Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың


Шоқша сақалды қартқа тән қасиет



Pdf көрінісі
бет21/250
Дата24.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#129702
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   250
3.Шоқша сақалды қартқа тән қасиет 
A.
 
Мейірбандық 
B.
 
Ырымшылдық 
C.
 
Сезімталдық 
D.
 
Алғырлық 
E.
 
Еңбекқорлық 
4.Қыстың жайлылығы жайлы қарттың болжамы 
A.
 
Бөгелектердің ат жалынан асып кеткендігі 
B.
 
Үркердің әлі тумауы 
C.
 
Жылқының шайнақ тастағаны 
D.
 
Шолпанның биіктеп, шақырайып тұруы 
E.
 
Өрмекші торының бұталардан төмен керілуі 
5.Қыстың жұғымсыз белгісі 
A.
 
Шолпанның жарық туғаны 
B.
 
Өрмекшілердің тор құрғаны 
C.
 
Үркердің тууы 
D.
 
Шөптің нәрлі болғаны 
E.
 
Жылқы жеген шөбін илеп 
тастағаны 
6.Мәгінде суреттелетін әрекет 
A.
 
Жайлаудағы киіз басу 
B.
 
Көктемдегі егіс даласы 
C.
 
Күзеудегі тірлік 
D.
 
Жайлаудағы той-думан  
E.
 
Жайлаудағы әрекет 
 
 


3-мәтін 
Ең алғашқы шаңғы 
Ең алғашқы шаңғы жылқы қабырғасы мен терісінен жасалған. Шаңғының отаны 
- Алтай. Мұны сол өлкеде жүргізілген археологиялық қазбалар дәлелдейді. Бұл 
өлкедегі жартастарға қашалған ескі суреттер де қазақ даласында шаңғының 
болғанын аңғартады. 
Осыдан 10 мың жыл бұрын Алтай тауын мекендеген казақтың арғы 
тайпасының аяғында шанғының екі түрі болған. Бірі жылқының қабырғасынан 
жасалған, тері таспалы сүйек шаңғы болса, екіншісі - самырсыннан жасалып, 
жылқы, бұғы терісімен қаптапған тері шаңғы. 
Алтай — таулы, қыратты, қысы ұзақ, қарлы аймақ. Бұл өлкені мекендеген халық 
үшін шаңғы спорт түрі ғана емес, қатынасу кұралы болған. Қалың қар адам 
түгілі, жан-жануарлардың емін-еркін жүруіне кедергі. Сондықтан Алтайды 
мекендеген халықтың шаңғыны пайдаланғаны айдан анық. 
Қазақ шаңғысының бірінші түрі жылқы қабырғасынан жасалған. Жылқы 
қабырғасы - жылтыр, басы қайқы, ұзындығы бір метрдей жалпақ сүйек. Дайын 
шаңғы. Қар бетінде кедергісіз сырғанайды. Алтайды мекендеген арғы ата- 
бабаларымыз қабырға шаңғыға малдың терісінен жасалған таспа тағып, аяққа 
байлап сырғанайтын болыпты. «Сүйек шаңғы жеңіл болғанымен, сүр, қасат қар 
болмаса, жас көбікке қолайсыз. Сондықтан оны қар қатқан кезде, қара суықта 
ғана пайдаланатын болған», - дейді ғалымдар. Қабырға шаңғының кең 
қолданылмау себебі - сол. 
Шаңғының екінші түрі - тері шаңғы. Яғни бұл жас самырсыннан жонылып
жылқы мен бұғының пұшпақ терісімен қапталған. Төрт түліктің ішінде жылқы 
терісі жүні тықыр, сидам және төзімді келеді. Шаңғының осы екінші түрі 
археологиялық қазбаларда жақсы сақталған. Өйткені жылқы терісінен жасалған 
шаңғыны Алтай тауын мекендеген халық жаппай қолданыпты. Тері шаңғының 
бүгінгі шанғыдан айырмашылығы - енді, ағашы қалың. Енді болатыны - қарға 
батпайды, ал ағашының қалындығы тау жолына шыдамды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет