МӘдениетаралық коммуникация теориясы мен практикасы



бет3/8
Дата05.01.2017
өлшемі1,86 Mb.
#6381
1   2   3   4   5   6   7   8

2.3 Мәдени түсінбеушілік

Мәдени түсінбеушілік негізінен коммуниканттарда фондық білімнің болмауынан туындайды. Бұл жерде фондық білім, В.С.Виноградовтың айтуынша, белгілі бір ұлысқа немесе ұлтқа ғана тән, солардың өкілдері жаппай мойындаған және сол ұлттық қауымдастықтың тілінде көрініс тапқан социомәдени мәліметтер [36, б.37]. Түрлі мәденит өкілдерінің өз өмір салтының дұрыстығына илануы, „өзіміздікі“ және „бөтен“ болып бөлінуі елеулі роль атқарады.

Түрлі, соның ішінде неміс, қазақ, жапон, орыс және басқа мәдениеттерінің мысалында соңы түрлі мәдениет иелерінің арасындағы қатынаста мәдени түсінбеушілікке соқтырған кейбір тілдік мәдени сәйкессіздіктерді қарастырайық.

Бір неміс әйелінің Грузияда жамағайындары бар. Міне, соларға келуге мүмкіндік туды. Тбилисиге жиеніне қонаққа келгенде оны үй толы туысқандар, көршілер, ересектер мен балалар қарсы алады. Балалардың бірі немісше „Қалай жеттіңіз? - деп сұрақ қойды. Көрші балалардың бірі болар“, деп ойлаған әйел. Көршілер тараған соң ол жайбарақаттанып, Германиядан әкелген сыйлықтарын тарата бастады. Келіні әдемі, орыс қызы: „Сізге рахмет“, - деді неміс тілінде қинала сөйлеп. Мұны неміс тілін жете білмегеніне сайған. Енді балалар „Сіз“ деп сөйлей бастағанда, жылап жіберуге шақ қалды. Рас, алғаш көріп тұр дегенмен оларды „Сіз“ деп сөйлеуге үйретіп қойғандары несі?! Көңіл күйі бұзылып, тезірек кетуге асыққан. Бұл жағдайда мәдени сәйкессіздік „үлкенді сыйлау“ ұғымында жатыр. Европа елдерінде үлкенге „сен“ деп сөйлейді және бұл қалыпты мінез-құлық болып саналады, ал шығыс елдерінде жасы үлкенді сыйлау қағида болып табылады, сондықтан „Сен“ деу жараспайды. Қазақ мәдениетінде жасы үлкен немесе қарт адам кірсе, орнынан тұрады, дастархан басында отағасынан немесе үлкен адамнан бұрын тамаққа қол созбайды.

Мәдениеттегі сәйкессіздік өмірдің барлық саласында – саясатта, дінде, тұрмыста, тілде және басқаларында ұшырасады. Келесі мысалды қарастырайық: Ирактың студенті Германияға алғаш келіп тұр. Еліндегі шиеленісті саяси жағдайға қарамастан стипендия алғанына, енді алты апта Германияда болатынына қуанышты. Немісше білімді Иракта өз мұғалімінен алған, енді соны жетілдірмекші, неміс мәдениетіне құштарлығы зор. Бірде сабақ болмады да, қаланы аралауға шықты. Ұзақ қыдырып жүріп, католик шіркеуіне келеді, бұрын ешқашан көрмегендіктен, ішіне кіреді. Адамдар демалып отырған орындықтарды көріп, таңырқайды да, өзі де отырып, жан-жағына көз салады. Мүсіндерді, алтарь мен органды көріп болған соң қарнының ашқанын сезініп, алманы алып жей бастайды. Шіркеудегі адамдар қызға бұрылып, күбірлеседі. Бірдеңе бүлдіргенін өзі де байқады, бірақ нені? Адамдар мұның христианка емес екенін әлдеқалай біліп қалды ма? Мүмкін мұсылманға шіркеуге кіруге тиым салынған шығар?

Осы лингвокультурологиялық сәйкессіздікті нақтылайық:

- бірінші, қыз өз ойынша адамдар демалып отырған орындықтарды көрген. Мұнда храм жасауына қатысты мәдени сәйкессіздік. Христиандық католик шіркеулерінде прихожандар дұға оқу үшін міндетті түрде орындықтар қойылады, ал мұсылман мешіттерінде дұға жерге, не жайнамазға отырып оқылады.

- екіншіден, шіркеуде тамақ ішуге тыйым салынады, себебі бұл құдай храмы, онда адами қажеттілік жат. Тек салтанатты жағдайларда (шоқындыру, некелесу және т.б.) прихожандарға шелпек пен „кагор“ шарабы – Тәңірдің тәні мен қаны беріледі. Мұсылман мешіттерінде, керісінше, ас ұйымдастырылады.

- үшіншіден, қыздың пікірінше, шіркеудегі адамдар бұған христианка болмаған соң бұрылып қараған. Қандай дінді ұстанғанына қарамастан кез келген адамның діни орындарға баруына тиым салынбайтыны баршаға аян. Бұл жерде сәйкессіздік ол жеген алмада және басқа мәдениеттің діни ережелерін білмеуінде болып отыр.

Келесі жағдайды қарастырайық: Франкфурттан Ральф пен Сьюзен Гонконгқа достарының үйлену тойына шақырылады. Гонконгте әдеттегі неміс сыйлығы „Glückswein“ cатып алады, немістердің пікірінше, шошқа түріндегі жинақ сандықшасы ырыс әкеледі. Той тамаша өтті, алайда жас жұбайлардың түсінбегені: „немістер шошқа бейнелі мүсінше сыйлады, ал биыл сиыр жылы ғой. Оларда күнтізбе өзгеше ме?“ Мұнда мынаған назар аудару керек:

а) Неміс мәдениетінде шошқа үй хайуанаты ретінде байлықтың, бақуаттың, ырыс пен бақыттың белгісі „Viel Glück zum Jahreswechsel“ жаңа жылдың құттықтауында шошқа жиі салынады. Ақша жинақтаушы сандықшаның шошқа бейнелі болуы, әрине, кездейсоқ емес. Қытай мәдениеттінде шошқа шығыс жұлдызнамасы белгілерінің бірі.

Біз қарастырған жағдайда түрлі тіл иелерінің дүниетанымы үлкен роль атқарады.

Келесі жағдайды қарастыру түрлі мәдениет, осы жолы неміс және египет мәдениеті өкілдерінің этикалық тәрбиесіндегі айырмашылықтарды табуымызға мүмкіндік береді. Египеттік студентка неміс тілінен білімін жақсартуға Германияға келеді. Германияның табиғаты ол үшін суық болғандықтан өзіне қымбат пуловер сатып алған. Ертеңінде соны киіп, университетке кетеді. Жолай бейтаныс неміс студенткасын жолықтырды. Неміс қызы амандасып, пуловерінің әдемі екенін айтады. Жақсы тәрбиеленген египеттік „Ала ғой“, - дейді. „Не, рас па?“- деп сұрайды неміс қызы. Египеттік мұнысына таңырқап: „Иә, алуыңа болады?“, - дейді. Неміс қызының оның бұл ісіне таң қалғаны соншалық, египтянканың мұңды жүзіне назар да аудармаған. Қызға алғысын айтып, сыйлықты рюкзагына салып алады. Египеттік қайтып оны көрген жоқ, есімін де білмейді. Бұл жағдай түрлі мәдениеттердің этикасындағы сәйкессіздікті көрсетеді. Египет мәдениетінде қошеметке астарлы жауап беру, өзін жоғары ұстамау қабылданған. Бұл жағдайда египеттік этикасының нормасын білмейтін неміс қыз оның алғысын тура мағынада ұғып, пуловерді алып кеткен.

С.Арутюновтың айтуынша, „жер бетінде барлық адамдар киініп, тамақ ішіп, жүріп тұрса да, этникалық айырмашылық қалай тамақ ішетінінен, киінетінінен, жүріп тұруынан байқалады“[38, б.34-36]. Түрлі мәдениеттердің бір қимылдың әр түрлі мағына беруі, бір мағынаның түрлі айтылыммен, іс қимылмен жеткізілуі мүмкін. „Стереотиптік“ көрініс басқа этнос өкілінің мінез-құлқын өз мәдениетінен ерекшелігі тұрғысынан түсіндіру кезінде жасақталады.

Келесі жағдайда түрлі мәдениеттердегі әдет-ғұрыптың сәйкессіздігін көреміз: неміс мұғалімі Беате көп жыл Индияда тұратын әпкесіне келеді. Индустар оларды кешкі дәмге шақырады. Ирене сіңілісіне индустардың тамақты қолмен жейтінін ескертеді. Қонақтар дастарханға отырды. Беате әпкесінің тамақты қолмен қалай жейтініне қарап, соны қайталауда. Кенет ол әпкесінің әлдебір ым беріп отрғанын, үй иелерінің де абыржулы екенін байқады. Себебін сұрауға үлгертпей Ирене үйіне асыға бастады. Жолда сіңілісіне ұрсып келеді: „Масқаралағаның не?! Сол қолмен тамақ жеп... Енді олар сені ешқашан шақырмайды“.

Индияның салт-дәстүрін білмеу түсінбеушілікке негіз болған. Индияда тамақты тек қана оң қолмен жейді, себебі ол – қасиетті. Мұндай жағдай мұсылмандарда да бар. Оң қол қасиетті, нанды сонымен жейді. Ал нан Индияда күріш сияқты - қасиетті. Сол қолмен дененің кейбір мүшелерін жуады.

Қазақстандық екі студент ДААД стипендиясын алып Германияға келген. Бірде таңертеңгілік екеуі студенттер жатақханасының асханасында тамақ ішеді. Күні бойы жұмыс көп болғандықтан тоя тамақтануды жөн көрген. Асханаға келген неміс стунденткасы олардың асын көріп: ”Таңертең макарон жейсіңдер ме?”- деп таңырқай дауыстап жібереді.

Германияда таңертең бутерброд, тек жексенбіде кейде жұмыртқа жейді. Ыстық тамақ түсте желінеді. Кешкі тамақта да бутерброд, ыстық тамақты қонақтарды қабылдағанда ғана (кешкі тамаққа шақыру) беріледі. Біздің мәдениетте мұндай шектеу жоқ, әсіресе, түске дейін оқитын студент таңертең тойып алады, ақшаны үнемдеу үшін асханада түскі ас ішпей, түстен кейін бір-ақ тамақтанады.

Мәдени жаңылысудың келесі мысалы мәдени шиеленістің бастауы болды.

Германияда “үшінші әлем елдері” аталатындарға байланысты стереотиптік айтылымды естідік. Пассау қаласында “Страноведческие аспекты в литературных текстах” курсының әр елдердің студенттері қатысып отырған сабағында постмодернизм дәуірінің тақырыбы талқыланады. Талқылау кезінде курсты жүргізетін оқытушы постмодернизм туралы Европалық студентердің көп білетініне, Россиялық студентерінің естігеніне, ал Азиялық (Қазақстан, Қырғызстан) студентердің ештеңе білмейтініне сенімді екенін айтып қалады. Қазақстан мен Қырғызстаннан келген студентер бұған ашуланып, курстан бас тартпақ болады.

Бұл жағдайды былайша талдауға болады:

а) мүмкін бұл жерде “үшінші әлем елдерінде” білім мен әдебиетті емес, күнделікті тіршілік қамын ойлайды, яғни мәдениет деңгейі төмен деген стереотиптік түсінік өзіндік роль атқарған болар;

ә) оқытушы өз елінде тотальдық режим орнатқан түрікмендік президент туралы көп оқыған, кейін белгілі болғандай ол орталық және Орта Азияның барлық елдерінде сондай режим деп білген. Оның пікірінше, мұндай жағдайда білімді дамытуға, соның ішінде батыс мәдениеті туралы білім алуға ешбір негіз жоқ.

Мәдени айырмашылықтың келесі мысалы білім беру саласына байланысты. Қазақстандық студенткалар Пассау университетінің заң факультетінде оқитын неміс студенті Роландпен танысады. Әңгіме барысында Роланд қыздардан қандай мамандыққа оқып жатқандарын сұрайды. “Біз – филологпыз,”- дейді олар. “Филология деген не?”- деп сұрайды неміс. Қыздардың бірі сұрағына сұрақпен жауап береді: “Бізден емтихан алайын деп пе едің?” “Жоқ,- дейді Роланд, мен рас білмеймін”. Студенткалар аң-таң, ал неміс филологтардың оның үстіне латын тілін оқитынын естіп таң қалады, себебі латын тілі медициналық және заң факультеттерінде ғана оқытылады деп білетін.

Германияда білім беру мен Қазақстанда білім берудің арасында әсіресе жоғары оқу орындарында елеулі айырмашылық бар. Германияда тар мамандыққа, біздің елімізде (кеңестік білім беру жүйесі бойынша) кең профильді мамандыққа көңіл бөлінеді. Өз мамандығын тамаша меңгерген студент басқа ештеңеге қызықпайды, оларды оқыту бағдарламасына Қазақстандағыдай жалпы пәндер (мысалы, филология факультетінде математика, физика) енгізілмейді.

Келесі жағдай әдепке қатысты. Мустерманн мырза жұмыстан венгрлік әріптесі Ференц Конищпен келді. Сол үйдің әйелі қонақпен жылы амандасып, түскі тамаққа қалуын өтінеді. Дастархан жайып жүргенінде қонағының бас тартқанына таң қалады. “Өкінішті – ақ, - дейді әйел,- Неміс тағамынан дәм тарттырайық деп едік. Мүмкін келесі жолы келерсіз, сізге әлде бір венгер тағамын дайындай қояйық”. Қонақ неміс тағамын ұнататынын айтады. Әйел оны көңіл жықпастыққа балайды.

Конищ Венгрияға оралғанда басқа неміс әріптесін қонаққа шақырады. Түскі асқа венгер тағамы мол дайындалыпты, бірақ қонақ тамақ ішкенін айтып, бас тартады. Конищ мырза тағы шақырады, қонақ тағы бас тартады. Отағасы үшінші рет шақырғанда қонақ тоқ екенін айтып ашулана бастайды. Конищ мырза қонағының аш емес екенін сонда ғана түсінеді. Осы жағдайды қарастыралық:

а) Венгрияда әдеп бойынша дөрекі көрінбес үшін ұсынған тамақтан бірнеше рет бас тарту керек. Дастарханға бірнеше рет шақырылған соң ғана қонақ оны қабыл алады.

ә) Германияда бас тарту тура мағынасында түсініледі, егер адам аш болса, шақыруды ”көлгірсімей” қабыл алады.

Дюссельдорфта жапондық концерннің филиалында жұмыс істейтін жапон жігіті неміс қызымен ұзақ жылдар кездесіп жүреді. Достары екеуінің бір-біріне лайық екенін көріп, көп ұзамай үйленер деп топшылайтын. Бірде достармен бас қосуға жігіт жалғыз келеді. Олар себебін сұрайды. Жапондық қызбен айрылысқанын айтады. Достар аң-таң. “Бір-біріңді жақсы көруші едіңдер ғой? Әлде ренжісіп қалдыңдар ма?” “Жоқ, - дейді ол,- маған оның ойына келгенін айта салатыны ұнамайды.” Бұл жағдайда екі сәтке көңіл аудару керек:

а) Жапон мәдениетінде өзіңнің және сұхбаттасушыңның абыройына қамқорлық жапон қоғамында сөйлеушіден бұлыңғыр, тіпті қос мәнді сөздерді қолдануды талап етеді. Жапон балаларын басқа адамның сезімін аялауға, өз анасының мінез – құлқына еліктеу жолымен мінез-құлық сырларын меңгеруге үйретеді.

ә) Европа мәдениетінде сұхбаттасушыны тура әңгімеге шақырады. Бұл адалдық пен иланымдылық көрсеткіші болып табылады. Ал ишаралап сөйлеу арамдық пен сенімсіздіктің белгісі іспетті.

Келесі жағдай сыртқы бейнеге байланысты: Сан-Петербургтің Жанна есімді орыс әйелі неміске тұрмысқа шығады. Олар өзі жұмыс істейтін туристік агенттікте танысқан. Жанна оған тартымдылығымен, сұлулығымен және әдемі киінуімен ұнаған-ды. Германияға барған соң Жанна өзіне ұнайтын жұмыс тауып алады, тек бөлімдегі әйелдер бұған аяушылықпен қарайды. Бірде әріптестері неге бұлай киінетінін, әлде күйеуің мәжбүрлей ме деп сұрайды. Жанна не айтарын білмейді. Өз елінде макияж, юбка, ашық түсті кофточка қалыпты құбылыс, мұнда тыйым салынған ба?

а) Іскерлігімен ерекшеленетін неміс әйелдері қолайлы киімді жөн көреді. Ерінді жарқыратып бояу, қысқа юбка, ашық- шашық блузка жұмыста ретсіз. Тіпті кешкі киімдердің өзінің қарапайым болуын қалайды.

ә) Біздің мәдениетте әр әйел жарқырай киінуге міндетті. Киімге ерекше көңіл бөлінеді. Бірақ шетелде орыс қызы мен әйелінің сыртқы бейнесі мен мінез-құлқы жағымсыз қылыққа ашық шақыру ретінде қабылданады.

Түркия жігіті кешкі мектепте бірге оқитын неміс қызымен танысады. Көп ұзамай қыз оны үйіне танысуға шақырады. Жігіт сәлем беріп, әйелдің қолынан ұстайды. Туркияда әйелдің қолын ақырын ұстап, қыспау керек. Әңгімелесіп, кофе ішкен соң қоштасып, үйіне қайтады. Ол кеткен соң қызы шешесінен пікірін сұрағанда: “Жігіт өте жақсы екен, бірақ мінезі табансыз,-” деп жауап беріпті. Бұл жағдай былай түсіндіріледі. Түркияда әйелдің қолын ақырын ұстау оған деген құрметтің, ал Европада ынжықтықтың белбеуліктің белгісі. Оны ішінара феминизмнің әсерімен де түсіндіруге болады, онда әйел еркекпен тең тұрып, өзіне тең тұрғыда қарауды талап етеді. [ 40, б.2]

Осы жағдайларды қарастырып , мәдени айырмашылықтың өмірдің барлық салаларын қамтиды деген қорытындыға келеміз. Бір мәдениет өкілінің мінез-құлқын басқа біреу өз мәдениетінің көзқарасына сәйкес түсінуі мүмкін. Сондықтан мәдениетаралық коммуникацияның табыстылығы екі мәдениет өкілдерінің мәдени стереотиптерді білуімен тура пропорционалды.
2.4 Түрлі ұлттық мәдениеттерде шиеленісті шешу стратегиялары

Адамдар қатынасының бір қырын - шиеленіс пен оны шешу жолдарын, түрлі мәдениеттер мен мәдениетаралық қатынас кезінде туындау себебін қарастырайық. Шиеленіс, К.Томастың есептеуінше,

“бір тарап өзінің ойын жүзеге асыруға басқа тарап бөгет жасайды, не кедергі жасамақ деп ойлауынан шығатын үрдіс” [41, б. 234-236] К.Томастың ізінше шиеленісті шешу кезіндегі мінез-құлықтың бес стилін бөліп алайық.

Жарыс – “күштінікі жөн” - белсенді және келісімге әкелмейтін стиль. Мұндай мінез-құлық тараптардың бірінің өз мақсатына жету үшін оның басқаларға қалай әсер ететініне қарамауынан туады. Шиеленісті шешудің мұндай тәсілі “жеңіс-жеңіліс” (win-lose) жағдайын құдырып, өз мақсатына жету үшін күш тұрғысынан бәсекелестік пен ойынды қолдандырады, ең ақыры екі тараптың бірінің екіншісіне бағынуына соқтырады.

Мысалы, американдықтарда жарысушы рухы жұмыста, отбасында, достықта, демалыста, спортта және тағы басқаларында байқалады. Американдықтар көп жағдайда өмірдегі табысын тапқан ақшасымен бағалайды. Олар әңгімелескенде үндемей қалуды ұнатпайды, көп сұрақ қояды және олары, әдетте, тура және жеке сипатты болады [42, б. 34-38].

Ынтымақтастық – “бірлесіп шешелік” - белсенді және ынтымақтастыққа ұмтылатын стиль. Мінез - құлықтың мұндай мәнері проблеманы шешуге, пікір алшақтығын анықтауға, идея мен ақпарат алмасуға, шиеліністен бір шиеліністі жағдайдың шеңберінен тыс жан-жақты шешімге ынталандыру нышанын көруге ұмтылумен сипатталады. Екі тарапқа да тиімді шешім табу шиеленістен шығу жолы болып есептелетіндіктен, мұндай стратегия көбіне “жеңіс-жеңіс” (win-win) жолы деп аталады.

Шиеленістен кету - “мазамды алмаңыз” - пассивті және ынтымақтастыққа ұмтылмайтын стиль. Тараптардың бірі шиеленістің бар екенін мойындағанмен содан қашқақтайтын немесе түншықтырып тастайтын мінез-құлық танытады. Шиеленістің өз бетінше шешілетініне дәмеленеді. Проблеманы шешу кейінге ысырылады, ушықтырмау үшін түрлі шала шаралар мен тайталас болдырмау үшін жасырын шаралар қолданылады; шиеленісті шешуге бюрократтық аппарат тартылады.

Көнгіштік –“жол сіздікі” – пассивті және ынтымақтастыққа ұмтылушы стиль. Кейбір жағдайларда тараптардың бірі басқаны сабырландыру үшін оның мүддесін өз мүддесінен жоғары қоюы мүмкін. Отбасында дау-дамай туғанда қатынасты бұзбас үшін біреуі өз көз-қарасын тежеп қалады. Басқаны сабырландыруға мұндай ұмтылыс көнгіштікті, бағыныштылықты, көңілшектікті қажет етеді.

Ымырашылдық- “кел, түсінісейік” – екі параметр бойынша орташа ұстаным: белсенділік - енжарлық, ынтымақтасуға ұмтылу-ұмтылмау. Шиеленісті қалған екі жақ бір-бірімен түсінісіп, ішінара өз талабынан бас тартып, ымыраға келеді. Шиеліністен бұлай шығу келіссөзді, екі жаққа тиімді келісімге жетісу жолдарын іздеуді қажет етеді. Мысал келтірейік. Жапондық шарттарда мынадай тармақ жиі кездеседі: “Шартты орындау барысында тараптардың бірінің шарт міндетін орындауына бөгет болатындай жағдай туындаса, екі тарап осы шартты өзгерту үшін келіссөз столына отырып, туындаған жағдайды талқылайды.” Іскерлік ынтымақтастықтың көптеген түрлері Жапонияда әлдебір шартсыз-ақ жүзеге асырылады, тараптардың ауызша келісімі жетіп жатыр. Американдықтарға өзінің шарттық міндеттемесін орындамайтын серіктеспен жайбарақат әңгіме жүргізу мүлде түсініксіз [43, б.2].

Британдық және қытайлық менеджерлер арасында шиеленісті шешу әдістерінде елеулі айырмашылықтар бар: қытайлықтар “ымырашылдық” пен “көнгіштік” сияқты мінез-құлықтың пассивті стилін жөн санаса, британдықтарға “ынтымақтастық” немесе, “жарыс” тәрізді белсенді стилдері тән. Мұны қытай қоғамының негізгі идеяларына конформизм, үйлесімдік пен абыройды сақтау этикасы жататын конфуцианстваға бейімділігімен түсіндіруге болады. Қытай қоғамында конформизм адамның оқшау өмір сүрмейтінін, отбасының бір бөлігі екенін сезінуіне негізделген. Адамдар арасындағы қатынастар әдептілік ережелерімен белгіленіп, қоғамдық иерархияны сыйлауды талап етеді. Үлкен құрмет көрсету қажеттілігі қытайлықтардың билікке бағынуға және агрессияны басуға әлеуметтік бағдарын қалыптастырған. Үйлесімділік этикасы қытайлықтарды екі шектің - әрекет пен әрекетсіздіктің – нақ ортасын таңдауға итермелей, қайғы, қуаныш, ашу сияқты әсерлерді бақылауда ұстау жолымен тепе-теңдік жағдайына жетісуге үйретеді [44, б.3]. Ең соңында, абырой ұғымы қытайлықтарды өз сезіміне ырық бермей салмақтылық сақтауға және басқа адамдардың алдында абыройдан айырылатындай жағдай тудырмауға үйретеді. Ұзақ уақыт жақсы қарым – қатынасты сақтау үшін дау-дамайға бармайды.

Сөйтіп, мәдениетаралық қатынастағы қиындықтар мәдениетті құрастырушы әртүрлі бөлшектерге байланысты: айырмашылық неғұрлым көп болса, қатынас үрдісі де соншалық күрделірек. Өзге мәдениет өкілімен қатынасқа төл мәдениет нормаларымен ережелеріне сүйеніп, оның мінез - құлқын болжай алмаймыз.

Осылайша шиеленістің шешімі шиеленіске қатысушылардың мәдениетінің ерекшеліктерімен айқындалады. Әлдебір халыққа қатысты қате түсініктің жалпыға ортақ емес екенін қоса айту керек. Олар әлеуметтік сипаттағы себептердің әсерімен туындайды, еңбекте келтірілген мысалдар соған дәлел.


3 Практикалық бөлім
Тапсырмалар
1. Read the text and deduce the meaning of unfamiliar words using knowledge of language and script

Мәтінді оқып, қазақ халқының басқа ұлттарда кездеспейтін өзіндік, ерекше салт- дәстүрімен танысыңыздар

2. Render the text into Kazakh

Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар


Shildekhana
A second celebration of new life in the Kazakh tradition was called the Shildekhana, and this gathering also included the participation of many young people. All participants donned their best clothes and rode their horses to the event if they had one. Others rode their bulls, and sang songs en route to the celebration. Elders came to give a “Bata”, or blessing. Invited participants ate, had fun, and sang songs to the tune of the dombra, a traditional two-stringed instrument. Young people playing this instrument were expected to compose and improvise songs during the singing.

Following the singing, assembled friends and family would begin to eat. A person who knew the country traditions well might take the “omyrtka”, or spinal column, out of the dish and give to every woman to taste. Failure to offer this delicacy to any woman would be taken as a sign of offense, as participation in this ritual was thought to be important in future childbearing efforts. The cleanly nibbled spinal column was hung on a high place in the yurt, placed between the “uuk” sticks which form the roof of a yurt. In a “tarn”, a house some family members constructed out of clay, it was hung from the ceiling.

Women who had just born children were admonished to eat plenty of kalzha so that they would be strong and recover quickly. The Kazakhs considered that fat, fresh meat and meat broth would give her strength. The skin and the breast bone of the kalzha were reserved for the godmother. The woman who first took the new baby from its mother was also given a special gift. After birth, the baby was first wrapped in a warm wool of the Spring shearing of a camel. The warmth of this wrapping was to approximate the feel of the mother’s uterus. Later, mothers wrapped their children in thin cloths until gradually they got accustomed to their new surroundings.

During the Shildekhana, the godmother sliced the boiled fat from a sheep’s tail and put it in the baby’s mouth. In this way it was believed that the baby would learn how to suck. And the baby who was trained in such manner was believed would never have stomach trouble.




Тапсырмалар
1. What kind of other traditions taking place during weddings in Kazakh families?

Қазақтардың үйлену тойларында қандай салт – дәстүрлерінің куәгері болдыңыз?

2. Tell about the marriage ceremony in England

Ағылшын ұлтында үйлену тойды қалай жасайды?


Bet Ashar, otka mai salu
Betashar, or removing the bride’s veil, was an important ritual. A specially invited poet was in attendance; someone familiar with the bride’s father-in-law, mother-in-law, and all the groom’s relatives. At the Betashar toi, he would be required to mention details of their character, position and pecularities. As each particiant was mentioned in the poet’s song, the bride was required to bend and greet by making salem. There were slightly different versions of Betashar, but its main purpose was to allow everyone to see the bride. In one version, the poet would take his dombra and sing:

Hear, people, now I take off the bride’s veil

I wish you happiness, dear bride,

If you show bad temper, your sisters-in-law would pursue you.

So be patient and not petulant

Your dastarkhan must be spread to any person

Who enters your yurt.

If aksakal, the oldest man visits you,

Pour warm water.

Be polite and tolerant with your neighbor

Don’t be idle, try to be clever in your needle work.

Respect your father and mother-in-law.

You’re so beautiful and white as an egg

Don’t be lazy, get up early and feed your husband

When elders come to your house, you should rise

Be simple and kind,

Do not gossip with the women.

Now people, have a look at her and give me my korimdik. Grandfathers bless her, she entered the yurt with her right foot; she’ll bring happiness to this house. Believe me! She was blessed by her folks. Now dear bride, come here, look how many people want to see you through away your veil; greet and bow to this crowd. As we mentioned above, the bride was required to bow when she heard each name of her future husband’s relatives. Poets all sang the Betashar on their own way, but the meaning of all of them was similar. The bride was instructed to be polite, loving, kind, generous, industrious, and to respect people. After Betashar, the bride would step over and bow to the shanrak. Then she would sit in a screen. Before stepping over the yurt threshold, the mother-in-law would throw some fat into the fire at the center of the yurt. This tradition remained from ancient times, and is still practiced today. Throwing fat into the fire on this occasion was to remind the new bride that as hostess running her own household that she must remember to always be prepared to receive guests. Throwing fat on the fire made it burn hotter; reminding her thst she must always be generous with visitors.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет