Мәдениеттану Публикация учебных и научных материалов презентаций в Pdf формате на веб- ресурсах КазНУ



Pdf көрінісі
бет32/49
Дата21.07.2022
өлшемі1,45 Mb.
#147637
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49
Байланысты:
Дәріс- Мәдениеттану- ГТХ

 
Дәрістің сұрақтары: 
1.Қазақтың алғашқы ғалымдарының бірі Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 


2.Қазақ мәдениетінің кемелденуіне үлкен үлес қосқан тұлға – Ыбырай 
Алтынсарин 
3.Қазіргі қазақтың рухани мәдениетінің негізін салушы – ұлы философ-
ақын Абай Құнанбаев 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
1 сұрақ. Қазақтың алғашқы ғалымдарының бірі Шоқан Шыңғысұлы 
Уәлиханов. 
Қазақтың дәстүрлі мәдениетін заманның жаңа талаптарына сай әрі үйлесімді 
өзгертудің бір бағдарламасын қазақ ағартушылары негіздеген. Егер Зарзаман 
өкілдері ресейлік ықпалды түгелімен теріске шығарып, өткен уақыт 
құндылықтарын жандандыруға шақырса, қазақ ағартушылары екі Ресейді 
айыра білді (орыс білімділері және әкімшіл жүйе).
Қазақстан мәдениетінде үлкен ұлес қосқан қазақтың алғашқы ғалымдарының 
бірі Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов орыстың әскери мектебінің түлегі еді. 
Алайда, Шоқанды қазақ даласында орыстандыру саясатын жүргізуші деп
бағалау үстірт болады. Арғы атасы Абылайды пір тұтқан Шоқан өз халқының 
мәдениетін жоғарғы деңгейде көтеруге тырысты. Бұған негізгі құрал оның 
ағартушылық әрекеті болды. 
Қазақ ағартушыларына Еуропадағы ағылшын, неміс, француздардағы
сияқты жалпы ортақ белгілер тән еді. Ең бастысы –ғылым мен білімді 
адамдарды бақытқа жеткізетін күш деп ұғыну. Алайда, қазақ 
ағартушыларының өзіндік ерекшеліктері де жеткілікті. Мұның өзі Шығыс 
Ренессансына, тәуелсіз Қазақ хандығына және империясына құрамындағы 
бодан халық тағдырына қатысты. 
Ағартушылық мәдениеттің негізгі тетігі – адам. Шоқан сыртқы әлемге «дала 
адамын» түсіндіргісі келді. Осы мақсатпен ол қазақ және қырғыз 
халықтарының миф-аңыздарын, салт-дәстүрін, діні мен тілін зерттейді.
Шоқан жазған «Үлкен қырғыз-қайсақ ордасының ескі аңыз адамдары», 
«Қазақтардағы шамандықтың іздері», «Қашқария туралы жазулар», 
«Сахарадағы мұсылмандық туралы» және т.б. ғылыми еңбектерде қазақ және 
басқа түрік халықтарының мәдениетіне энциклоредиялық талдау берілген. 
Шоқанды тек қазақ ағартушысы деп шектеу жеткіліксіз. Ол шын мәнінде 
нағыз ренессанстық тұлға. Не бары 30 жыл ғана өмір сүрген ол өзін 
дарынды тарихшы, тіл маманы, географ, мәдениеттанушы ретінде Еуропа 
мен Азияға таныстырып отырды.
Шоқан туралы айтқанда, алдымен көзге түсетін мәселе –мәдениеттанушылық 
дихотомия – Батыс пен Шығыстың арақатынасы. Патшалық Ресейде білім
алған империя офицері ретінде ол әрине, Черняев экспедициясына қатысты, 
басын қатерге тігіп, Қашқарияға жасырын барды. Ф.М. Достоевский, С.Р. 
Дуров, Н.Г. Чернышевский сияқты орыстың озық ойлы ғұламаларымен 
достасып, алдыңғы қатарлы Еуропа мәдениетінен нәр алды. Шоқанның бар 
арманы өз халқы мен төл мәдениетін, тарихын, тілін жоғары деңгейге 
көтеріп, жалпы адамзаттық мәдениетке тең етіп қосу болды. Осының негізгі 
құралы деп Ресей мәдениетін қазақ сахарасына таратуды атады. Омбыда 
оқып жүрген кезінен бастап-ақ Шоқан екі түрлі Ресей бар екендігін сезді: бірі 


– озық ойлы, адамзатты ардақтаушылар, екіншісі – отаршылдар. Шоқан 
патша әкімшілігінің Қазақстан туралы саясатына әр уақытта күдікпен 
қарады. Мысалы, әуелде «жақсы әскербасы және әділ» болар деп ойлаған 
М.Г. Черняевті Шоқан өз халқының мүддесіне қолданғысы келіп, оның 
жорығына қатысты. Алайда, орыс әскерінің жантүршігерлік қылмыстарын 
байқаған Ш.Уәлиханов патша қызметін тастап, еліне қайтып келеді. М.Ф. 
Достоевскийге жазған бір хатында Шоқан, отандастарыма пайда тигізу үшін 
тіпті сұлтан болғым да келді дейді. Алайда, өмір шындығы оның бұл ойының 
қиял екендігін көрсетті. Даладағы зорлық- зомбылықты жалғыз білімді әкім 
жеңе алмас еді.
Шоқан араласқан тағы бір мәдениеттанулық мәселе мұсылмандық туралы 
болды. Қазақтарды жылдам христианға айналдыра алмайтынына көздері 
жеткен патша әкімдері исламның өздеріне қажетті жақтарын нығайту 
мақсатымен далаға көптеген татар және Бұхар молдаларын жіберді. Шоқан 
осы саясатқа қарсы шығып, орыс-қазақ мектептерін көбірек ашуды талап 
етті. Бірақ бұдан Ш.Уәлиханов атеист болды және исламға қарсы күресті 
деген пікір тумау керек. Шоқан бұрын қазақтар арасында кең таралған 
тәңірілік дін және шамандықтың маңызын көре білді, исламға қарсы 
шығудан бас тартты; ол: «біз исламды қудалауды ұстанбаймыз, мұндай 
қадамдар қарама-қарсы нәтиже беруі мүмкін. Бірақ біз үкіметтің қандай да 
болсын білімге қарсы дінге қамқорлық жасамауын және далада ұрып-соғу
мен қорқыту негізделген теологиялық заңдарды күштеп енгізбеуін сұраймыз 
және талап етеміз» – деп жазды. Яғни, Шоқан мұсылмандықтағы мәдени-
тұтастық функцияларды көре білді. Ұлы мәдениеттердің тоғысуында 
дүниежүзілік діндер интеграциялық қызмет атқарады. Қысқаша айтқанда, 
Шоқанның қазақ мәдениетіне қосқан үлесінің негізінде Батыстың да, 
Шығыстың да тигізген әсері емес, өз халқының төл мәдениеті жатыр.
Шоқанның өзіне сөз берелік: «Далалық орданың тұрғындары – қазақтар 
өздерінің моральдық қасиеті, ақыл-ой қабілеті жөнінен отырықшы татар 
немесе түркі шаруаларына қарағанда әлдеқайда жоғары тұр... Осынау дала 
көшпелілерінің ақынжанды болып келетіні мұңсыз-қамсыз болу керек 
немесес ұдайы ашық аспан астында, шет-шегі жоқ шүйгін дала құшағында 
ғұмыр кешкен соң табиғат шіркінді Тәңірі тұтқандықтан болар. Түрік атаулы 
халықтардың арасында өзінің ақындық қабілет-дарыны жөнінен қазақтар 
бірінші орында болса керек». 
Халықтың тәуелсіздіктен айырылып, бодан болуынан ұлттық мінезде 
ұнамсыз қылықтар көбейе түсіп, жасқаншақтық, “құлдық психология” пайда 
бола бастады. Қазақ елі осындай тұйыққа тіреліп, одан қалай шығуды білмей, 
болашағын ойлап, қабырғасы қайысқан кезде халқымыздың Шоқан, Ыбырай, 
Абай сынды асыл перзенттері ұлттық әдеп жүйесінің күрделі мәселелерін 
шешуге ұмтылды. Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев 
орыс мәдениеті мен білімінен нәр алуға шақырды. Олардың арасында 
қазақтың дәстүрлі құқығын арнаулы зерттеген ғалым – Шоқан Уәлиханов.
Ол өзінің «Сол реформасы жөніндегі жазбасында» қазақтың дәстүрлі әдебіне 
терең талдау бере келе, оны бұрынғы заман талаптарына сәйкес болды және 


қоғамдық ынтымақтастықты нығайтудың басты құралы болды деді. Оның 
пікірінше, Ресей империясы халықтарының ішінде қазақтар жаңашылдықты 
қабылдауға бейім тұрады. Шоқанның айтуынша, біз жақсы деп есептейтін 
белгілі бір жағдайларда адам кім бола алатындығы туралы сенімді білімнің 
бар екендігін мойындаған кезде және адам өзі кім бола алатынымен өзі 
шұғылданған кезде ғана оның жаны тынышталады деп, сондай-ақ жеке 
тұлғалар мен мәдениеттердің түпкі этикалық мақсаттарының арасында 
айтарлықтай айырмашылық жоқ деп, құндылықтарда мәдени өзгешеліктер 
өзара үйлесімді келеді, өйткені әрекет құндылықтары жөніндегі пікір өзі 
пайда болатын белгілі жағдайларды есепке алады, оның салдары – сол 
әрекеттің өзі жағдайлардың бір жиынтығына сәйкес келсе – дұрыс, ал 
жағдайлардың басқа бір жиынтығына қайшы келсе бұрыс болады деп 
мойындаған кезде ғана жақсы мен жаман, дұрыс пен бұрыс, ұнамды мен 
ұнамсыз нәрселер жөнінде сөз етуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет