дейін сақталды. Осыдан бастап шыншыл училищелерді қосымша сурет пен сызуды оқытуға бөлінетін уақыт қарастырыла бастады.

1871 ж гимназиялардың жаңа уставы талқыланып, сурет пен сызу міндітті емес пән ретінде қарастырылды.



Әдебиет: 1) Үлкен Совет энциклопедиясы., том 4,6,8.

1. Методика обучения черчению. Под ред. Е.А. Василенко. М., Просвещение, 1990.Стр.16-19

2. Дембинский С.И., Кузьменков В.И. Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просвещение, 1977. Стрь16-23.

4 апта

Кредит сағат 7

4 дәріс

Тақырып: Сызу пәнін шетелде оқыту әдістемесіне қысқаша тарихи шолу.

Дәрістің мазмұны:

1. Халықтық училищелер.

2. Шыншыл гимназиялар.

Дәріс мақсаты: сызу пәнін оқыту әдістемесінің тарихымен таныстыру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: реформа, «знаменовать», «прошпект», графикалық тұрғызулар, «ландкарта», өнертапқыш, классикалық гимназиялар, тау-кен мектептері, біріңғай білім жүйесі.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Шыншыл училищелер

1872 жылы ашылған шыншыл училищелерде сызу сабағына айтарлықтай көп уақыт бөлінді. Сызумен қоса, сызба геометриясы оқытылды. Училищелерде сызу пәні негізгі пән болып есептелді және гимназияларда сызу, сурет салуға үйрететін пән болып табылса, онда керісінше болады.

Дегенмен, мұнда да сызу қолданбауы сипат алады, геометрияның бір бөлімі ретінде қарастырылды.

Кеңес мектептеріндегі сызу пәні

Ұлы қазан социалистік төңкерілісі мектеп құрылысына және оның жұмыс мазмұнына түпкілікті өзгерістер әкелді. Жалпы білім беретін кеңестік мектептер құлағаннан-ақ оқушылардың графикалық дайындығына көп көңіл бөлінді. Сынақ өзінде мектептердің графикалық пәндердің маңызына онша мән бермеді.

1932ж сызу өз алдына негізгі пән болып шықты. Осы жылғы бағдаоламада негізгі төрт тарау атап көрсетіледі:

1) Геометриялық сызу; 2) Проекциялық сызу; 3) Аксонометридағы сызба; 4) Нәрсеге қарап сызу;

1933ж 12 ақпанда партиялық Орталық Комитетінің «Бастауыш және орта мектептердегі оқулықтар туралы» қаулысы қабылданып, 1934ж орта мектептер профессор В.О. Гордонның алғашқы сызу оқулығын алды. Осы кітап шыққаннан бастап, мектептерде сызу пәнін оқытуға қолайлы жағдай туды.

1935-1936 ж оқу жылында оқу жоспарлары мен бағдарламалары қайта қаралуы, соның ішінде сызу бағдарламасы да.

1945-1953 жылдардағы сызу бағдарламасы 20-шы, 30-шы жылдардағыдан аздап айырмасы болады. Отандық кәсіп отандардың дамуына байланысты проекциялық сызуға, техникалық тетік бөлшектер сызбалармен оындаумен оқуға көбірек көңіл бөлінді.

1954ж.ғы бағдарлама сызуды оқыту практикаға жақындауға мүмкіндік берді.

ЦК КПСС «Совет Мин- в СССР» мектептер он жылдық білім беру жүйесіне көшіру туралы қаулы қабылданды.

1956-1959 жж сызудан алғашқы әдістемелік құралдар басылып шықты.

1965 ж сегіз жылдық мектептерде сызу оқыту әдістемесінен бірінші оқу құралы С.И.Дембинский мен В.И.Кузьменконың жарық көрді. Бұлоқулық педагогикалық инистетуттардың көркемсурет-графика факултетінің студенттеріне арналады.

Ал, 1966 ж А.Д.Ботвиннинковтың редакциялауымен «Осн. Медт. Обучения черчению» атты кітабын басып шықты. Бұл кітап ғылыми жұмысшылар, аспиранттар мне оқытушылар үшін әдістемені ғылыми әдістемелік пән ретінде дәріптеуде оң маңызын атқарады.



Әдебиет: 1.Дембанский С.И., Кузьменко В.И. Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просвещ., 1977 Стр.11-16.

2. Ботвинников А.Д. Об актуальных вопросах методике обучения черчению. М., 1977.

3. Кузин А, А. Краткий очерк историй развития чертежа в России. М., Учиздат, 1955.
5 апта
Кредит сағат 9

5 дәріс

Тақырып: Тақырыбы: «Кеңес уақытындағы сызуды оқыту әдістемесіне талдау. Сызуды оқытудың жалпы білім беретін және тәрбиелік маңызы ».

Дәрістің мазмұны:

1.Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту.

2.Кеңістікті елестету және шығармашылық қиялының психологиялық ерекшеліктері туралы.

3.Мұғалімнің сабақ барысындағы сөзі туралы.

4.Оқушыларды эстетикалық тәрбиелеу.

Дәріс мақсаты: атақты педагогтардың оқыту бағдаламаларымен таныстыру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: оқу және тәрбие процесі, оқушылар шығармашылығы, танымдық қызығушылық, графикалық тұрғызулар, көз мөлшері, өнертапқыш, классикалық гимназиялар, тау-кен мектептері, біріңғай білім жүйесі.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Мектептің алдына қойған мақсаттарын толығымен жүзеге асырудың жолын мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы-оқыту тәсілдерін жетілдіруден (совершенствование) бастаған жөн. Бұл ең алдымен оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту проблемасына қатысты. Танымдық қызығушылық - оқу және тәрбие процесіне әртүрлі қырларымен әсер ететін көпжақты құбылыс. Сызу сабағында бұл құбылысты оқушылар шығармашылығын ынталандыратын мұғалімге оқу процесін қызықты, тартымды, оқушының назарын аударатын жайттарды атап көрсететін тиімді құрал ретінде қарастырған жөн. Оқушылар оқу процесінде алған графикалық білімдерін нақты есептер шығарғанда қолдана білсе, тіптен жақсы.

Танымдық қызығушылық туралы сөз еткенде асқан құмарлықпен ерекшеленетін жеткіншектермен жұмыс жасайтынымызды ескеруіміз керек (13-16 жас арасындағы оқушылар).

Талапты ақыл, жаңалықты тануға ұмтылу, тез әсерленушілік, қызбалық, еліктеушілік, дербестікке құштарлығы, ұшқалақтық мінез және т.б. 13-16 жас аралығындағы оқушыларға тән қасиеттер.

Осы жағдайларды ескере отырып, оқушылардың оқуға қызығушылығын ынталандырып, кейде сызбаны оқып, орындауда аз да болса ілгері қадам жасаған оқушыларды мадақтап, көтермелеп отыру керек;

-проекциялық есептерді шешуде дербестігін, белсенділігін дамытып, қолдап отыру;

-табандылық, төзім, шыдамдылық, қажырлылық, көздеген мақсатқа жету;

-мінездегі жігерлікті дамытуға тырысу;

Оқушылардың кеңістіктік ойлауын және шығармашылық қиялын қалыптастыру,өзінің графикалық жұмыстары мен құралдарына ұқыпты болуға, материалды үнемді пайдалануға тәрбиелеу;

Уақытын тиімді жұмсауға үйрету керек.

Кеңістікті толық елестетпейінше сызбаларды еркін оқып, орындау мүмкін емес. Мұндай қабілеттің болмауы техникалық сызбаларды үйренуде өндірістік практикада басты тежеу.

«Кеңістікті елестету»толық елестетпейінше сызбаларды еркін оқып, орындау мүмкін емес. Мұндай қабілеттің болмауын техникалық сызбаларды үйретуде, өндірістік практикада басты тежеу.

«Кеңістікті елестету» сөзінің мазмұныңда не жатыр? Бұл термин мазмұнына қарай синтездік сипат алады, себебі мұнда нәрсенің пішінің, оның кеңістікте орналасуын, көлемін кеңістіктегі басқа да заттармен салыстыра отырып арақашықтығын, бағытын елестету қамтылады.

Сондықтан, оқушылардың елестету қабілетін арттыру мақсатында бейнелеу өнері сабағында қойылған нәрселердің қандай пішінде, биіктігі мен ені қаншалықты үлкен немесе кіші т.с.с. сұрақтар қойып отыру қажет. Осындай өлшемдерді салыстыру жаттығулары арқылы олардың көз мөлшері дамып, шкаладағы бөліктердің салыстырмалы және абсолютті өлшемдерін көзбен анықтауға машықтанады.



Әдебиет: 1. Ботвинников А.Д. Основы методики обучения черчению. М., Просв., 1968. Стр. 58-96

2. Василенко Е.А. Методика обучения черчению. М., Просв.,1990. Стр. 12-16.

3. Дембинский С.И. и др. Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просв. 1977. Стр. 11-16.
6 апта

Кредит сағат 11

6 дәріс

Тақырып: Сызуды оқытудың жалпы білім беретін және тәрбиелік маңызы.

Дәрістің мазмұны:

1. Мұғалімнің сабақ барысындағы сөзі туралы.

2. Оқушыларды эстетикалық тәрбиелеу.

Дәріс мақсаты: жалпы білім беретін мектептердегі сызу пәнінің тәрбиелік мәні.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: оқу және тәрбие процесі, оқушылар шығармашылығы, танымдық қызығушылық, графикалық тұрғызулар, эстетикалық тәрбие, моделъ, модернизация, композиция.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Сызуды оқытудың білім және тәрбиелік мақсат –міндеттері туралы айта отырып, мұғалім сөзінің мәні туралы айтпай кетуге болмайды. Сөзбен адамды сөгіп, балағаттап, жүрегіне жара салуға да болады, керісінше, қайрат беріп жігерлендіріп, жасаған ісіне жауап беруге мәжбүр етуге болады.

Сызу сабағындағы мұғалім сөзі - оқушыларды сызбаны оқуға үйрету, графикалық жұмыстардағы қателерді түсіндіру, моделъдер көрсету және т.б. Сабақ барысында мұғалім сөзі класқа оқушыларға бағытталуы , арналуы керек. Жаңа сабақ түсіндіру, оқушы жауабына түсінік беру: қолдау немесе ұялту - сөз нық сеніммен айтылуы керек.

Мұғалім үшін материалды түсіндіруде дауыс әсерлілігі мен ырғағы, дыбысты дұрыс айту, сөз арасындағы үзіліс елеулі рөл атқарады (дауыс екпіні, сөз қарқыны, мұғалімнің тұрысы, оның дене қимылы мен бет қимылы, (жест, мимика)).

Ғылым мен техникаға деген қызығушылық эстетикалық тәрбиені оқшаулап тастауы мүмкін еді, бірақ бұлай болған жоқ.

Эстетикалық тәрбиенің мәні неде?

Мұның астарында таңғажайып әсемдікті (табиғаттағы, еңбектегі, қоғамдық катынастардағы;адамдар іс-әрекетіндегі) дұрыс қабылдауға, өнерде де, өмірде де сұлулықты жасау қабілетін, қажеттілігін тәрбиелеу жатыр.

Көркемдік таным әдебиет, және бейнелеу өнері сабақтарында ғана емес, сызу сабағында да дамуы тиіс. Бірақ сызу көркемдік танымды ерекшк бағытта тәрбиелейді, яғни пәнге лайықты есептер шешуге бағытталады.

Қазіргі уақытта сызу қолданбалы пән аталып, техникалық эстетика күн тәртібінде тұрғанда сызудың графикалық және геометриялық мәніне ғана қанағаттанып қою аздық етеді.

Оқушы көркем құрастыру немесе дизайнның не екенін , оның міндеттерін білуі керек.

Оларға техникалық эстетикалық проблемасы (екіталай, шешілмеген) бұйымның машинаның немесе аппараттың әдемі формасы, сыртқы көріністің әсемдігі ғана емес. (Мысалы, ескі станокқа әдемі, қазіргі заманғы қақпақ (капот) жабу емес). Бұл жерде - сезім мен логика, екі әдістің үндестігі әңгіме етіледі.

Оқушыларға сызу сабағында тұрмыстық немесе заводтық бұйымдарды, болмаса олардың иллюстрацияларын көрсету керек, яғни модернизацияланған жаңартылғанға дейінгі және кейінгі.

Бастапқыда формасы күрделі, элементтер шашыраңқы, пішіні бір тұтас емес, яғни бұл атқаратын қызметтің жетіспеушілігіне, жұмыс жасаушының тез шаршауына әкеп соғады. Модернизацияланған түрінде, форма түріде жаңартылады. Осыған сәйкес оның қызмет сапасы да арттырылады. Осындай мысалдарды келтіре отырып, оқушы бойында ұқыптылық, дәлдік, кескіндерді тұрғызудағы ұтымдылық тәрізді мінезді қалыптастыру қатар көрініс табуы керек. Бұл – кескіндер композициясы, өлшемдер түсірудегі дәлдік, кескіндердің айқындығы.

Нравственное- құлықтық, өнегелілік. «Стандарт»- ағылшын сөзі, образец- үлгі, эталон, бұйымның типтік көрінісі.



Әдебиет: 1. Методика Обучения черчению. Под. ред.Е.А. Василенко М., Просв., 1990. Стр.28-31.

2. Ботвинников А.Д. Основы обучения черчению. М., Просв., 1990. Стр. 256-279.

3. Севастопольский Н.О. Уроки черчения в средней школе. М., Просв., 1981. Стр. 18-25.

4.Дембинский С.И. Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просв., 1977. Стр. 43-51.


7 апта

Кредит сағат 13.

7 дәріс

Тақырып: «Проекциялау түрлері» тақырыбын оқыту әдістемесі..

Дәрістің мазмұны:

1. Параллель проекциялау әдістері / тік және қиғаш бұрыштап/.

2. Орталық проекциялау әдісі.

Дәріс мақсаты: проекциялау әдістерін үйретіп, тік бұрыштап проекциялауды және проекция жазықтықтарында кескін алу дағдысын қалыптастыру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: оқу және тәрбие процесі, оқушылар шығармашылығы, танымдық қызығушылық, графикалық тұрғызулар, эстетикалық тәрбие, моделъ, модернизация, композиция.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Тік бұрыштап проекциялау жүйесінде сызбаны тұрғызу – сызу курсының негізгі тақырыбы.

Бұл тақырыпты оқытудың әртүрлі нұсқалары бар.

Бірінші нұсқа –өзара бір,екі және үш проекция жазықтықтарына проекциалауды сатылап оқыту. Материалды бұлай оқыту сызбаларды орындауда, оларға өлшемдер түсіруде оқушылардың білімін, шеберлігін, дағдысын біртіндеп қалыптастырады.

Бұл нұсқада материалды жоспарлау төмендегі ретпен болуы мүмкін:

1. Проекция туралы түсінік, проекциялау тәсілдері. Бір проекция жазықтығына проекциялау, оның кеңістіктегі орны, белгіленуі. Басты көріністі таңдау,оны тұрғызу. Дәптерге орындауға арналған практикалық жұмыс (1с).

2. Өзара (перпендикуляр белгісі) екі проекция жазықтығына проекциалау. Горизонталь жазықтық, оның кеңістіктегі орнымен белгіленуі.

Проекциялардың өзара байланысы. Өлшемдер түсіру. Пр.ж (дәптерге) (1с)

3.Деталь сызбасын орындаудағы теориялық білімін, практикалық орындау шеберлігі мен дағдысын тексеру (сызба форматына орындауға арналған графикалық жұмыс) (1с)

4. Өзара перпендикуляр үш проекция жазықтығына проекциялау. Профиль жазықтық, оның кеңістіктегі орналасуы мен белгіленуі. Проекциялардың өзар байланысы. Өлшемдер түсіру. Проекция жазықтықтары (1с).

Мұғалім нәрсенің проекциясын проекциялаушы сәулелер арқылы алуға болатынын айтты, орталық және паралель (қиғаш бұрышты және тік бұрышты) прокциялауларды қарастыру керек.

Мынадай мысал қарастыруға болады: душ астына қойылған шелек, тымық күні жаңбыр астына қойылған және жел күні; жаңббыр астына қойылған шелек. Оқышулардың сызбада қолдануға ыңғайлы және нәтижелі проекциялау тәсілін таңдап алуға болатындығына көз жеткізгендігің сұраймыз. Осылайша, оқушылардың көмегімен паралель проекциялаудың тиімділігін анықтаймыз, яғни, нәрсе формасының бұрмалануынсыз кескінделуі, кескіндегі нақты өлшемдердің сақталуы. Бұл материалды түсіндіруде плакаттар мен (кітаптағы) оқулықтағы иллюстрацияларды пайдалануға болады.

Нәрсенің тік бұрышты проекциясын алудың ең қарапайым тәсілі – қағаз бетіне контурымен бастырып алу. Бірақ бұл тәсілді қолдану көбіне мүмкін емес (чайник, раковина, машина корпустары т.б) сонымен қатар, нәрсе проекциясын жазықтыққа түсірудің кейбір ерекшеліктерін білген жөн:


  • нәрсе проекция жазықтығына (паралель белгісі) орналастырылады;

  • нәрсенің барлық төбесі арқылы проекция жазықтығына (перпен. белгісі) бағытталған проекциялаушы сәулелер түсіреміз;

  • нәрсе төбелерінің проекцияларын (нүктелерді) қосып, нәрсенің жазықтығы проекциясын аламыз.

Фронталь жазықтығының кеңістіктегі орналасуын, онын белгіленуін қарастырып, мұғалім проекциялау процесін және проекцияны алуды көрсетеді (модель бойынша)

Оқушылар материалды дұрыс қабылдау үшін, қосымша сұрақтар қойылады: модель мен кескін өлшемдері сәйкес келеді ме? Сызбада бөлшектің горизанталь қырлары қалай кескінделеді? Вертикаль бүйір қырлары ше? Бөлшектің қалыңдығы қалай көрсетілген? Неліктен? Проекциясында қандай өлшемдер түсірілген? Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың айтуымен бөлшек сызбасын орындап, оған өлшемдер түсіреді.

Нәтижесінде оқушылар бастапқыда айтылғанның дұрыстығына көз жеткізеді.

Бұдан әрі мұғалім бөлшектің басты көрінісін таңдау мәселесіне көшеді.

Класқа детальды үш жағдайда көрсетіп, оның қайсысы бөлшек формасынан толық түсінік беретінін анықтауды ұсынады. Ынақты жауап алған соң, мұғалім оқушыларды «басты көрініс» ұғымымен: бұл нәрсенің формасы мен конструкциясынан толығырақ түсінік беретін кескін деген анықтамамен таныстырады.

Оқушылардың басты көріністі дұрыс таңдауын қалыптастыру мақсатында ауызша бірнеше жаттығулар өткізеді. Бастапқыда нәрсе моделі бойынша басты көріністі таңдау, содан соң нақты кескіні арқылы: қиғаш бұрышты фронталь диметриялық, тік бұрышты изометриялық проекциясы бойынша. Дұрыс таңдалған көріністі оқушылар тақтаға орындайды.

Сабақтың келесі кезеңі – детальдың басты көрінісінің сызбасын тұрғызуға арналған практикалық жұмыс (дәптерге)

Мұғалім оқушылар жұмысын қадағалап, жұмыс жасау кезеңдерін ретімен атап отыру керек:



  1. бөлшектің геометриялық пішінін талдау оның симметриялылығын анықтау

  2. басты көріністі анықтау

  3. қаздың орналасуын таңдау, масштабты анықтау

  4. симметрия осьтерін жүргізіп, деталь кескінін габаритті тік төртбұрышын тұрғызу

  5. айналу беттер ібар элементтерін тұрғызу

  6. ойық, тесік, кертіш, қиылған бөліктерін белгілеп, тұрғызу

  7. өлшемдер түсіру

  8. сызбаны бастыру: а) шеңберлер, доғалар; б) барлық горизонталь сызықтар; в) барлық вертикаль сызықтар; г) баолық көлбеу сызықтар

Келесі сабақта екі проекция жазықтығына проекциялау қарастылады.

Сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақтың жалпы құрылымын, теориялық материал көлемін, практикалық жұмыстың сипаты мен мазмұнын анықтап алу керек.

Сонымен қатар, жаңа тақырыптың ішінен оқушылар өз бетінше шеше алдатын сұрақтарды (екінші проекцияны тұрғызу қажеттігі, горизанталь проекция немесе үстінен қараған көрініс туралы түсінікті, проекциалаушы нәрсенің гаризанталь проекция жазықтығына қатысты орналасуы) және мұғалімнің оқушыларға өзі түсіндіретін сұрақтарын реттеп алу керек. Оқытудың әдіс тәсілдерін анықтау қажет: проблема туындату, оқу диалогы, көрнекі құралдарды пайдалана отырып мұғалімнің әңгімелеуі, практикалық жұмыс. Көрсетілетін модельдермен екі көріністі тұрғызуға арналған қарапайым тетік бөлшектердің көрнекі кескіні, ауызша жаттығу тапсырмалары мен оларды тақтаға орындау және дәптерге орындауға арналған графикалық тапсырмалар.

Сабақ сұрақ қою арқылы материалды қайталаудан басталуы керек.

Алдыңғы партаға өткен материалдар боиынша сұрақтарға жауап беруге оқушылар шақырылады, мынадай үлгіде тапсырмалар беруге болады:


  1. қағазға екі симетрия жазықтығына симетриялы жазық бөлшектің сызбасын тұрғызудың кезеңдерін сатылап жазу.

  2. берілген бөлшектердің өлшемдерін түсір (бөлшек сызбасы)

  3. берілген проекциялары бойынша бөлшектің басты көрінісін таңдап, қайта сыз, оның масштабын таңдап, оны көрсетіп жаз.

  4. сызбаға өлшемдер түсір (өлшем және шығарма сызықтар) 2,3,4 тапсырмалар бағандарға орындалу керек.

Тақтаға мынадай тапсырмалар беруге болады:

  1. берілген тетік бөлшектің басты көрінісін анықтап, оны орындапр басты көрініске анықтама бер.

  2. суретте қандай фигуралардың проекциялары берілгенін анықта.

Ауызша тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. проекциалау тәсілдерін атап айт?

  2. ортақ проекциалаудың ерекшеліктерін атап айт?

  3. параллель проекциалауға анықтама бер, түрлерін атап айт?

  4. параллель праекциалаудың ерекшеліктерін ашып айт?(қиғаш бұрыш және тік бұрыш)

  5. проекциалаудың қандай тәсілін негізгі деп атайды?

Алдағы партадағы жұмыстарды жинап алып, тақтадағы жауап беріп тұрған оқушылардың жауабын класс болып талдау керек.

Оқушылардың ойлау қабілетін белсенділендіру үшін жаңа тақырыпты түсіндіруде олардың алдына мақсат қою керек: деталь сызбасы бойынша оның формасын анықтау тақтаға орында. Оқушылар жауаптарына байланысты класс есептің бірнеше шешуі бар екеніне куә болады. Осылай талдау нәтижесінде оқушылар бөлшектің бір ғана көрінісі бірнеше бөлшекке сәйкес келетінін, яғни бір проекциясы бойынша нәрсе пішінінен толдық мағұлмат алуға болмайтынынын түсінеді.



Әдебиет: 1.Есмухан Ж.М Черчение, 9 Кл. Алматы, Мектеп, 2005г. Стр.32-40.

2. Методика изучения черчения. Под ред. Василенко Е.А. М., Просв., 1990. Стр. 102-105г.

3. Дембинский С.И., Кузьменко В.И.Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просв., 1977. Стр. 193-196.

8 апта

Кредит сағат 15

8 дәріс

Тақырып: Сызу кабинеті. Оқыту процесінің жабдықталуы.

Дәрістің мазмұны:

1. Сызу кабинеті.

2. Оқытудың техникалық құралдары.

3. Көрнекі құралдар.



Дәріс мақсаты: сызу кабинетінің жабдықталуы, оқытудың техникалық құралдары мен көрнекі құралдар, оларды қолдану туралы түсінік.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: оқушылар шығармашылығы, танымдық қызығушылық, графикалық тұрғызулар, талғампаздық, дыбыстық-техникалық оқу құралдары, модельдер, таблицалар, өндірістік сызбалар, аудиовизуальды, диафильмдер мен диапозитивтер.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Сызу кабинеті – сызу сабағымен кластан тыс сабақтарды өткізуге арнайы жабдықталған бөлме. Жалпы білім беретін орта мектептерде типтік жобаға сәйкес сызу кабинетінің көлемі 58 – 80м2 ( шаршы метр) болуы керек. Көбіне сызу кабинеті бейнелдеу өнері кабинетімен бірге болады, сол себепті арнайы мектеп жиһазын таңдауға ерекше талап қойылады. Мектеп жиһаздары: стол, отырғыш, класс тақтасы, сызба столы, шкафтар, мектептер мен оқу құралдарын қоюға арналған сөрелер. Жиһаздардың конструкциясы, өлшемдері және класта орналасуы оқушылардың бір-біріне кедергі келтірмей, еркін тұрып-отыруына, құралдарын қоюға қолайлы болуы тиіс, ал мұғалім - әр оқушыға жақынырақ келіп, көмектесуіне, көрнекіліктерді көрсете алатын болуы керек. Класс интерьріндегі әрбір элемент баланың психикасына әсерін тигізетіндіктен, қоршаған ортаны танып, әдемілік пен талғампаздыққа үйретуімен қатар, оқу процесіне тез икемделуіне септігін тигізуі керек.

Кабинеттің алдыңғы қабырғасына тақта, жәшіктер (таблица, құралдар салуға арналған) орналасуы керек. Тақта түсі қоңыр немесе қара-жасыл түс.

Сызу кабинетінің жабдықталуында мұғалімнің жұмыс орнының да маңызы бар. Оқытушы столы оқушылар столдарынан биігірек орналасуы мүмкін. Мұғалімнің жұмыс орнына қойылатын талаптар: сабаққа қажетті материалдардың қол астында тұруы; оқытудың техникалық құралдарының дайын тұруы; оқушылардың жұмыс орнының тегіс көрінуі.

Сызу кабинеті барлық көрнекі құралдарымен, сонын ішінде модельдер, таблицалар, өндірістік сызбалар, оқулықтар, анықтама құралдары, кинофильмдер, диафильмдер, карточка- тапсырмалармен жабдықталуы керек.

Нәрселердің әр түрлі кескіндері, өндірістік объектілер, оқу процесінде қолданылатын арнайы дайындалған модельдер – көрнекі құралдар тобын құрайды. Экрандық дыбыстық-техникалық оқу құралдары мен оларды көрсетуге арналған қондырғылар оқытудың техникалық құралдары тобын құрайды.

Оқу құралдары қолданылу аясына қарай кластағы фронталь жұмысқа арналған (таблицалар, модельдер, кино, диафильмдер, т.б) және оқушылардың өздік, кластан тыс жұмыс жасауына арналған (оқулықтар, анықтамалар, тапсырмалар жинағы, таратуға арналған дидактикалық материалдар, т.б) болып бөлінеді.

Сызу кабинеті құралдармен, жабдықтаумен қатар, эстетикалық талаптарға сәйкес безендірілуі тиіс. Басты көңіл кабинеттің қабырғаларының түсіне бөлінуі керек. Ашық жасыл, ақшылт сұр түстер адам көзіне жақсы әсер етеді. Қабырға түсі жиһаздар мен стендтер түсіне сәйкес болуы керек.

Тақырыптық стендтер бүйір қабырғада орналасады. Стенд биіктігі бір метрден аспауы тиіс. Тақтаның сол және оң жағында екі планшет; бірі – «Бүгін сабақта» деген тақырыппен, екіншісі – оқушуларға сызуға оқу барысында қажетті ақпараттар (негізгі жазу, өлшемдерімен, сызба шрифтілері, шартты белгілер т.с.с ) жазылуы керек.

Оқытудың техникалық құралдарын оқу процесінде дұрыс пайдалану оқушылардың білімін тереңдете түседі.

О.т.қ – техникалық қондырғылар (проекциялық, кинопроекциялық аппаратура), сонымен қатар олармен көрсетуге арналған дидактикалық материалдар.О.т.қ ақпараттық, бақылау және үйрететін болып бөлінеді.

Ақпараттық техникалық құралдар оқушыларды сызуға оқытуда кеңінен қолданылады. Бұлар дыбыстық және көруге арналған (зрительные) болып бөлінеді. Оқу ақпараттардың қабылдаудың ең қолайлы тәсілі естіп көру болып табылады. (аудиовизуальды), кез-келген кескін түсіндірумен қоса жүреді, ал оқу материалын сызбалар, схемалармен иллюстрацияларсыз түсіндіру мүмкін емес.

Визуальды және аудиовизуальды техникалық құралдар олардың көмегімен көрсетілетін кескіндер типіне қарай статикалық және динамикалық проекция құралдары болып бөлінеді. Статикалық проекция құралдарына эпипроекция және диапроекция жатады.

Эпипроекция – иллюстрация беті арқылы жарық ағымының шағылу нәтижесінде алынған экрандағы кескін, ал диапроекция – мөлдір пленка бетіне салынған проекциаланатын объекті кескіні арқылы өткен жарық ағымы нәтижесінде алынған кескін. Осындай қасиеттері бар техникалық құралдар атына сәйкес эпипроекторлар және диапрокторлар деп аталады. Осы аппаратуралар ерекшеліктері қатар кездесетін техникалық құралдар эпидиаскоп деп аталады, олар экранға диапозитивтерді проекциалаумен бірге, қағазға орындалған иллюстрацияларды да проекциялауға мүскіндік береді.

Оқу киносы және телевидение оқытудың динамикалық ақпарат құралдарына жатады. Әртүрлі динамикалық процестер (диафильмдер мен диапозитивтер арқылы көрсету мүмкін болмайтын) көрнекі кинофильмдер көмегімен түсіндірілуі мүмкін. Мұндай жағдайда демонстрация қараңғыланған аудиторияда өтетіндіктен мұғалім фильм жүріп жатқанда ауызша қосымша материалдармен толықтыра алмайтындығын ескеруі керек.

Бақылаушы техникалық құралдар оқушылар шығармашылығын ағымдағы, тақырыптық және қорытынды бақылау жасауға арналған. Бағдарламаланған бақылау машиналары берілген бірнеше жауаптың дұрысын табуға ыңғайлы.

Оқу процесінде техникалық құралдарды көрнекі құралдармен дұрыс байланыстыра қолдану қажет.

Көрнекі құралдар мұғалім сөзіне сәйкес қолданылады.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет