МӘдениетаралық коммуникация теориясы мен практикасы



бет1/8
Дата05.01.2017
өлшемі1,86 Mb.
#6381
  1   2   3   4   5   6   7   8
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

МӘдениетаралық коммуникация теориясы мен практикасы
Аударма ісі студенттеріне арналған

оқу-әдістемелік құралы

Павлодар

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Филология, журналистика және өнер факультеті
Аударма ісі теориясы мен практикасы кафедрасы

МӘдениетаралық коммуникация теориясы мен практикасы
Аударма ісі мамандықтарының студенттеріне арналған

оқу-әдістемелік құралы

Павлодар

Кереку


2009

УДК 81` 27 (075.8)

ББК 81.2 - 923

П69
Баспаға С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың филология, журналистика және өнер факультетінің оқу-әдістемелік кенесімен ұсыналды



Пікірсарапшылар:

Б.Сағындықұлы - филология ғылымдарының докторы, профессор;

О.Қ. Жармакин - филология ғылымдарының доценты.
Құрастырушылар: Р.А. Омарова, Г.З. Жанзакова

П69 Мәдениетаралық қатынас теориясы мен практикасы : Аударма

ісі мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік

құралы / құраст. Р.А. Омарова, Г.З. Жанзакова. – Павлодар :

Кереку, 2009. – 119 б.

Қазіргі заман сұранысы дүниеге мәдениетаралық коммуникация сияқты қоғамдық феномен әкелді. Мәдени құндылықтырдың тең құқықтығы, кез келген мәдениеттің бірегейлігі басқа мәдениеттің нормаларына, құндылықтары мен мінез-құлық типтерін құрметтеуді талап етеді. Осының бәрі әр халықтың мәдениетіне оң көзқарасты қажет етіп, мәдениеттің ішкі дүниесін түсінуге құлшынысты қалыптастырады.

Құрастырушылар оқу құралының мәдениетаралық біліктілікті қалыптастыру проблемасы қызықтыратын баршаға пайдалы болатынына үміттеніп, мәдениетаралық коммуникацияда табыс тілейді.

УДК 81` 27 (075.8)

ББК 81.2 - 923

© Омарова Р.А., Жанзакова Г.З., 2009

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2009

Кіріспе
Адамзаттың мәдени және этникалық сан алуандығы пайда болғанына қанша уақыт өтсе, содан бері бөтен мәдениет пен оның өкілдерін түсінуге, мәдени айырмашылықтар мен ұқсастықтарды ажыратуға талпыныс жасалуда.

Жаһандандыру үрдісі елдер мен континенттердің, халықтар мен этникалық топтардың арасындағы мәдени, саяси және идеологиялық шекараларды біртіңдеп жоюда. Араласу мен байланыстың қазіргі құралдары, интернет әлемді қымтай алғаны соншалық, елдер мен континенттердің, халықтар мен мәдениеттер өзара араласуға мәжбүр.

Қазіргі адам баласының мәдени көп алаундылығы өсуде. Оны құрайтын халықтар өз тұтастығы мен мәдени қалпын сақтап қалуға көптеген шаралар жасауда.

Адамдар бір - бірінен елеулі айырмашылықтары бар басқа мәдениет өкілдерімен араласып, құраласады. Тілдегі, ұлттық тағамдағы, киім киюдегі, әдет ғұрыптағы, атқарылған жұмысқа көзқарастағы айырмашылықтар бұл байланыстарды қиындатып, тіпті мүмкін еместей қылады. Бүгінгі өмір қайшылықтары әртүрлі халықтар мен мәдениеттердің араласуы мен өзара түсінісу проблемасын барынша ыждаһатпен қарауды талап етуде.



1 Мәдениетарлық коммуникация, оның түйінді ұғымдары
1.1 Коммуникативтік қызмет

Бұл бөлімде коммуникация үрдісінде мәдени сәйкессіздікке практикалық талдау жүргізу және олардың туу себептерін анықтау үшін іргелі теориялық негіз болып табылытын базалық терминологиялық аппаратын қарастырамыз. Ең алдымен коммуникация ұғымының өзіне тоқталайық. Коммуникация сөзі латынның соmmunico – ортақ етемін, байланыстырамын, араласамын [1, б.207] сөзінен шыққан. Адамдар қоғамында коммуникация (орыс тілінен басқаларында тәрізді) араласуды, ой, білім, сезім, мінез – құлық әдебімен және басқаларымен бөлісуді білдіреді [2, б.341]. Араласу бірге өмір сүру қажеттілігі тудырған субъектілердің араласып, құраласуы ретінде көрінеді. Араласу үрдісінде қызметтің түрлерімен және нәтижелерімен, идеяларымен, сезімдерімен, ұстанымдарымен және сол сияқтылармен алмасу жүреді. Араласудың өзі социумды ұйымдастырып,адамның өз мінез-құлқын басқалардың іс-әрекетімен, мінезімен үйлестіріп, өмір сүріп, дамуына мүмкіндік береді. Алайда «коммуникация» мен «араласу» барабар ұғым емес, олардың ортақ, сонымен қоса айырықша нышандары бар. Ақпарат алмасу мен беру үрдістеріне қатыстылығы мен ақпарат беру құралы ретінде тілмен байланыс олар үшін ортақ болып табылады. Айрықша нышандары сол ұғымдардың түрлі көлемдері мен мазмұнында. Араласу – серіктестердің өзіне және бірлескен қызметіне қатынасының әрқилы түрлері қалыптасып дамиды.

