Медициналық қызметтің мазмұны және түрлері. Медициналық мекемелер жүйесі



бет5/8
Дата23.06.2022
өлшемі38,24 Kb.
#146991
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
МІН 3 теория

Фельдшерлік-акушерлік пункт – ауылдық елді мекенде алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсететін емдік-профилактикалық мекеме. Басқа емдік-профилактикалық мекемелерден алшақ қашықтықта орналасқан жағдайда ұйымдастырылады (4-6 км көп). Участкелік принцип бойынша жұмыс жасайды. Дайын дәрі-дәрмектерді сатуға арналған дәріханасы бар.
Штат құрамына фельдшер, акушер және санитарка кіреді. Фельдшерлік-акушерлік пунктінің қызметкерлері амбулаторлық қабылдауда немесе үйде медициналық көмек көрсету, шұғыл және жедел дәрігерге дейінгі көмек көрсету, инфекционды науқастарды анықтап, эпидемияға қарсы іс-шаралар жасайды, елді мекен аймағын, қоғамдық тамақтану мекемелерін, саудадағы азық-түліктерді санитарлы қадағалайды. Фельдшер жоспарлы медициналық қарауды, тұрғындарды диспансерлеу, профилактикалық іс-шаралар ды іске асырады. Акушер әйелдерге жүктілік кезінде және босану уақытында көмек көрсетеді, босанған әйелдерге және 3 жасқа дейінгі балаларға патронаж жасайды.
Медициналық-сантиралы бөлім – өндірістік мекемелерде жұмысшыларға және олардың отбасыларына медициналық көмек көрсету, цехтік участклік принцип бойынша өндірістік мекемеге тіркелген жұмысшыға қызмет көрсететін амбулаторлы типті емдеу алдын-алу мекемесі. Медициналық-санитарлық бөлімде емханадағыдай негізгі мамандық дәрігерлері және кәсіби патологиялары бойынша мамандар қызмет етеді.
Медициналық-санитарлық бөлім құрамына емханадан басқа стационар, денсаулық пункті, профилакториялар, санаториялар, балаларды сауықтыруға арналған лагерлер және т.б. кіретін комплексті емді-профилактикалық мекеме.
Медициналық-сантиарлық бөлімнің мақсаты жұмыс процессімен байланысты аурулардың алдын алу, алғашқы көмек көрсету және науқастарды емдеу. Участкелік (цехтік) дәрігер мен мейірбике жұмыс орнындағы қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбек шарттарын зерттейді, кәсіби зияндылықтарды анықтап, өндірістік жұмысшылардың еңбек шарттарымен тұрмысын жақсартуға және өнеркәсіп жұмысшыларының өндірістік жарақат алуының алдын-алуға бағытталған алдын-алу іс-шаралар комплексін ұйымдастыруға қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет