Анықтамалық ақпарат: Биоэтика — биологиядағы этикалық мәселелерді қарастыратын ғылым. Адам ғұмырын ұзарту, жасанды адамдарды өмірге келтіру және бейімдеу, талантты тұлғаларды генетикалық тәсілдермен сұрыптау, тұқым қуалайтын сырқаттармен күрес, адам ағзаларын дәрігерлік мақсаттарға пайдалану, т.б. қазіргі заманның өзекті мәселелеріне айналып отыр. Биоэтикалық зерттеулерде моральдік қасиеттер бүкіл тіршілікті қамтитын эволюция арқылы сарапталады, оның алға жылжуына септігін тигізетіні — оң құндылыққа, қарсы әрекет ететіні теріс құндылыққа жатады.. "Биоэтика" терминін 1970 жылы американдық онколог Ван Ренсселер Поттер ұсынған. Ол адамдардың лайықты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін Гуманитарлық ғылымдар мен жаратылыстану ғылымдарының өкілдерін (ең алдымен биологтар мен дәрігерлер) біріктіруге шақырды.
Биоэтика-өмір туралы ғылымның жаңа жетістіктерін қолданудың моральдық, әлеуметтік, құқықтық аспектілерін талдау мақсатында биомедициналық және гуманитарлық ғылымдарды біріктіретін Пәнаралық ғылыми бағыт Халық денсаулығы туралы Кодекстің 1-бабы. биоэтиканы білімнің пәнаралық саласы, ғылым ретінде бекіту медицинаның моральдық-этикалық және құқықтық аспектілерін түсіндіруге мүмкіндік береді.
Кейсті орындау бойынша тапсырмалар: 1. Кейстегі істің жағдайын талдаңыз, мәселенің мәнін түсініңіз.
2. Қыздың әкесінің бүйрегі медициналық параметрлер бойынша қызын трансплантациялауға жарамсыз екені (яғни, биологиялық сәйкессіздікке байланысты) туралы туыстарына жалған хабарлау медициналық қызметкерлер тарапынан медициналық этика нормаларын және заң нормаларына қайшы келе ма?
Талқылауға арналған сұрақтар: Донордың қандай құқықтары бар?
Медициналық қызметкерлер шынаы ақпарат берген жағдайда этикалық нормалар сақтала ма?
ҚР заңнамасында және ҚР медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намысы кодексін осы жағдайға байланысты нормалар бар ма?
2 Кейс. Полицейлер әлеуметтік желіде жарияланған видеода қауіпті жұқпалы ауру туралы жалған ақпарат таратқан дәрігер М. - ды ұстады. М. облыстық аурухананың анестезиолог дәрігері болып шықты. Дәрігер жалған ақпарат тарату фактісін мойындады және жасаған әрекеті бойынша шын жүректен өкінішін білдірді.
М. жалған ақпаратты таратуға тыйым салатын норма бар екенін білмейтініне сілтеме жасады. Алайда полицейлер заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды және жалған ақпарат тарату қоғамда негізсіз дүрбелең тудыруы мүмкін дейді.
Облыстық полиция басқармасында кешенді тергеу іс-шаралары жүргізліп, оның нәтижелері бойынша қылмыстық іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданды, яғни жалған мәліметтер таратқаны үшін дәрігер М. бес мың АЕК (айлық есептік көрсеткіш) дейінгі мөлшерде айыппұл салынды.