Рәміздердің (белгілердің), соның ішінде тілдік белгілердің жалпы жүйесінің араласуы арқылы индивидтер арасында белгілер (ақпарат) алмасу дәстүрлері түрде коммуникация деп аталады. Коммуникация - өзара түсінікті мақсат етіп қойған және түрлі құралдардың көмегі арқылы берілетін түрлі сипаттағы және мазмұндағы ақпарат алмасудың әлеуметтік шартты үрдісі [3, б.36].

Коммуникация – ой алмасу, „кейбір ой - мазмұнды тілдің көмегімен хабарлау немесе беру”[4, б.200].

Коммуникацияға не кіреді? Коммуникация құралдары мен арналарынан тыс басқа адамдарды ескерту (жол белгілерімен айғай), басқа адамдарды ақпараттандыру (телемәтін немесе пресс-релиз), әлденені сипаттау (деректі фильм немесе әңгіме), әлденені иландыру („Ақшаны банкте сақтаңыз!” сияқты плакаттар), әлденені түсіндіру (оқулық немесе сынақ жоспары), көңіл көтеру (анекдот немесе көркем фильм) үшін хабар беріледі.

Коммуникация мақсаты – осы. Көбіне бірнеше қызметті бірден (фильм көңілдендіреді, ақпарат береді, сипаттайды, ескертеді, түсіндіреді) атқарады. Адамдар немесе адамдар тобының қажеттілігі коммуникацияға адамдардың зәрулігінің бастапқы себебі болып табылады. Коммуникация мақсаттары тірі қалу, басқа адамдармен ынтымақтастық, жеке мүдде, басқалармен қатынаста болу, өзгелерді әлдебір әрекет жасауға иландыру, өзгелерге билік жүргізу (насихат та осыған кіреді), қоғамдар мен ұйымдарды біріктіру, ақпарат алу мен хабарлау, әлем мен ондағы өз тәжірибемізді сезіну (неге сенеміз, өзім, басқа адамдармен қатынасым туралы ой, ақиқатты қалай түсінемін), шығармашылық бейне мен қиялды тудыру қажеттіліктеріне қызмет етеді. Р.Димбяби мен Г.Бертон қажеттіліктерімізді төрт топқа – жеке, әлеуметтік, экономикалық және шығармашылық деп бөледі [5, б.67].

Коммуникация функциялары талдау мақсатында ғана бөлінеді. Нақты коммуникативті үрдісте, тіпті бөлініп алынған жеке коммуникативтік актіде бірнеше функцияның үйлесуі, соның ішінде біреуінің немесе екеуінің негізгі, анықтаушы болы мүмкін. Қай функцияның жетекші екеніне қарап, коммуникативтік актілердің жіктелуі құрылады.

Коммуникация фунциялары коммуникация моделінен жоғары тұрып, қатысушылары мен элементтеріне „бекітілуі” мүмкін. Р.О. Якобсонның моделінен алты функция туындайды:

1) эмотивті;

2) комативті;

3) референтивті;

4) ақындық;

5) фатикалық;

6) метатілдік.

Осы ұсынған функциялардың әрқайсысы коммуникацияның белгілі бір қатысушысымен немесе элементімен байланысты [6, б. 306–330].

Кейбір зерттеушілер (А.А.Леонтьев, Н.Б.Мечковская және т.б.) сондай-ақ сиқырлық немесе дуалау функциясын, этникалық (халықты біріктіруші) функцияны, биологияляқ функцияны (хайуанаттар коммуникациясы үшін) қосады. [7, б. 89–92].

Басқа зерттеушілер тек негіздерін бөліп, қалғандарын солардың түрі ретінде есептеп, функциялардың санын азайтуды жөн көрді. Мәселен, белгілі психолог және лингвист Карл Бюлер (1879-1963) кез келген сөйлеу актісінде байқалатын тілдің үш функциясын бөліп қарайды: айтушыға қатысты айту (экспрессивті) функциясы, тыңдаушыға қатысты үндеу функциясы, әңгіме тақырыбына қатысты хабарлау (репрезентативтік) функциясы [8, б. 267–268] хабарды жіберуші өзін танытады, алушыға арнайы және коммуникация тақырыбына жеткізеді.

Дәстүрлі түрде бір-бірімен қиылысып жататын тіл мен коммуникацияның екі-үш функциясы бөлінеді. Тіл бірінші кезекте танымдық (когнитивтік) немесе ақпараттық функцияны – идеялардың, ұғымдардың, ойлардың айтылуы мен олардың басқа коммуниканттарға хабарлау қызметін атқарады деп есептелді (тұрмыстық сана бұл пікірді өте жеңіл қабылдайды). Әдетте айрықшаланып тұратын екінші функциясы – бағалау жеке өзінің бағасы мен қатынасын айту, үшіншісі – аффектілік: әсер мен сезімнің берілуі.

Сөйтіп, лингвистердің көпшілігінің пікірінше коммуникативтік, яғни адамдардың аса маңызды қатынас құрал болу – тілдің негізгі және елеулі функциясы. Біздің зерттеуімізде коммуникация жай қатынас құралы емес, түрлі мәдениет иелерінің арасындығы қатынас құралы ретінде қарастырылады, бұл коммуникация үрдісіне культурологиялық көзқарас тұрғысынан қарауды қажет етеді. Сондықтан да А.П.Саходиннің ізімен біз коммуникацияны түрлі сөзді немесе сөзсіз коммуникативтік құралдардың көмегімен түрлі арналар бойынша жеке тұлғалар, сол сияқты бұқаралық қатынста ақпаратты жөнелту мен хабарлаудың, әлеуметтік шартты үрдісі ретінде түсінеміз [9, б. 73–75].

1.2 Тіл мен қоғамның өзара қызметі

Тілді қатынас құралы ретінде қолданатын адамдар (ақпарат беруге және қабылдауға қатысатын адам [10, б.80] бойынша коммуникация үрдісінің жүруі мүмкін емес. Өйткені қоғам – адамдардың өзара қызметінің жемісі, ал араласқанда қоғам мен тілдің өзара қызметі орын алады. Осы ұғымдарды тыңғылықты қарайық.

Тіл шағын адамдар тобынан құралған рудан бастап, әдетте миллион, кей жағдайларда жүз миллиондаған адамнан құралған адамдар қоғамына қызмет көрсетеді. Дамушы қоғамға қызмет көрсетудің барлық кезеңдерінде тіл, табиғи белгі жүйесі ретінде, ішкі заңдарына мойын ұсына отырып, өзінің тұлғасы мен қоғамға қатысты белгілі бір дербестікті сақтайды.

Түрлі қоғамдық формациялардың тілін салыстырғанда жаңа сөзді де, көне сөзді де кездестіреміз, нақтылай айтқанда белгілі дәреже функциясының түрін өзгертіп, бір қоғамдық жағдайдан екіншісіне көшкен элементті де, тек белгілі бір қоғамдық жағдайда, белгілі бір қоғамдық формацияда ғана пайда болып, қолданылған элементті табамыз.

Тілдік қатынасты пайдаланған ру алғашқы әлеуметтік құрылым болып есептеледі. Алайда оны сөздің толық мағынасында тіл немесе оқшауланған диалект деп атауға болмайды, «говор» деген дұрысырақ. Руға «шығу тегі бір (әке немесе шеше жағынан), өздерін есімі мен рудың аты аталған бір кісінің (тарихта болған немесе мифтік) ұрпағымыз деп санайтын қандас туыстардың тобы...» [11, б. 268-269] деген анықтама беріледі. Экзогамияның үстемдік заңы бойынша ру оқшау өмір сүре алмайды, сондықтан адам баласы пайда болғаннан бастап, екі немесе бірнеше ру өзара некелік қатынаста біріккен. Бұл тілге, тілдік құрылымға әсерін тигізді. Рулар тайпа құрады. Тайпа мүшелерінің арасында да қандас туыстық қатынас болған. Тайпа алғашқысында румен бір мезгілде пайда болып, өз аумағымен, бірыңғай тайпалық тілімен немесе диалектімен сипатталады. Тайпаға тайпалық эндогамия, яғни бір тайпаның еркегімен әйелінің некеге отыруы тән. Тілдерінде айырмашылық бар, яғни түрлі диалектерде сөйлеген тайпалар одағы болған. Сондықтан рудың ерекше түрі немесе диалекті болмаған деп есептелінеді. Ерекше диалект, оның үстіне диалект жайлы тайпаға немесе тайпалар одағына қатысты айтуға болады.

Ұлт құрылмастан бұрын ұлыстар адамдар өмірінің әлеуметтік формасы ретінде қоғамдық қатынастардың елеулі дамуын, әлеуметтік, мемлекеттік, өндірістік және басқа күрделі құрылымдарды тудырды.

Тиісінше осындай әлеуметтік құрылымдарға қызмет ететін тілдердің құрылымы мен қоғамдық функциялары күрделенді. Алайда қазіргі, ең алдымен отандық социология мен социолингвистика ұлыстарға құрылу мерзімі, қоғамдық, өндірістік мемлекеттік және өзге қатынастардың сипаты, ұлысты құрайтын адамдарының саны жағынан бір-біріне елеулі айырмасы бар бір адамдар тобын жатқызады. Тиісінше осындай қоғамдық құрылымдардың тілдерінің құрылымы мен атқаратын әлеуметтік функциясы әртүрлі.

Тіл ұлыстың қалыптасу үрдісінде үлкен роль атқарады. Ұлыстар, әдетте, жақын туыс тайпалардың негізінде құрылады. Мысалы, поляк ұлысы полян, вислян, мазовшан және басқа славян тайпаларынан құрылған. Ұлыстардың құрылуына әртүрлі тілді тайпалардың да негіз болуы мүмкін. Мысалы, француз ұлысы галль тайпаларының (франк, весгот, бургун және басқалары) негізінде құрылған. Ұлыстың тілі жасақталғанда сол тайпалардың бірінің диалекті үстем болады да, соның негізінде ұлыстың тілі пайда болады, яғни біртіндеп бүкіл ұлыстың ортақ тіліне айналады. Мысалы, Рим диалекті латын, флоренциялық-итальян, қазан диалекті татар, картмен диалекті грузин тілінің негізін құраған.

Қоғамның алға даму үрдісінде ұлыс тілі белгілі бір тарихи алғы шартта ұлт тіліне айналады. Ұлт ұлыстың жалғасы емес, сандық өсуінің нәтижесі емес. Ұлттың құрылуы жаңа экономикалық, мемлекеттік, саяси, мәдени және өзге қатынастардан туады.

Орталықтандырылған мемлекеттің құрылу үрдісі қоғамның тарихи дамуы тудырған орталықтың көтерілуіне әкеледі. Жаңа өмір жағдайы барлық қоғам мүшелерінің өзара түсінісуін және қызметтің сан алуан салаларының қатынастың бірыңғай құралын қажет етеді. Сондықтан да тілдің тарихи эволюциясындағы жоғарғы форма - ұлттық тілдің қалыптасуы ұлттың қалыптасуының заңды салдары болып табылады.


1.2.1 Тіл функциялары

Жоғарыда тілдің функциясын қарастырдық, бұл бөлімде осы мәселені лингвокультурологиялық тұрғыдан қарастыралық, себебі еңбегімізде түрлі мәдениет, соның ішінде неміс және қазақ мәдениетін иеленушілер арасындағы қатынас үрдісін қарастыру жобаланып отыр.

Неміс тіл маманы К. Бюлердің пікірінше, адамның психикалық қабілеттері – ойлау, сезіну және еркін білдіру тілдің үш функциясын-коммуникативтік (хабарлау) функциясын, қабылдау функциясын және үндеу функциясын тудырған. Бұл функцияларға айтылымның үш типі- баяндау, лепті және сезімді оятушы сәйкес келеді. [12, б.65-66].

Е.М. Верещагин мен В.Г. Костомаров төмендегі функцияларды бөліп қарайды:

Коммуникативтік функция – тілдің қатынас құралы болу үлесі.

Лингвистика тарихында коммуникативтік функцияның екінші қатарға ысырылған кездері де болған. Мысалы, қазіргі заманғы тіл білімінің негізін қалаушы В.Гумбольдт үшін тіл «адамдардың қоғамдағы сыртқы қатынас құралы» ретінде емес, «олардың (адамдардың) рухани күшінің дамуы мен дүниетанымының қалыптасуының» аспабы, әлемді тану кұралы ретінде шыққан. Демек, Гумбольдт гносиологияны, танымды тілдің жетекшісі функциясы деп есептеген.

Тілдің гносиологиялық функциясы бір текті емес, кезегінде бір-бірімен байланысты болғанымен айрықшаланатын екі-дискурсивті және кумулятивті (шағын) функцияға бөлінеді. Қос функция дүниені танудың екі жоспарын көрсетеді.

Дискурсивтық (дискурсивты – қисынды) функция адамның танымдық қызметінің процессуальдық жоспарына, яғни ой мен тілге, тілдің ойға әсеріне, ой мен тілдің бірлігіне, ой тілге әсеріне сәйкес келеді.

Кумулятивты (жинақтаушы) функция танымның статикалық жоспарына, яғни ойлауды мүмкін ететін санаға сәйкес келеді. Кумулятивты функция – адамның қол жеткізген ақиқаты туралы ақпараттың тілдік бірліктерде жаңғыруы, тіркелуі мен сақталуы. [13, б. 6-7].

Сөйтіп, бір жағынан тіл–қоғамдық құбылыс, әлеуметтік тұрғыдан бүкіл сөйлеушілерге, барлық этнолингвистикалық, мәдени-тілдік қауымға тән дүние туралы ақпаратты сақтаушы, екінші жағынан әркімнің игілігі болғандықтан, адам меңгерген тіл дара.


1.3 Тіл және мәдениет

Мәдениетаралық коммуникация екі құрамдастастан – тіл мен мәдениеттен тұрады. Зерттеуіміздің тұрғысына мәдениетаралық коммуникация терминін нақтыламас бұрын тіл мен мәдениеттің арақатынасын қарстырғанымыз жөн.

Қазіргі коммуникативтік кеңістік күрделі жүйеден тұрады, онда негізгі орындардың бірі коммуникацияның әр түрлеріне тиесілі. Себебі адам өзін әр түрлі жағдайларда түрліше ұстайды, сөйтіп әрбір жеке жағдайда басқа адамдармен ерекше қатынас орнатады. Сонымен қатар коммуникацияның сипаты мен ерекшеліктері ақпарат беру құралдарымен, тәсілдерімен, коммуникация субъктілерімен, мақсаттарымен және басқа көптеген себептермен анықталады. Коммуникацияның төмендегі түрлерін атап көрсетуге болады: этника аралық, іскерлік, әлеуметтік, халықаралық, тұлғааралық, бұқаралық, мәдениетаралық және басқалары. Аталған түрлердің ішінен бұл еңбекте мәдениетаралық коммуникация қарастырылады.

Мәдениет деген ұғымның түп тамыры адамның мінез-құлқы мен адам мен қоршаған ортаның (әлеуметтік, геогафиялық, мәдени, өндірістік және т.б.) арасындағы өзара байланысты зерттейтін социология, психология, антропология сияқты ғылымдармен ұштасады. Шын мәнінде адамдардың мәдениеті немесе мәдени ортасы салтанат құрушы физикалық және биологиялық ортаға бейімдеу тәсілін көрсетеді. Жан сақтау мен даму үшін қажетті әдет – ғұрыптар, салт – дәстүрлер, көпшілікке ортақ мінез – құлық әдебі әр халықта ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Уақыт өте адамдар өздері меңгерген данышпандық қасиеттерге төселіп алады да, кейінгі ұрпақ оны өз - өзінен түсінікті “өмір шындығы, даусыз ақиқат” ретінде қабылдайды. Бұл - әр кісінің немесе әлеуметтік топтың өмірде өткеретін адами болмысының тұрпаты, әлеуметтік тәжірибесі. Басқаша айтқанда, мәдениет әмбебап және белгілі бір ұлт үшін бағдарламаның айырықша үрдісі ретінде қарастырылады. Осы бағдарлама жүйесі тиісті мәдениет мүшесінің сезіміне, ойы мен іс - әрекетіне ықпалын тигізеді. Жалпы ғылыми түсінікте мәдениет: “cultiо” “cultе” терминдері латын тілінде бастапқыда жер учаскесін ауылшаруашылығы мақсатында өңдеуді білдірген. Этимологиялық жағынан латынша алғашқы мәні “топырақты өңдеу”, “жерді өңдеу” болып, кейінірек “құрметтеу”, “бас ию” мағыналарымен толыққан “cоlеre” етістігі барынша көне болып есептеледі. Алайда көне рим өркениеті шеңберінің өзінде “культура” терминінің мазмұндық мәні кеңейіп, жаңа мағыналармен толыққан. Алғаш рет әдебиетте “культура” сөзі теориялық термин ретінде атақты римдік шешен Марк Тулий Цицеронның “Тускуланские беседы” (біздің дәуірімізге дейінгі 45 жылы) еңбегінде кездесіп, агротехникалық термин емес, ауыспалы мағынада – адамның ақылы мен жан дүниесін өңдеу ретінде қолданылады. Осы жаңа мағынаның контексінде “культура” сөзінің жаңа мағынасы басқа латындық “натура” (табиғат) ұғымына кереғар қойылады. Содан бері мәдениет әлемі табиғи күштер әрекетінің салдары ретінде емес тікелей табиғат тудырғандарды өңдеу мен өзгертуге бағытталған адам қызметінің нәтижесі ретінде қабылданады. XVII ғасырдың аяғына дейін “мәдениет” ұғымы тек осы ұғымда қолданылды. Алайда ағартушылық дәуірінің соңына қарай мәдениеттің жаңа, бағалық интерпретациясы қалыптасты, соған сәйкес бұл ұғым бағалау мәніне ие болды: мәдениет жабдықталған, қолайлы өмір жағдайларымен теңдестірілді. Осындай интерпретацияда XVIII ғасырда бұл ұғым Германияға келіп, көп кешікпей жаңа мәнге ие болады, білімділік пен сауаттылықтың синониміне айналады. “Мәдениет” терминінің жаңа түсіндермесіне неміс заңгері Самуель Пуфендорфтің ролі ерекше, ол “О праве естественном” еңбегінде цицерондық қолданыстан алшақтап, тұңғыш рет мәдениетті адамды мерейлендіретін жаңа мінездерінің жиынтығы, сыртқы және ішкі табиғатын байытатын адамның өз қызметінің нәтижесі ретінде сипаттады. Мәдениет ұғымы барлық европа, соның ішінде қазақ тілінде осы мәнінде қолданылады.

“Мәдениет” феноменіне арналған ХХ ғасырдың зерттеулерін қарастыру осы уақытқа дейін бірегей түсініктің жоқ екенін көрсетеді, адам өмірінің бұл саласының түсінігіне әртүрлі жолдар бар. 1980 жылы халықаралық философия конгрессінде бұл ұғымның 250 – ден астам анықтамасы келтірілді. Анықтамалардың мұндай саналуандығы оларды түрлі жіктемелерге келтіріп, реттеуге ұмтылысты тудырады. Солардың ішінде мыналарды бөліп қарауға болады:

- социологиялық;

- тарихи;

- нормативтік;

- психологиялық;

- дидактикалық;

- антропологиялық.

Мәдениет антропологиясының объектісі ретінде мәдениетті осы ғылыми бағыттың өкілдері барынша терең зерттеді. Мәселен, когнитивтік антропологияны жақтаушылар үшін мәдениет білім жүйесі ретінде, яғни индвидтердің санасындағы әлдебір ойлау категориялары ретінде өмір сүреді. Мысалы, осы бағыттың аса танымал жоқтаушыларының бірі В.Х. Гудинафт “Мәдениет – материалдық феномен емес, сол заттардан тұрмайды. Бұл адамдардың ойлауының формасы, қабылдауы мен түсінуінің, көз қарасы мен оны түсіндіруінің моделі” (15, б.58-61) – деп есептейді. К. Гиртцтің көзқарасы керісінше, оның пайымдауынша, мәдениет адамның санасында бекіген білім емес, бақылаушы механизмдердің ... жоспарлардың, амалдардың, ережелердің, нұсқаулардың репертуары, солардың көмегімен адамның мінез – құлқын басқаруға болады. Сөз ниет пен үмітті жеткізетін символ ретінде түсіндіріледі [16, б.84-85]. Сонымен қатар индивидке қоршаған әлемнің әлдебір құбылысы туралы түсінік беретін символдар мен мәндерді танудың ерекше дара үрдісі ретінде түсініледі. Алдын ала білу мен түсіну әрдайым маңызды роль атқаратын бұл үрдіс әрбір адамда мәндерді дамытуды бағыттайды. Осы үрдістің арқасында жасақталған мәндер одан кейін келетін тәжірибеге ықпал етеді, ол өз кезегінің ұғынықты мәннің жаңа интерпретациясына әсер жасайды.

Осылайша, қоршаған ортаның құбылыстары барлық мезгілде жаңаша ұғылады. Сондықтан мәдениет дара және қайталанбайтын, үнемі дамып отыратын әлемді қабылдау болып табылады.

Т.Н. Персикованың пікірінше, мәдениеттің бірнеше деңгейі бар: техникалық – мәдениеттің бұл бөлігіне оқытуға болады, ол әсердің (эмоцияның) аздап көрінуімен байланысты. Бұл деңгейде қарым – қатынастың мәдениетаралық проблемалары сирек туындайды. Мәселен, металдың физикалық қасиетін талқылағанда, мамандар мәдениеттің техникалық деңгейін іске қосады, ал сөз жұмыстың атқарылу мерзіміне ауытқығанда, әңгіме бірден оның шегінен шығады.

Келесісі – формальды деңгей. Оны тану үшін әдетте сынақтар мен қателіктер әдісі қолданылады. Кейде ойланбастан белгілі бір салт – дәстүрге (мысалы, некелесу салты) бағынамыз. Бұл деңгейде сезім айқын байқалады; әлдекім байқамай белгіленген ережені бұзса, көңілге кірбің түседі. Мысалы, шетелдік Францияда зиялы қауымның ортасында серіктесімен іс жайлы әңгіме қозғаса, мәдениеттің формальды деңгейінің ережелерін бұзғаны.

Ең соңғысы – мәдениеттің формальсыз деңгейіне күнделікті үйреншікті әдет бойынша жасайтын іс – қимылдарымыз жатады. Бұл деңгейде мінез – құлық ережелері шектелмеген, дегенмен әлдененің дұрыс емес бұрыс екенін сеземіз, мысалы, түрлі мәдениеттерде еркектер мен әйелдердің өзін ұстауы қалыптасқан ұғым бойынша бағаланады.

Бұл деңгейде жоғары сезімталдықпен ерекшелінеді, жазылмаған ереженің бұзылуы адамдардың қарым – қатынасына сындарлы әсерін тигізеді. Мысалы, француз немесе орыс мәдениетінде сыпайы “сіз” деудің орнына “сен” деу дөрекіліктің, оспадарлықтың белгісі ретінде бағаланады. [17, б. 110–112].

Жоғарыда айтылғандардың негізінде мынадай қорытынды жасауға болады: әр мәдениеттің өзіндік тілдік жүйесі бар, сөйлеушілер соның көмегімен бір – бірімен қатынасады. Мұнда тіл адам өмірінің түрлі салаларында - өндірістік, қоғамдық, рухани салаларындағы қызметінің нәтижелерінің жиынтығы ретінде анықталатын мәдениеттің құрамдас бөлігі деп пайымдауға болады. Алайда ойдың өмір сүру формасы ретінде, ең бастысы, қатынас құралы ретінде тіл мәдениетпен бір қатарда тұр. Тіл феноменін қарастыруға тікелей назар аударалық. Тіл көріністің осы ерекшеліктерін дамыту мен бекітуде үлкен роль атқарады: тіл арқылы қоршаған әлем бағаланып, түсіндіріледі. Ақиқаттың түрліше түсіндірілуі тілде көрініс тауып, тілдің көмегімен беріледі.

Тіл – халықтың барлық сөздерінің жиынтығы және өз ойын жеткізу үшін берік үйлесуі. [18.IV, б.486].

Тіл – индивидтер арасында қатынас құралы ретінде қызмет етуге жарамды белгілердің түрлі жүйесі [19, б.688].

Тіл – белгілі бір адамдар ұжымының мүшелерінің негізгі және аса маңызды қатынас құралы болып табылатын төл семиологиялық жүйелерінің бірі, ол үшін бұл жүйе сондай-ақ ойды дамыту мәдени – тарихи дәстүрлерді ұрпақтан – ұрпаққа жеткізудің құралы т.с.с [20, б. 46-47].

Тіл – коммуникация мақсатында қызмет ететін және адамның әлем туралы білімімен түсінігінің бүкіл жиынтығын айтуына қабілетті дискретті (анық айтылатын) дыбыстық белгілерінің адамзат қоғамында стихиялық туындаған және дамушы жүйесі [21, б.342].

Тіл – ойлау жұмысын объективтілейтін және қоғамда адамдардың қатынасының пікір алмасуының және өзара түсінісуінің құралы болып табылатын дыбыстық, сөздік және грамматикалық құралдардың тарихи қалыптасқан жүйесі [22, б.1246].

Кез келген халықтың мәдениетінде тілдің мәні өте зор. Культурологияда тілдің мәні көбіне төмендегі бағаларға саяды:

Мәдениеттің айнасы, онда адамның маңайындағы нақты әлем ғана емес, халықтың менталитеті, ұлттық мінезі, әдет – ғұрпы, салт – дәстүрі, моралі, нормалар мен құндылықтар жүйесі, әлем суреті көрінеді;

Мәдениеттің қамбасы, себебі белгілі халықтың жинақтаған барлық білімі, шеберлігі, материалдық және мәдени құндылықтары оның тілдік жүйесінде – фольклорінде, кітаптарында, ауызша және жазбаша сөздерінде сақталған;

Мәдениетті жеткізуші, себебі ол ұрпақтан ұрпаққа тіл арқылы беріледі. Балалар инкультурация үрдісінде ана тілін үйренумен қатар алдыңғы ұрпақтың жинақтаған тәжірибесін де меңгереді;

Қоршаған әлем объектілерін салыстыру, ол туралы мәліметтерді жіктеу мен реттеу әдістерінің бірі;

Адамның қоршаған орта жағдайына бейімделу амалы;

Объектілерді, құбылыстарды және олардың ара қатынасын дұрыс бағалау құралы;

Адам қызметін ұйымдастыру мен үйлестіру амалы;

Тіл арқылы өз халықының менталитетін, салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпын, сол сияқты әлемнің ерекше мәдени бейнесін қабылдайтын адам тұлғасын қалыптастырушы мәдениет аспабы [23, б. 16-18].

Сөйтіп, культурологиялық жолға сәйкес, тіл ақпаратты сақтап, жеткізудің, сол сияқты адамның мінез – құлқын басқарудың айырықша құралы болып табылады. Тілдің арқасында әлеуметтік тәжірибені, мәдени мұралар мен дәстүрлерді жеткізудің адамға тән нұсқасы жүзеге асырылады, түрлі ұрпақтар мен тарихи дәуірлердің сабақтастығы өткеріледі. Тіл байқалуы қиын ерекшеліктері, нәзік қылдарына дейін бүкіл мәдениет байлығын өз бойына “сіңіреді”. Сонымен қатар кез келген мәдениет, мейлі ұлттық мәдениет болсын белгілі дәрежеде нақты тілдің имманенттік дамуының сипаты мен заңдылықтарына, ішкі құрылысы мен басқа қырларының ерекшелігіне “байланған”. Лексикалық алмасулар, лексикалық – семантикалық аударма жолымен тіл, дәлірек айтқанда, тілдер мәдениеттерді интернацияландыру, мәдениет аралық коммуникацияны жаһандандыру, Шығыс пен Батыс мәдениеттерінің диалогы тұрғысында ауыстыруға келмейтін роль атқарады.

Мәдениет құндылықтарын, әлеуметтік мәндерді негізгі жеткізуші әрі қуатты тасымалдаушы болғандықтан мәдениет пен қоғамда тілдің орны ерекше, қоғамдық қатынастардың (яғни әлеуметтік топтар, ұлттық – этностық құрылымдар ішінде, олардың өзара қатынастарында) тиімді үйлестірушісі және реттеушісі болып қызмет етеді. Сонымен бірге тіл – елеулі элемент қана емес, осы екі ауқымды ұғымның аса маңызды қыры. Ол бүкіл көп қырлы мәдениетті, барлық аса күрделі қоғамдық лексикалық және семантикалық тұрғыдан қамтуға қабілетті тұтас әлемді танытады. Демек, мәдениет социологиясы саласында ірі американдық маман Н. Смелзер айтқандай, “мәдениеттің барлық элементтері... тілмен айтылады” [24, б. 18-20].

Тіл әлеуметтік – мәдени фактор ретінде адамдардың тәжірибесін жасақтау мен ұйымдастыруға да елеулі дәрежеде ықпал етеді. Бұл жалпы мәдениет тәрізді көпшілік қабылдаған мәнді тудырумен түсіндіріледі. Қатысушылары қабылдайтын, қолданатын және соларға түсінікті мағыналар барда ғана коммуникация мүмкін болмақ. Алайда мұндай “жалпы қабылданған мәннің болуы”, әдетте, бір (жалғыз) тілдің шегінде өткеріледі. Соңғысының философиялық – социологиялық тілегі тілдің тағы бір өте маңызды функциясын – адамдардың белгілі бір әлеуметтік мәдениет, этникалық қауымдастық шегінде түсіну функциясын айқын көрсетіп береді. Араласу мүмкіндігі, бір жағынан, әлеуметтік топ мүшелерінің ынтымақтасуына ықпал етеді. Ортақ тіл адамдарды біріктіреді. Екінші жағынан, ортақ тіл сол тілде сөйлемейтіндерді шеттетеді. [9, б. 95-96].

Мұндай факт, дегенмен, басқа тілге қатысты емес, оның мағыналары ана тілінде немесе үйреншікті тілде сөйлейтін коммуникация мүшелеріне белгісіз немесе толық ұғынықты бола бермейді. Осы тұста адам қолданатын ұғымдарда, мағыналарда, ойларда ұлттық мәдениеттің ұлттық тіл айырықшылығының таңбасы айқын көрінеді.

Демек, мәдениет - әлемді қабылдау құралы, сондай – ақ сол әлемнің құрылымы. Онда әр халықтың тарихының өзгешелігін танытатын бірегей, айрықша сипат бар.

Қоғам адамдарды мінез – құлықтың жарасымдысы мен жарасымсызын ажыратуға үйрете отырып, өзінің тыйымдары мен құндылықтарын жасайды. Мәдениет ықпал етеді және өзі де адам қызметінің кез келген көрінісінің ықпалында болады.

Сөйтіп, түрлі халықтар мен мәдениеттің араласу және өзара түсінісу проблемасында үлкен роль атқарған өзекті ұғымдарды қарастырдық, бұдан белгілі бір қоғамда тілдің, мәдениеттің жиынтығы сол қоғамның одан әрі дамуына, басқа адамдармен қатынас және араласу үшін алғы шарт болады деген қорытынды жасауға болады. “... Баршамыз тілмен, сол тілде ата – бабамыздан жеткен мәдениетпен тәрбиелендік. Біз ана тілді де, төл мәдениетті де, туған жеріміз бен уақытымызды да таңдаған емеспіз. Бүкіл сыртқы және ішкі әлемді қамтыған баға жеткісіз сыйды алып, басты іске – басқа адамдармен араласып, құраласуға ұмтыламыз, өйткені кісі тірі жан иесі және адамдардың арасында өмір сүреді”. [23, б. 24 - 25]. Басқа мәдениетті түсінгенде ғана тиімді әрі дұрыс қатынас болмақ.


Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет