Медициналық қызметтің мазмұны және түрлері. Медициналық мекемелер жүйесі



бет8/8
Дата23.06.2022
өлшемі38,24 Kb.
#146991
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
МІН 3 теория

Сауықтыру орталығы ( лат. sanare-емдеу, айығу) және алдын-алу ЕАМ аурухана алмастырушы типті, науқастарға табиғи факторларды қолдану арқылы ауруынан айығуға көмек беретін орталық: ауа, теңіз суын, минералды суларды, емдік батпақтарды және т.б күніне 4 сағаттан 8 сағатқа дейін медициналық бақылауды ұйымдастырады.
Профилакториялар елді аймаққа жақын орналасқан орман-саябақтық зонадағы ірі кәсіпорындарда, санаториялар – курортты аймақтарда орналасады.
Перзентхана - бұл жүктілерге, босанған және босанатын әйелдерге көмек көрсететін ЕАМ. Ірі перзентханалар, сонымен қатар гинекологиялық көмек көрсетеді.
Босану үйлері ауданның емдік-профилактикалық мекемелерімен тығыз байланыста (емханамен, туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық диспансермен) болуы жан-жақты және толық медициналық көмек көрсетуге жағдай жасайды. Босану үйі құрамындағы әйелдер консультациясы жүктілерге әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.
Хоспис (ағылшын тілінен Hospise) - жағымсыз болжамды аурулары бар науқастарға лайықты күтім және көмек көрсетін медициналық орталық.
Хоспис пациенттері «үй» жабдықтарымен жабдықталған, сонымен қатар олар туыстары және достарымен еркін көрісе алады. Медицина қызметкерлері паллиативті медициналық көмек көрсетеді: науқастар оттегін, зондпен тамақтану, ауырсынуды басатын заттарды және т.б. ала алады. Минимум дәрігерлер, максимум орта және кіші медицина қызметкерлері. Хосписте болудың негізгі мақсаты – соңғы күндерін жарқын өткізу, азаптарын жеңілдету.
Күндізгі стационар – нақастардың бірнеше сағат болуына арналған, бұл жерде кезекпен бірнеше емдеу шаралары және зерттеу жұмыстары жүргізіледі, емханананың емдеу диагностикалық қызметін пайдалану арқылы.
Күндізгі стационар құрамында болуы керек:
- кезекші мейірбике тұрағымен палаталар;
- дәрігерлер бөлмесі;
- ем-шара бөлмесі;
- науқастар күндіз болатын бөлмелер;
- санитарлық-гигиеналық бөлмелер;
- таза және кірленген заттар орналасатын бөлме.
Травматологиялық пункт ауруханалар құрамындағы елді мекенде тұратын жарақат алған адамдарға тәуілік бойы шұғыл көмек көрсетеді.
Науқастың белсенділік тәртібі
Науқастың белсенділік тәртібі науқастың ауыр-жеңілдігіне байланысты бөлінеді:
Жалпы
Жартылай төсекті
Төсекті
Қатаң төсекті
1. Егер науқас адам өз бетінше жүріп-тұра алатын болса және өз аяғымен дәретханаға, ем қабылдауға, асханада тамақтануға, туыстарымен кездесуге шамасы келсе мұндай тәртіпті жалпы төсекте жату тәртібі деп атайды.
2. Егер дәрігер науқас адамға сырқатының ауырлығына байланысты көп қозғалуға рұқсат етпесе, тек қажет болған жағдайда ғана қозғалуға /дәретханаға, ем қабылдауға, асханада тамақтануға, туыстарымен кездесуге/ рұқсат етілсе мұндай тәртіпті жартылай төсекте жату
тәртібі деп атайды.
3. Егер науқас адамның тек өз төсегінде ғана қозғалуына рұқсат етіліп, басқа артық қозғалыс жасауына рұқсат етілмесе мұндай тәртіпті төсекте жату тәртібі деп атайды.
4. Егер науқас адамның өз төсегінде жатып қозғалуына рұқсат етілмесе /етпетінен, бір қырынан, отыруына/ мұндай тәртіпті қатаң төсекте жату
тәртібі деп атайды. Төсек тартып жатқан науқастардың төсекте жату қалпының 3 түрі бар.
Науқастың төсектегі қозғалыс қалпы:
Белсенді
Енжарлы
Мәжбүр
Белсенді немесе еркін қалып – жеңіл ағымды аурулармен ауырған науқастарда кездеседі. Ол кезде науқас өздігінен қимылдап өз денесінің қалпын еркін қозғалта алады, өзін-өзі күте алады.
Енжарлық қалып – науқас қимылсыз, жағдайы ауыр, өз-өзіне күтім жасай алмайды.
Мәжбүрлік қалып – ауру адамның жағдайын жеңілдететін қалып. Науқас өзін мазалайтын ауырсыну сезімдерін азайту үшін немесе мүлдем тоқтату үшін қолданады. Клиникада мәжбүр қалыптың бірнеше түрі кездеседі:
Ортопное- өкпе демікпесінде науқас амалсыз төсегінде отырады. Осы уақытта ентігуі азаяды.
Амалсыз бір бүйірінде жату қалпы – жүрек ауруларында, науқас амалсыз оң бүйіріне жатады, сол бүйіріне жатқанда, жүрегі қысылады.
Амалсыз шынтақ пен тізеге отыру қалпы – бұл экссудативті плеврит ауруына тән.
Амалсыз ішінен жату қалпы – асқазан жара ауруларына тән.
Арқасымен жату қалпы – шалқасынан жату миокард инфарктісінде қолданылады

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет