Тақырып бойынша сұрақтар: 1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы қазіргі заңнамасының жай-күйі: қалыптасу тарихы мен жай-күйі.
2. Медициналық құқықтың көздері.
3. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының құрамы.
4. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнама жүйесін құрудың мақсаттары, міндеттері және қағидаттары.
Тапсырмалар: 1. Тақырыптың сұрақтарын зерттеп, оларды аудиторияда талқылауға дайындалыңыз.
2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарын, міндеттерін, басым стратегиялық бағыттарын сипаттаңыз (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 982 Қаулысы).
3. Халықтың денсаулық туралы Кодекстің 2-бабы, 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 7-бабы ережелерін оқып шығыңыз және кестені толтырыңыз.
Кесте 1.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерi (актілердін атауын жазыныздар)
Нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерi (актілердін атауын жазыныздар)
4. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық актілердің сипаты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының актілерінің тізбесін жазып дайынданыздар және қандай ұлттық құқықтық актілердін негізін қалыптастырғанын анықтаныздар (кесте толтыру).
Кесте 2