ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚР АК - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
ҚР ҚК - Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі
ӘҚБтК - ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі
ҚР ЕК - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі
Халық денсаулығы Кодексі - ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы
БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдары
ЖШС - Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
НҚА - Нормативтік құқықтық акт
т. - тармақ
тт. - тармақша
б. - бап
бб. - Бап бөлігі
КІРІСПЕ
Адам өмірі мен оның денсаулығы-мемлекеттің ең қымбат қазынасы. Бұл қағида құқықтық мемлекеттің негізгі элементі ретінде ҚР Конституциясында бекітілген. ҚР Конституциясының 29 бабында «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы және заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алу» құқығы бекітіліп, еліміздегі медициналық қызметтің мазмұны айқындалған. Осыған сәйкес денсаулық сақтау жүйесін құқықтық реттеу мәселелері ерекше өзектілікке ие. Медицина қызметкері адамның денсаулығы мен өміріне жауапты тұлға, сол себептен оның кәсіби қызметін жүзеге асыру медицина қызметкерлерінің де, пациенттердің де құқықтары мен міндеттері туралы құқықтық білімсіз мүмкін емес.
ҚР денсаулық сақтау саласынының дамуының қазіргі жағдайында медициналық құқық проблемалары ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
«Медициналық құқық» пәнін оқу болашақ дәрігерлерді медициналық қызметті құқықтық реттеудің негіздерімен, медицина қызметкерлердің, пациенттердің құқықтары мен міндеттерімен, денсаулық сақтау саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін заңды жауапкершілікпен таныстыруға бағытталған.
«Медициналық құқық» оқу пәнінің көлемі мен күрделілігі пәнді игеру мақсатында білім алушыларға нормативтік құқықтық актілер, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен өз бетінше жұмыс жасауға көмек ретінде ұсынылады.
Медициналық құқық бойынша практикалық сабақтардың негізгі мақсаты:
соттардың, құқық қорғау органдарының тәжірибесінен және басқа да өмірлік жағдайлардан алынған істерді шешудің тиісті нұсқаларын ұжымдық талқылау және тапсырмаларды орындау;
нормативтік-құқықтық актілерді талқылау және қолдану құзіреттілігін қалыптастыру;
болашақ медициналық қызметкерлерге құқықтары, міндеттері және құқықтық жауапкершілік негіздері мен құқықтарын қорғау тетіктерімен таныстыру.
Ұсынылып отырған басылым «Медициналық құқық» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес дайындалды.
Оқу-әдістемелік құралда парктикалық сабақ тапсырмалары, кейстер, әдістемелік ұсынымдар, бақылау сұрақтары, оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттер және пәнді терең меңгеруге, кәсіби қызметте қажетті дағдыларды алуға ықпал ететін нормативті-құқықтық актілер ұсынылған.
Тапсырмалар мен кейстер білім алушылардың денсаулықты қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін заңдардың, өзге де НҚА мәтіндерімен жұмыс істеу және талдау, фактілер мен мән-жайларды заңдық тұрғыдан дұрыс саралау, проблемалардың шешімдерін өз бетінше іздеу және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру бойынша кәсіби құзыреттерін дамытады. Көптеген кейстер медициналық қызметкердің кәсіби қызметте кездесетін немесе кездесуі мүмкін жағдайларға негізделген. Оқу-әдістемелік құралдағы берілген материалдардың едәуір бөлігі білім алушылардын жалпы мәдени құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |