4. Көз веналары (vv.ophtalmicae) көз шарасынан, көз жас безінен,қабақтан, мұрын қуысынан, көз шарасынан, маңдай бөлігі мен сыртқы мұрыннан өтеді;
5. Ішкі құлақ веналары (vv.auditivae), ішкі құлақтың жартылай дөңгелекті өзектері мен ұлудан қан жинайды.
барлық веналар ми қабығының қойнауына (sinus durae matris) қанапарады. Қойнаулар веналық тамырлар болып табылады, олардыңқабырғалары мидың қатты қабығының табақшасынан құралған жәнесондықтан түсіп кетпейді. Мидың негізгі қойнауларына:
Жоғарғы сагиталді қойнауы (sinus sagitalis superior) мидың қаттықабығының үлкен орақ тәрізді өсіндінің жоғарғы жиегімен бойлай көлденең қойнауға құяды;
төменгі сагиталді қойнау (sinus sagitalis inferior) үлкен орақ тәріздіөсіндінің жиегін бойлай тік қойнауға келіп құяды;
Тік қойнау (sinus rectus) көлденеңінен байланысады;
Көлденең қойнау (sinus transversus) шүйде сүйектерінің көлденеңжүлгеміне мишықтың артқы сызығы бойымен жатады; латералды ішкімойындырық венасына өтетін сигматәрізді латералды қойнауға келіпқұяды.
Ішкі мойындырық вена тармақтары:
Ішкі мойындырық вена тармақтары:
1.Бет венасы (vena facialis) бұрыш венасы (vv.angularis) аталып көздің медиалды бұрышында басталады және маңдай, қабақ, мұрын, бет, еріннің терісінен беттің бұлшықеттерінің шықшыт бездерін, жұмсақ таңдайын,жұтқыншақтың шырышты қабығынан, мұрын және ауыз қуысының мүшелерінен қан жинайды;
2.Төменгі жақсүйек артындағы вена (vena retromandibularis) бас терісінен,кіреберіс ұлу мүшесі аймағынан сонымен қатар сырқы есту өзегінен, дабылжарғағынан, шықшыт безінен шайнау бұлшықеттерінен, мұрын қуысынанжәне төменгі жақсүйектен қан қабылдайды.Мойында ішкі мойындырық венасы құяды.
3. Жұтқыншақ веналары (vv.pharyngiales) жұтқыншақтың қабырғаларының веналық өрімімен жұмсақ таңдайдан, есту түтігінен қан жинайды.