«Мәдениет және өнер институты»



бет5/9
Дата25.08.2017
өлшемі1,46 Mb.
#26753
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Әдебиет: 1.Методика обучения черчению. Под ред. Е.А. Василенко. М., Просв,1990 Стр.71-79

2. Дембинский С.И. Методика преподавания черчения в общеобразовательной школе. М., Просв., 1977.Стр.112-143.

3. Ботвинников А.Д. Основы методики обучения черчения. М., Пров.,1966 г. Стр. 417-427.
9 апта

Кредит сағат 17.

9 дәріс

Тақырып: Сызудан оқу жұмыстарын жоспарлау.

Дәрістің мазмұны:


  1. Мұғалімнің сабаққа әзірленуі.

  2. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.

  3. Сабақ конспектісі.

Дәріс мақсаты: Оқу жұмыстарын жоспарлап, жылдық күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды үйрету. Күнделікті сабаққа әзірлену әдістемесімен таныстыру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: күнтезбелік-тақырыптық жоспар, сабақ конспектісі, зерттеу, озық тәжірибе, : мәтінді, иллюстрацияланған және аралас жоспарлар.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Графикалық терең білімді меңгеру мен шеберлігімен дағдыны қалыптастыруда оқушылардың шығармашылығын ұйымдастыру сызу пәні мұғалімнің еншісінде.

Оқу жұмысының әсерлі де ырғақты болуы,бағдарламаның сапалы орындалуы,оқушыларды терең де мағыналы білімді оқыту жүйесін дұрыс жоспарлауға байланысты.Мұғалім күнтізбелік-тақырыптық және сабақ жоспарларын жасай отырып, өз шығармашылығын жоспарлай алады.

Пәнді оқытуға арналған оқу жоспарындағы апталық сағаттар санына қарай, бағдарламадағы барлық тақырыптарды оқытуға күнтізбеге сәйкес мерзім күнтізбелік-тақырыптық жоспарда көрсетіледі.

Мұндай жоспар бағдарламадағы жекелеген тараулардың өтілуін қадағалап отыруға көмектеседі.

Мұғалім күнтезбелік-тақырыптық жоспар жасамас бұрын арнайы және әдістемелік әдебиеттерді зерттеп, сызу бағдарламасының мазмұнымен, талаптарымен,түсіндірме жазбалармен, сызу оқулығы мен ұстаздардың тәжірибелерімен әбден танысуы керек.Сонымен қатар басқа пәндердің де бағдарламаларымен танысқан жөн.

Міне, осыдан кейін оқытудың дидактикалық принциптеріне негізделген, жүйелі мазмұндалған оқу материалынан тұратын күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасауға болады.

Мұғалім жұмысының және әр пәннің арнайы ерекшеліктеріне байланысты күнтізбелік-тақырыптық жоспар формасы әр түрлі болып келеді: мәтінді, иллюстрацияланған және аралас (мәтінді және иллюстрацияланған жоспарлар элементтері сәйкестендірілген). Аталған жоспарлар формасының өзіне тән құбылмалы болады.Мәтінді жоспарлаудың қарапайым нұсқасының мазмұны: реттік саны, өтетін күні және сабақ тақырыбы. Бұдан өзге мәтінді материал мазмұны мынадай бөлімдерден тұрады: оқу-тәрбиелік және дамыту мақсаттары;сабақ түрі және жабдықталуы; тіректік (қосымша, опорные) білім;практикалық жұмыс сипаты;үй жұмысы;оқушылардың сабақ барысында алатын білімдерінің, шеберлігі мен дағдысының деңгейі, ж.б.





Р/с

Тақырыптың аталуы

Сабақтың мақсаты:

а)оқыту;


б)тәрбиелік;

в)дамыту;



Сабақтың теориялық бөлімінің қысқаша мазмұны

Сабақтың жабдықталуы

Сабақтың практикалық жұмысы

Үй жұмысы





















Мәтінді жоспарлардан өзгеше күнтізбелік-тақырыптық жоспар болады. Мұндай жоспарлау тапсырмалардың графикалық құрамын айқындауға, практикалық және графикалық жұмыстар көлемін біртіндеп күрделеңдіруді қарастыра отырып, оқыту объектісі болып отырған бөлшектің пішінін анықтауға мүмкіндік береді. Дегенмен иллюстрациланған жоспарда сабақтың мазмұны,үй жұмысының мазмұны мен көлемі тағы сол сияқты ашып көрсетілмей қалады.

Оқу процесінің логикасы мен мазмұнын ашып көрсетудің ұтымды формасы ретінде мәтінді және иллюстрацияланған жоспарлаудың қасиеттерін біріктіріп тұрған аралас немесе (қосарланған) сәйкестендірілген күнтізбелік-тақырыптық жоспар болып табылады. Жоспарлаудың бұл формасының кемшілігі оны жасауға кететін уақыт шығыны.

Сабақты жоспарлау күнтізбелік-тақырыптық жоспар негізінде жүзеге асады және ол жекелеген сабақты өткізуді жоспарлау болып табылады. Сабақ жоспары еркін формада жасалады, бірақ мынадай міндетті элеметтер орын алуы тиіс:

Сабақтың өтілетін күні және оның күнтізбелік-тақырыптық жоспардағы реттік номері; сабақ тақырыбы; оқыту мақсаттары; оқушыларды тәрбиелеу және ой-өрісін дамыту; жабдықтар сабақты өткізуге қажетті; сынып тақтасының безендірілуі; кезеңдерге уақыты шамамен бөліп көрсеткен сабақ құрылымы; оқу материалының мазмұны (сабақ барысы); үй жұмысы.

Мұғалім оқу жоспарын өзі жасап, әдістемелік оқулықтармен құралдарды пайдалана отырып тәжірибе жинақтап, толықтырып отыруы керек.

Әдістемелік жағынан толығырақ , дәлірек жасалған оқу жоспары бойынша өткізілген сабақтың нәтижесі де жемісті болады.

Әдебиет: 1. Василенко Е.А. и др. Методика обучения черчению. М., Просв., 1990. Стр.59-65.

2. Дембинский С.И. Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просв., 1977.Стр.76-94.

3. Ботвинников А.Д. Основы методики обучения черчению. М., Просв., 1966. Стр. 388-395.

4. Ройтман И.А., Эйдельс Л.М. Методика преподавания черчения. М.,Просв.,1983. Стр. 71-76.


10 апта

Кредит сағат 19.

10 дәріс

Тақырып: Сызудан сабақ типтері мен құрылымы.

Дәрістің мазмұны:

1. Жаңа материалды оқыту сабағының құрылымы.

2. Қайталау және бекіту сабақтарының құрылымы.

3. Оқушылыардың шеберлігі мен дағдысын бекіту сабағы.

4. Бақылау сабағы.

5. Аралас типтегі сабақ.

6. Проблемалық сабақ.

Дәріс мақсаты: Жалпы білім беретін мектептердегі сабақ түрлері, оларды өткізу әдістемесін талқылау.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: Әр түрлі типтегі сызу сабағының құрылымы, жүйелеу және өзектеу, гипотеза, дидактикалық, тәрбиелік, психологиялық, гигиеналық.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Әрбір сабақ белгілі оъбективті элементтерден құрылады, бір жағынан сан алуан тұрлілігімен, екінші жағынан уақыт аралығындағы өзара қарым-қатынаспен ерекшеленеді. Осыған байланысты сабақтың типтері де әр түрлі: 1.Жаңа білімді игерту немесе меңгерту.

2. Өткен материалды бекіту.

3. Оқыущылардың білімін бақылау.

4. Білімді қорыту және жүйелендіру.

5. Аралас типтегі сабақ.

Аталған сабақ типтері сызуды оқыту практикасында кеңінен қолданылады. Жаңа сабақты меңгерту - сабақ типтерінің негізгісі. Мысалы сызу курсының мазмұны, мақсат - міндеттері, сызудың адам өміріндегі маңызы, сызбаның даму тарихы, қазіргі заман өндірісіндегі сызудың ролі тақырыптары осы типтегі сабақтың мысалы болады.

Екінші типі меңгерген білім негізінде өткенді қайталау, жүйелеу және жалпылау, білімді оқушылардың практикалық шығармашылығында қолдану. Бұл тағы да оқушылардың графикалық жұмыстарын жатқызуға болады, сонымен қатар оқу жылының аяғында өткізілетін білімді жалпылау, қайталау сабақтарында жатқызады.

Бақылау сабағы немесе бақылау жұмысын орындау сабағы оқушылар жұмысының нәтежесін, олардың графикалық білімді шеберлікті және дағдыны меңгеру деңгейін бағалау қызіметін атқарады. Сызудың бақылау жұмысы жыл аяғында өткізіледі, бірақ соңғы сабақты өткізуге болмайды, себебі мұғалім оқушы жұмысындағы кемшіліктерді және оларды түзету жолдарын қарастырып, нәтежені жалпылап, жүйелеуге мұмкіндігі болатындай болуы керек.

Аралас типті сабақ сызу пәнін оқытуда жиі қолданылады. Мұндай сабаққа мысал ретінде «өзара перпендикулар үш проекция жазықтығына проекциалау» тақырыбын алуға болады. Мұнда мұғалім оқушылардың жаңа білімді меңгеруге қандай дәрежеде дайын екендігін анықтап, өткен сабақта алған білімдерін қайталап, бекітеді. Жаңа сабақты түсіндіре отырып проекциалық түсініктердің мәнін ашады. Сабақ үстінде орындалатын шағын графикалық тапсырма оқушылардың сызбаларды орындаудағы дағдысын қалыптастырады.

Сабақтың типі оның дидактикалық мақсатымен анықталады. Жаңа материалды игеру сабағының дидактикалық мақсаты жаңа түсініктерді меңгеру болып табылады. Сабақтың әр типіне сәйкес құрылымы болады. Сабақ құрылымы дегеніміз - оқушылардың білімін, тәрбиесін және дамуын қамтамасыз ететін сабақ элементтерінің реті. Сабақ құрылымына әсер ететін факторлар: сабақтың мақсат міндеттері; оқу материялының мазмұны мен көлемі және тағы басқалар.Сабақтың негізгі құрылымының элементтері педагогикалық әдебиеттерде былай аталады: ұйымдастыру бөлімі, ұйымдастыру жұмысын тексеру, оқушылар білімін тексеру, жаңа сабақты түсіндіру, өткенді бекіту, үй жұмысы сабакты аяқтау.

Әр түрлі типтегі сызу сабағының құрылымы:

Жаңа материалды меңгеру сабағы.


  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Тақырыптың, сабақтың мақсат міндетін айту оқушылардың оқу қызіметінің мотиватциасы

  3. Жаң материялдарды түсіндіру

  4. Білімді жалпылау және бекіту

  5. Үй жұмысы

  6. Қорытынды алу.

Білімді қайталау және бекіту сабағы.

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Тақырыптың, сабақтың мақсат міндетін айту оқушылардың оқу қызіметінің мотиватциасы

  3. Білімді жалпылау, жүйелеу және өзектеу

  4. Графикалық есептер шығару.

  5. Үй жұмысы

  6. Қорытынды алу.

Шеберлігі мен дағдысын бекіту сабағы

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Тақырыптың, сабақтың мақсат - міндетін айту оқушылардың оқу қызіметінің мотиватциясы

  3. Графикалық жұмыстардың мазмұнымен таныстыру.

  4. Тапсырманы орындауға қажетті ережелер, негізгі теориялық жағдайларды қайталау

  5. Өзін-өзі басқару және графикалық жұмысты орындау, жоспарын талқылау.

  6. Өз бетінше жұмыс, жекелеген көмек.

  7. Қорытынды.

Бақылау сабағы.

1. Ұйымдастыру бөлімі

2.Тақырыптың, сабақтың мақсат міндетін айту оқушылардың оқу қызіметінің мотиватциасы.

3. Тапсырманы түсіндіру, оқушылар сабақтарына жауап.

4. Оқушы тапсырманы орындау.

5. Тапсырмаларды талқылау.

6. Сабақ аяқталды.

Аралас сабақ.

1. Ұйымдастыру бөлімі

2. Тақырыптың, сабақтың мақсат міндетін айту оқушылардың оқу қызіметінің мотиватциасы.

3. Оқушылар білімін тексеру.

4. Жаңа сабақ түсіндіру.

5. Білімді бекіту.

6. Өтілген тақырыпқа есеп шығару.

7. Қорытынды.

8. Үй жұмысы.

Оқушыларды шығармашылық қабілетін(арттыру) мақсатында проблемалық сабақ өткізуге болады.

1.Ұйымдастыру бөлімі.

2.Проблема туындату, гипотеза және оны шешу жолдары.

3.Проблеманы шешудің проктикалық ізденістері.

4.Нәтижені талқылау.

5.Мұғалім комминтарий және жалпылау.

6.Жаңа материал бойынша есептер шығару.

7.Үй жұмысы.

8.Сабақ аяқталды.

Сызу сабағына қойылатын белгілі талаптар болады. Ыңғайлы болу үшін оларды 4 топқа бөлеміз: дидактикалық, тәрбиелік, психологиялық, гигиеналық.

Оқу – тәрбие процесінде бұл талаптар өзара тығыз байланысты.

Дидактикалық: сабақты дұрыс ұйымдастыру, сабақтың әрбір минутын ұтымды пайдалану, сабақтың мақсаты мен міндетін қою, сабақта жұмыс жоспарын хабарлау;

Сабақ соңындағы оқушылардың білім, шеберлік, дағды деңгейін тұспалдау; оқыту құралдары, ұтымды әдіс-тәсілдері мен формалары;

Сабақтың әрбір кезеңінде оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, бақылау және марапаттау, пән аралық байланыс;

Жалпы дидактикалық принциптерді сақтау және жүзеге асырып отыру.

Тәрбиелік: өндірісте табысты еңбек ету үшін графикалық білімнің қажеттілігін сезіну, оқушылардың талғамын қалыптастыру, шығармашылыққа, құрастыруға қабілетін қалыптастыру. Өз бетінше жұмыс жасауды шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру;

Психиологиялық: педагогикалық практикада әр оқушының жеке психиологиялық ерекшкліктерін, даму деңгейін жан-жақты зерттеп, есептеп отыру(ойлау қабілеті, есте сақтау, зерде, елестету, қабылдау, әсер т.б.);

Мұғалімнің сабақ үстіндегі көңіл күйін бақылауы, басқаруы, яғни оқушылардың білім алу нәтижесіне кері әсерін тигізбеу керек;

Педагогикалық такт, балаларға деген сый – құрмет, педагог әділдігі мен кішіпейілділігі, талап ете білу үйлесімділігі.

Гигиеналық: жарық нормаларын сақтау; ақыл-ой мен физикалық қажу, шаршау, оның алдын алу(яғни, оқу жұмысының біртектілігі, мазмұндаудағы бір ырғақтылықты болдырмау, теориялық және графикалық жұмыстарды алма кезек орындау).



Әдебиет: 1. Василенко Е.А. и др. Методика обучения черчению. М., Просв., 1990. Стр.59-65.

2. Ботвинников А.Д. Основы методики обучения черчению. М., Просв., 1966. Стр. 388-395.

3. Дембинский С.И. Кузьменко В.И. Методика преподавания черчения в общеобразовательной школе. М., Просв., 1977.Стр.73-74

4. Ройтман И.А., Эйдельс Л.М. Методика преподавания черчения. М., Просв., 1983.Стр. 106-110.

5.Черчение. Пособие для студентов пединститутов. Под ред. А.В. Буровцева. М., Учиздат, 1967г. Стр.83-86.

11 апта

Кредит сағат 21.

11 дәріс

Тақырып: Сызу пәнін оқытудың әдістері.

Дәрістің мазмұны:


  1. Әңгімелеу.

  2. Түсіндіру.

  3. Сұхбат.

  4. Дәріс.

  5. Бағдарлау.

  6. Модельдеу және құрастыру.

Дәріс мақсаты: пәнді оқыту әдістерімен, олардың ерекшелігімен таныстыру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: түпнұсқа, типтік, стандарт, бағдар, модель, құрастыру.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Оқытудың қай әдісі болмасын оқушы мен мұғалім шығармашылығының өзара байланысы нәтижесінде нақты оқу және тәрбиелік мақсатқа жеткізетін.

Оқыту әдістері екі белгімен сипатталады. Біріншіден, әдіс оқушыларға жаңа білім беруде, дамытуда немесе тексеруде оқыту мақсатына жеткізетіндей болу керек. Екіншіден, Оқыту әдісінде мұғалім мен оқушының екі жақты келісілген қызметі болуы керек.

Сызу пәні мектептегі басқа пәндерге қарағанда ерекше, өзгеше болып келеді. Сол себепті сызуды оқыту әдістері де басқа пәндерді оқыту әдістерінен ерекшеленеді. Дей тұрғанмен сызуда қолданылатын жекелеген әдістер жалпы оқыту әдістерінің өзгертілген түрі болып табылады, солардың кейбіреуін қарастырамыз.

Әңгімелеу – мұғалімнің оқу материалын мазмұндаудың хабарламалы формасы. Ол көбіне жаңа тақырыпты түсіндіруде қолданылады және әртүрлі көрнекі құралдарды көрсетумен сүйемелденеді.

Мұғалім әңгімелей отырып, оқушылардың өткен тақырыптан алған мағлұматтарына сүйеніп, жаңа тақырыппен байланыстырады. Мысалы, бөлшектің техникалық суретін орындауда әңгімелеуде оны тұрғызу негізі аксонометриялық проекциялар екендігін естеріне салады.

Түсіндіру – тақырыптағы түсініктердің мәні мен маңызын ретімен түсіндіру болып табылады. Оқушыларды сызу курсының күрделі сұрақтары мен тақырыптарымен таныстыруда қолданылады.

Әдебиет: 1. Василенко Е.А. и др. Методика обучения черчению. М., Просв., 1990. Стр.31-34.

2. Дембинский С.И. Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просв., 1977.Стр.96-107.

3. Ботвинников А.Д. Основы методики обучения черчению. М., Просв., 1966. Стр. 318-337.

4. Ботвинников А.Д. Вышенепольский И.С. Черчение в средней школе. М., Просв., 1989. Стр. 81-85.

5. Эйдельс Л.М. Дерябин А.С.Методика преподавания черчения. М., Просв., 1968.
12 апта

Кредит сағат 23.

12 дәріс

Тақырып: «Басты көріністі таңдау» тақырыбын оқыту әдістемесі.

Дәрістің мазмұны:

1. Проекциялар туралы түсінік.

2. Басты көріністі таңдау.

3. Өзара перпендикуляр екі және үш проекция жазықтығына проекциялау.



Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау ережелерін, көріністер туралы жалпы түсінік, өзара перпендикуляр екі және үш проекция жазықтығына проекциялауды орындаудың кезеңдерін үйрету.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: бұрыштар, остік сызықтар, координаттар жүйесі, проекция, перпендикуляр.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

1) Көріністер туралы жалпы түсінік

Нәрсе кескінін сызбада тік бұрыштап проекциялау әдісімен алады. Проекцияның негізгі жазықтықтары етіп кубтың алты қабырғасын алады. Нәрсе бетінің қараушыға көрінетін бетін көріністер деп атаймыз. Кескіндер санын азайту үшін сызбада нәрсе бөлігінің көрінбейтін жерлерін үзік сызықтармен көрсетуге болады.



2) Басты көріністі таңдау.

Нәрсені негізгі алты проекция жазықтығына проекциялау арқылы шыққан көріністер негізгі деп аталады. Олардың атаулары: алдыңғы, үстіңгі, сол жағынан, оң жағынан, астынан, артынан қараған көріністер. Сызбада фронталь проекция жазықтығындағы кескін басты көрініс болып есептеледі. Нәрсенің пішіні мен өлшемі жағынан көп мағұлмат беретіндей етіп, фронталь проекция жазығына параллель орналастырады.



3) Қосымша көріністер

Бөлшекті немесе оның бір бөлігін негізгі проекция жазықтықтарына параллель емес жазықтыққа проекциялау арқылы алынған көрініс қосымша көрініс деп аталады. Қосымша көрініс негізгі көрініспен проекциялық байланыста орындалса, оның үстіне жазып белгілемейміз, керісінше жағыдайда үстіне жазамыз да, кескіннен қарау бағытын бағыттамамен көрсетіп, әріппен белгілейміз.



4) Жергілікті көріністер

Бөлшектің жекелеген, шектеулі бөлігінің кескіні жергілікті көрініс деп аталады. Берілген көріністерде бұйымның қандай да бір бөлігінің пішінін көрсету мүмкін болмаған жағдайда жергілікті көріністер қолданылады.



Әдебиет: 1.Методика обучения черчению. Под. ред. Е.А. Василенко М., Просв., 1990.Стр.102-115.

2. Дембинский С.И. Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просв.,1977.Стр. 196-206.

3. Есмухан Ж.М.Сызу. 9кл.Алматы, Мектеп, 2005. Стр.88-94.

4. Есмухан Ж.М. Сызу. 9кл. Әдістемелік нұсқаулар. Алматы, Мектеп. 2005.Стр.50-55.



13 апта

Кредит сағат 25.

13 дәріс

Тақырып: Оқушылар үлгерімін есептеу.

Дәрістің мазмұны:

Сұрақ- жауап әдістері: жеке, фронталь және аралас.



Дәріс мақсаты: оқушылардың сабақ үлгерімін есептеп, бағалау туралы түсінік беру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: цилиндрлік, конустық, червяктік, түзу тісті, қиғаш тісті, рейкалы.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Қозғалысты бір механизмнен екінші механизмге жеткізу үшін керекті тетікбөлшектер жиынын беріліс деп атайды.



Тісті берілістер бөлшектерінің шартты кескіндері.

Тісті дөңгелектің негізгі ерекшелігі – оның тістері. Тістер санын z әрпімен белгілейді. Тісті екі бөлікке бөледі: тістің жүзі және түбі. Тісті дөңгелекті орап тұратын цилиндр жүргізсек, ол цилиндр тістерді дөңестері деп аталатын беттері бойынша жанайды. Тістердің түбі арқылы өтетін шеңбер диаметрін ойықтар диаметрі деп атаймыз. Тісті дөңгелектің негізгі параметрін модуль деп атайды. Модуль миллиметрмен өлшенеді және оның мәні есептелген.



Механикалық берілістердің түрлері.

Механикалық берілістердің түрлері: қайысты, шынжырлы, үйкелісті және тісті берілістер.

Тісті берілістер классификациясы:

1) қозғалыстағы бөлшектер остерінің өзара орналасуына қарай: параллель, қиылысқан және айқас ості берілістер.

2) тісті дөңгелектердің бір-біріне қатысты орналасуына қарай: цилиндрлік тісті берілістерде іштей және сырттай ілінісу берілістері.

3) тіс сызықтарының сипатына қарай: түзу тісті, қиғаш тісті, қисық сызықты винттік, спираль тісті берілістер.



Әдебиет: 1. Методика обучения черчению. Под ред. Е.А. Василенко. М., Просв., 1990. Стр. 68-71.

2. Основы методики обучения черчению. Под ред. Ботвинникова А.Д.М., Просв., 1966. Стр. 337-343.

3. Ройтман И.А. , Эйдельс Л.М. Методика преподавания черчения М., Просв., 1983. Стр. 71-76.
14 апта

Кредит сағат 27.

14 дәріс

Тақырып: Сызудан факультативтік сабақтар және олардың өткізілу әдістемесі.

Дәрістің мазмұны:

1. Факультативтік сабаққа топтар құру формасы.

2. Факультативтік сабақтар өткізу жиілігі.

3. Білімді бағалау жүйесі.



Дәріс мақсаты: сызудан факультативтік сабақтар және олардың өткізілу әдістемесін үйрету.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: факультатив, графикалық тапсырмалар, бағалау жүйесі т.б.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Бұйымдардың құрастыру сызбалары. Бұйымдарды жасау үшін олардың жобаларын есептейді, тексереді және бекітеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бұйымның конструкторлық құжаттары дайындалады. Құрастырылған бұйымды оның құрамына енетін тетікбөлшектерді және құрастырылған кішірек бұйымдарды бірін- біріне біріктірудің нәтижесінде алады. Машиналардың немесе басқа бұйымдардың кескіндері және оларды құрастыруға, тексеруге қажетті мәліметтер көрсетілген конструкторлық құжаттарды құрастыру сызбалары деп атайды.

1) Құрастыру сызбаларында қолданылатын шарттылықтар мен ықшамдаулар.

Құрастыру сызбаларында тетікбөлшектерді ықшамдап, шартты түрде кескіндеу кең түрде қолданылады. Машина тетікбөлшектерінің ұсақ дөңестері мен ойықтары, фаскалары, галтельдері, саңылаулары көрсетілмейді.

Құрастыру сызбаларында подшипниктерді шартты белгілермен ықшамдап көрсетуге болады. Шартты белгіде подшипниктің контуры жуан негізгі сызықпен, ал оның ішінде тұтас жіңішке сызықпен диагональдары жүргізіледі.

2) Бұйымның құрам бөліктерінің реттік номерлерін сызбаға енгізу.

Құрастырылған бұйымға кіретін тетікбөлшектерді нөмірлейді. Оларды тіркеу ретінің нөмірлері деп атайды да, шығару сызықтарының сатыларына жазады, ал шығару сызықтарының тетікбөлшек кескіндеріне барып тірелген ұшына нүкте қойылады.

Әдебиет: 1. Методика обучения черчению. Под ред.Е.А.Василенко.

М., Просв.,1990. Стр. 79-85.

2. Дембинский С.И., Кузьменко В.И. Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просв., 1977.Стр. 300-30

3. Основы методики обучения черчению. Подред. Ботвинников А.Д. М.,Просв., 1956. Стр.497-502.

4. Виноградов В.Н. Методика факультативных занятий по черчению. М., Просв., 1978.
15 апта

Кредит сағат 29.

15 дәріс

Тақырып: Сызу пәнінен сыныптан тыс жұмыстар.

Дәрістің мазмұны:

1. Сызу үйірмесі.

2. Тақырыптық кештер.

3. Сызудан олимпиадалар.

4. Экскурсиялар.

Дәріс мақсаты: сызу пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың жоспарларын жасау мысалдарын келтіру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: тақырыптық кештер, экскурсиялар, олимпиадалар т.б.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Құрылыс сызбалары. Зауыттарды, фабрикаларды, жолдарды, әлеуметтік құрылыстарды (мектеп, театр, аурухана, бала бақша т.б.) және тұрғын үйлерді олардың жобалары бойынша тұрғызады.

1) Құрылыс сызбалары туралы жалпы мәлімет. Жобалау нәтижесінде жоғарыда аталған құрылыстардың кескіндері мен өлшемдері қағаз бетіне түсіріледі, яғни құрылыс сызбалары салынады. Мазмұнына қарай құрылыс сызбалары үш топқа бөлінеді: архитектуралық-құрылыс – тұрғын үйлер, қоғамдық және өндірістік ғимараттар;

инженерлік-құрылыс – жолдар, көпірлер, плотиналар, туннель, каналдар;

топографиялық – жер бетінің және оның үстіндегі жер бедері, табиғи және жасанды объектілер кескіні.

2) Құрылыс құжаттарының түрлері. Құрылыстағы техникалық құжаттар: техникалық жоба, жұмыс сызбалары. Техникалық жоба құрамына қасбет, план, тілік сметалық финанстық есеп, түсіндірме жазбасы, құрылыс конструкциясы мен инженерлік жабдықтар кіреді.

Бекітілген техникалық жоба негізінде бас план мен жұмыс сызбалары жасалады. Жұмыс сызбалары екі түрге бөлінеді: жалпы архитектуралық құрылыс және бөлшектеу.

3) Құрылыс сызбаларын оқу. Құрылыс сызбаларын оқу оның масштабын анықтаудан басталады. Планда кескінделген объектілерді, олардың өзара орналасуы, жолдар, өткелдер, көгалдандырулар т.б. анықталады. Құрылыстан толық мағұлмат алу үшін жұмыс сызбасын оқуға көшеді.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет