Жалпы мықын артериясынынан тармақталатын жұп ірі сабау, ішастар ішінде орналасып, m.psoas major-дың медияльді жиегімен алға және төмен бағытталады; шап жалғамасының астымен тамырлық тесікке (lacuna vasorum) барып аттас венадан латеральдік жатады сыртқы мықын артериясы тамырлық тесіктен санға шыққан соң, оның тікелей жалғасы сан артериясы a.femoralis.
Сыртқы мықын артериясы келесі тармақтар береді:
Сыртқы мықын артериясы келесі тармақтар береді:
A.epigestrica inferior-төменгі құрсақ үсті артериясы.бұл артерия өз кезегінде екі тармақ береді:
A.obturatoria мен жалғасып symphysis pubica-ға баратын ramus pubicus және m.cremaster мен аталық безге баратын a.cremastrica.
A.circumflexia ilium profunda-мықын сүйегін орап жататын терең артерия.
Сан артериясы (arteria femoralis) сыртқы мықын артериясының жалғасы, шап жалғамасының астында басталады. Ол тамырлық тесікте аттас тамырдан тысқары орналасады. Кейін сан ұшбүрышы арқылы әкелетін езекке кіріп, өзектің төменгі тесігі арқылы тақым шұнқырына барады. Артерияның тақым шұңқырындағы жалғасы тақым артериясы, а. рорlitea.
Беткей құрсақ үсті артериясы (arteria epi- gastrica superficialis) іштің алдыңғы кабырғасының шелмайына өтеді.
Мықын сүйектің беткей айналма артериясы (arteria circumflexa ilium superficialis) сан ұшбұрышында басталып, spina iliaca anterior superior-ға латералды және жоғары бағытталып, жалпақ шандырды керетін бұлшықетті және теріні қанмен қамтамасыз етеді.
Сыртқы жыныстық артериялар (arteria epudendae externae) сан ұшбұрышында басталып,еркек жыныс мүшесіне барады.Санның терең артериясы (arteria profunda femoris) сан артериясының ең ірі тармағы.