Медициналық сақтандыру



бет4/8
Дата22.11.2023
өлшемі1,46 Mb.
#192978
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
HSHEEYYKPZAQ04112023185449

Асықты жіліктің алдыңғы артериясы, (a tibialis anterior) тізеасты артериясының екі соңғы тармағының бірі. Басталғанннан кейін ол балтырдың бүккіш бетінің терең бұлшықеттерін тесіп өтіп, сүйек аралық жарғақтағы тесік арқылы сирақ алдына кетіп m.tibialis anterior мен m.extensor digitorum longus арасынан өтіп, төмендеу m. tibialis anterior мен m.extensor halluces longus аралығында жайғасады.

A tibialis anterior дың тармақтары:

A tibialis anterior дың тармақтары:

  • A reccurens tibialis posterior – асықты жіліктің артқы қайрылма артериясының тізе буынына және асық жілік пен оның шыбығы арасындағы буынға барады.
  • A reccurens tibialis anterior – асықты жіліктің алдынғы қайрылма артериясы тізе тобығының латералді жиегіне қарай келіп, rete articularae genus ты түзуге қатысады.
  • A malleolaris anteriores medialis et lateralis – алдынғы толарсақ артериялары, латералді және медиялді, олар rete malleolare mediale et laterale ны түзуге қатысады.

Асықты жіліктің артқы артериясы (A tibialis posterior)

Асықты жіліктің артқы артериясы тізеасты артериясының жалғасы. Ол сирақ-тақым өзегі арқылы өтіп, ахил сіңірінің медиалды жиегінде медиалды толарсақты төменнен және артынан орайды (осы жерде оның пульсациясы анықталады) Өзектің ішінде ең ірі тармағын – кіші жіліншік артериясын береді. Артерия сирақтың артқы және латералды топ тармақтарын қанмен қамтамасыз етіп, табанның медиалды және латералды артерияларына бөлінеді.

Үлкен қан айналым шеңберінің веналары : жоғарғы қуысты вена

Жоғарғы қуыс вена (vena cava superior) он жак I қабырға шеміршегінің артында, оң жақ және сол жақ иық-бас тамырларының бірігуінен түзіледі. ҰзындЫғЫ 5-8 cM,қуысының диаметрі 2,0-2,5 см-дей қақпақсыз тамыр, жоғарғы көкірек ортада, оң жағынан көкірек орталық өкпеқап пен сол жағынан өрлемелі қолқа арасында орналасады. Жоғарғы қуыс вена вертикалды орын алады, оның жоғарғы экстраперикардиалды және төменгі интраперикардиалды бөліктері бар, оң жақ жүрекшеге ашылады. Оның құйылымы сыңар тамыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет