Медициналық ҚҰҚЫҚ ПӘні бойынша практикалық тапсырмалар мен кейстер жинағЫ


Кейсті орындау бойынша тапсырмалар



бет10/60
Дата27.11.2023
өлшемі180,6 Kb.
#193737
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60
Байланысты:
04.06МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ (2) (1)

Кейсті орындау бойынша тапсырмалар:
1. Берілген ақпараттың маңыздылығын бағалаңыз, жағдайды талдаңыз, мәселенің мәнін түсініңіз.
2. ҚР Конституциясының және денсаулық сақтау саласындағы заңнаманың нормаларын зерделеу негізінде осы жағдайға талдау жасаңыз.
3. Қабылдау бөлімі медициналық қызметкерлерінің әрекеттерінің негізділігі мен заңдылығын анықтаңыз.
4. Осы мәселені шешудің мүмкін нұсқаларын ұсыныңыз.
Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Қабылдау бөлімі медициналық қызметкерлерінің әрекеттері ҚР Конституциясы мен Кодекстін қандай номаларын бұзды?

  2. ҚР заңнамасына сай азаматтарға жедел жәрдем көрсету тәртібі қандай?

3. Сіз қалай ойлайсыз, медициналық ұйым немесе медицина қызметкерлерін құқықтық жауапкершілікке тартуға бола ма?


Кейс 2.
Азамат А. жалақысы сақталмайтын ұзақ демалысқа шықты, осы кезеңде жұмыс беруші МӘМС жарналарын төлемеген. Емханаға жүгінген кезде азамат А. медициналық қызмет көрсетілмеді. Азамат А емхана медициналық қызметкерлерінің әрекетіне «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің» Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Басқармасына арыз жазды. Арыз бойынша шешім қабылдау жолын анықтаныздар.
Кейсті орындау бойынша тапсырмалар:
1. Берілген ақпараттың маңыздылығын бағалаңыз, жағдайды талдаңыз, мәселенің мәнін түсініңіз.
2. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтардын «сақтандырылған» мәртебесінен «сақтандырылмаған» мәртебесіне ауысу тәртібін анықтаныздар.
3. ҚР азаматтары «сақтандырылған» мәртебесін жоғалтпауды ұамтамасыз ететін заңнамада бекітілген тәртіпті анықтаныздар.
4. ҚР мемлекетпен кепілденген және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде алатын медициналық көмек көлемін заңнамаға сай анықтаныздар.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Қандай уақыттан кейін азамат А. мәртебесі әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі «сақтандырылған» мәртебесінен «сақтандырылмаған» мәртебесіне ауысады?
2. «Сақтандырылған» мәртебесін жоғалтпау үшін азамат А қандай әрекеттер жасау керек?
3. «Сақтандырылған» мәртебесін жоғалтқан жағдайда азамат А. қандай көлемде медициналық көмек алуға құқығы бар?


Кейс 3.
Павлодардағы сәбидің жантүршігерлік өлімі орын алды. Павлодар тұрғыны перинаталдық орталыққа жүктіліктің 25-ші аптасында жеткізілді. Ананың мерзімінен бұрын босануына байланысты жаңа туылған нәрестенің салмағы небары 700 грамм болды. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы өте ауыр болған. «Гемодинамикалық, тыныс алуы бұзылып, қиындатылған болатын. Бала дереу жансақтау бөліміне жеткізілді, одан әрі медициналық қызметкерлер тарапынан реанимациялық іс - шара жүргізілді. Дәрігерлердің айтуынша, баланың гемоглобині күрт төмендегендіктен, жағдайы нашарлап кеткен. Олардың айтуынша, нәрестеге шұғыл түрде трансфузия жасауы керек еді, бірақ туыстары діни себептерге байланысты трансфузия рәсімнен бас тартты. Нәтижесінде бала бар болғаны 27 сағат өмір сүрді. Дәрігерлер діни негіздерге байланысты балаларды емдеуде сәтсіздіктерге жиі тап болып отыратынын атап өтті. Баланың өмірін сақтап қалу ҚР заңнамасында құқықтық негіздер бар ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет