Медициналық қызметтің мазмұны және түрлері. Медициналық мекемелер жүйесі



бет3/8
Дата23.06.2022
өлшемі38,24 Kb.
#146991
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
МІН 3 теория

Стационар алмастырушы көмек – жұмыс күні аяқталғанға дейін ұзақтығы 4-тен 8 сағатқа созылатын бақылау үрдісі мен дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек түрін қамтиды.
Жедел медициналық көмек – денсаулыққа зиян келуі мен өлім қаупін алшақтату мақсатында жіті медициналық көмекті талап ететін медициналық көмектің бір түрі. Жедел медициналық көмек ҚР азаматары, шетелдікер, республика аумағында мекен ететін азаматығы жоқ адамдарға мемлекеттік бюджет есебінен тегін көрсетіледі. Бұл ұйымдарға ақылы қызмет көрсетіге тыйым салынады. 
Санитарлық авиация – медтехникалық жабдықталуы немесе арнайы білікті мамандардың тапшылығы жағдайында науқастың тұрғылықты мекені бойынша жедел медициналық көмек көрсету. Көмектің бұл түрін қамтамасыз ету үшін білікті мамандарды тағайындалған орынға жеткізеді немесе арнайы тасымалдау құралдарымен қамтамасыз етіп, науқасты медициналық ұйымға жеткізеді.
Сауықтыру мен медициналық реабилитация көмек түрі туа біткен және жүре пайда болған, сондай-ақ жіті, созылмалы аурулар мен жарақаттар салдарынан туындаған аурулармен ауыратын азаматтарға реабилитация бөлімшелері мен санитарлық-курорттық ұйымдарда көрсетіледі.
Паллиативі көмек пен мейірбикелік күтім – дәрігердің бақылауымен емдеуге келмейтін науқастар мен терминалды (ақтық) сатыдағы аурулары бар науқастарға аурухананың арнайы бөлімшелерінде немесе хоспистарда, үйдегі стационар түрінде берілетін күтім түрі. Мейірбикелік күтім дәрігерлік бақылауды қажет етпейтін жағдайларда ғана жүргізіледі.
Дәстүрлі медицина, халықтық медицина (емшілік).
Дәстүрлі медицина әдіс-тәсілдеріне гомеопатия, гирудотерапия, мануалды терапия, рефлексотерапия, фитотерапия мен табиғи жаратылысы бар заттармен емдеу жатады. Емшілік ету құқығына ие болу үшін азаматта медициналық білім мен еібегіне сәйкес лицензиясы болуы міндетті.
Жаппай емшілік пен жаппай ақпарат құралдарын қолдану арқылы емшілік ету заңмен қудаланады. Халықтық медицинамен және емшілікпен заңсыз айналысатын азаматтар Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жауапкершілікке тартылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет