Мәдениеттану


АЛҒАШҚЫ ҚАУЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫС МӘДЕНИЕТІНІҢ СИНКРЕТИКАЛЫҚ СИПАТЫ



бет11/12
Дата07.02.2022
өлшемі29,66 Kb.
#93242
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Мәдениеттану

8. АЛҒАШҚЫ ҚАУЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫС МӘДЕНИЕТІНІҢ СИНКРЕТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті қашан және қай жерде пайда болды? Бұл сұрақтарға нақты жауап беру оңайлыққа соқпайды, өйткені адамның қалыптасу процесінің тарихы тереңде, сонау көне заманда жатыр. Ақиқатқа жүгінсек, қазіргі антропология ғылымының өзі де адамзат баласының қалыптасып, дамуына байланысты туындайтын көкейкесті мәселелерге егжей-тегжейлі жауап бере алмайды. Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғашқы еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5 млн. жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та жеткілікті
Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді. Олар: тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі. Тас дәуірінің өзі дүниежүзілік ғылымда бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Көне тас дәуірі (палеолит) “Палеолит”термині гректің “палайос” – көне, “литос” – тас деген сөздерінен алынған, орта тас дәуірі (мезолит), жаңа тас дәуірі (неолит). Археология ғылымы саласындағы мұндай ғылыми тұжырым XІX ғасырда қалыптасқан. Тас дәуірі бұдан 2,5 – 2,6 млн. жылдай бұрын басталып, б.з.б. екі мыңыншы жылдықтың басына дейін созылған.
Алғашқы қауымдық құрылыстың екінші және үшінші кезеңдері – қола ғасыры – б.з.б. екінші және бірінші мыңжылдықтардың басын қамтыса, темір дәуірі шамамен б.з.б. бір мыңжылдықтың ортасынан басталады. Алғашқы қауымдық құрылыс өнерінің бастапқы кезеңінің басты ерекшелігі – синкретизм (гректің “қосылу” деген сөзінен шыққан) болды. Алғашқы адамдардың өзін қоршаған дүниені танып – білуі стихиялық жағдайда өтті және олар табиғат күштерінің алдында өте дәрменсіз болды. Тағылық жағдайында өмір сүрген маймыл тәріздес адамдар – пикантроптар, синантроптар және т.б. жануарлар дүниесінен біртіндеп бөлініп шыға бастайды. Сөйтіп олар үшін тіршіліктің жаңа кезеңі басталды. Ертедегі адамдар тобыры біріге жүріп, өздеріне баспана, мекен-жай үшін үңгірлерді, апандарды жануарлардан тартып ала бастайды. Олар табиғаттың дайын өнімдерін теріп жеп, аңшылықпен айналысты. Алғашқы қауымдық құрылыстың кемелденген кезеңі – неолит дәуірі. Бұл рулық құрылыстың орнығып,тас индустриясынның шарықтаған кезеңі. Бұл тұста, әсіресе өте сапалы етіп жасалған тас балталардың көмегімен алғашқы қауым адамдары ағашты кесіп үй салды, қайықтар жасады. Жаңа тас дәуірінде адамдар саз балшықты күйдіріп, оны су өткізбейтін қатты затқа айналдыруды үйреніп, оны одан әрі жетілдіре түсті.Өмір сүру қажеттілігінен туындаған бұл саладағы өз өнерін біртіндеп жетілдіре берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет