Медициналық қызметтің мазмұны және түрлері. Медициналық мекемелер жүйесі



бет2/8
Дата23.06.2022
өлшемі38,24 Kb.
#146991
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
МІН 3 теория

Медициналық-әлеуметтік көмек – әлеуметтік маңызды аурулармен ауыратын азаматтарға профильді мамандармен көрсетіледі. Қазақстан Республикасы вирусты үкіметінің 2009 жылдың 4 желтоқсанында қабылданған қаулысы бойынша әлеуметтік маңызыбар ауруларға: туберкулез, ЖИТС, вирусты гепатит В, С, қатерлі ісік аурулары, қант диабеті, психикалық ауытқулар.балалардың церебральды сал ауруы, миокард инфарктісі (алғашқы алты ай), ревматизм және т.б.
1.2 Медициналық көмекті көрсету түрлері
Медициналық көмектің келесі түрлері көрсетіледі:
1) амбулаторлық-емханалық көмек, сонымен қатар алғашқы медициналық-санитарлық көмек, диагностткалық көмек.
2) стационарлық көмек;
3) стационар алмастырушы көмек;
4) жедел медициналық көмек;
5) санитарлық авиация;
6) төтенше жағдайлардағы медициналық көмек;
7) сауықтыру көмегі мен медициналық реабилитация;
8) паллиативті көмек пен мейірбикелік күтім;
9) дәстүрлі медицина, халықтық медицина (емшілік).
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) – адам, отбасы және қоғам деңгейінде қолжетімді медициналық қызметтердің кешенін қамтитын дәрігерге дейінгі немесе білікті медикалық көмекті қамиды:
1) жиі кездесеін аурулар, жарақат, улану және басқа да күттірмейтін жедел жағдайларды диагностикалау мен емдеу;
2) санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы іс-шаралар мен ауруларды алдын-алу;
3) санитарлық-ағарту жұмысы.
АМСК келесі мамандар қызметімен жүзеге асады: участкелік терапевт, педиатр, акушер-гинеколог, жалпы тәжірибелі дәрігер, фельдшер, мейірбикелер. АМСК атқаратын ұйымдардың қызметі – медициналық ұйымды таңдау құқығын ескере отырып, азаматтарды аймақтық тип бойынша жергілікті тұрғын мекен-жайы немесе бекітілуі бойынша емделіп-қаралуын қамтамасыз ету.
Кеңес-диагностикалық көмек – тәуліктік бақылауы жоқ мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек.
Стационарлық көмек – тәуліктік бақылауы, күтімі бар білікті мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек. Стационарлық көмекті қамтамасыз ететін денсаулық сақтау ұйымы науқастарға дертіне сай күтім мен тамақтану үрдісін қамамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет