Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения



Pdf көрінісі
бет127/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3

список литературы
1. Ахметов А.А, Послание президента// Ветеринарный консультант. — 2016. — 304с.
1. https://www.who.int/ru/news-room/fact-sheets/detail/rabies;
2. Г.С. Скрипченко и соавт., 2003; Н.Д. Ющук и соавт., 2003;
3. В.А. Апалькин и др.2004; В.А. Ведерников и др.2002; З.А. Гольден-штейн и др.2001;
4. URL: http://privivkinfo.ru/posle-privivki/sostoyanie-sobaki-posle-privivki-ot-beshenstva.
html(дата обращения 13.12.17).
Научный руководитель Ешмухаметов А.Е. – кандидат ветеринарных наук, заведующий 
кафедрой «Ветеринарной санитарии» Казахского агротехнического университета 
имени С.Сейфуллина.


281
ҚазаҚстан наРығынДағы ЭкзотикалыҚ ЖемістеР
Ә.М. Тұрсын, 1- курс магистранты
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Нұр-Сұлтан қ. 
Жеміс-жидектер адам ағзасы үшін өте құнды болып келеді. Біз үшін үйреншікті бо-
лып кеткен банан, ананас, киви және құрма осыдан 20 жыл бұрын экзотикалық жемістер 
болып саналса, ал қазір оларды әрбір қазақстандық біледі. Бірақ заман ағымы бір орын-
да тұрмайды, қазіргі таңда экзотикалық жемістердің сан алуан түрі біздің елге импорт-
талуда. Фейхоа, мушмула, питахайа, маракуйя, авокадо, лонган, мангустин, папайа т.б. 
сынды экзотикалық жемістер біздің сауда нарығына күн сайын ағылуда. Олардың пай-
дасы көп болғанымен, зиянды жақтарын да ұмытпаған жөн. Сондықтан да экзотикалық 
жемістердің санитарлық жағдайын бақылап, олардың халықаралық стандарттарға сай 
немесе сай еместігін тексеру қажет. 
Қазіргі уақытта Қазақстандағы жеміс-жидектердің ассортименті климат жағдайына 
байланысты жемістерді өсіруге әсер ететін негізгі факторға негізделеді. Қазақстанда ауа 
райы оңтүстік аймақтарда да тұрақсыз. Отандық жемістер Қазақстан нарығында тек қана 
жемістердің пісіп-жетілу кезеңінде пайда болады. Табиғи циклге сәйкес піскен жемістер 
витаминдер мен макроэлементтерге бай, бірақ бұл жасанды жолмен өсірілген жемістер 
туралы айтуға келмейді. Себебі ұрықтың тез дамуы үшін әртүрлі қоспаларды қолданады, 
ал олар өз кезегінде адам денсаулығына зиян келтіреді.
Піскен жемістердің жарамдылық мерзімін ұзарту қабілетін және жеуге жарамды 
қабаттар арқылы жемістің сапасын сақтау бойынша көптеген зерттеулер жүргізілуде. 
Жемістердің жеуге жарайтын қабаты жемістер бетінде бөгет болып, ішкі газ атмос-
ферасын өзгерту, су шығынын азайту және жемістердің пісуін кідіртуі мүмкін екені 
дәлелденген. Сонымен қатар, жаңа піскен жемістердің қауіпсіздігі мен сапасын қолдау 
үшін жаңа табиғи лак-бояу материалдарын енгізуге күш салынуда [1].
Жаңа жемістер адам рационында маңызды орын алады. Жемістер-алмастырылмайтын 
азық-түлік. Ағзаның өмірлік тонусын, оның физикалық және ақыл-ой жұмысқа 
қабілеттілігін және әр түрлі ауруларға қарсы тұруын арттыра отырып, адам өмірінде 
үлкен рөл атқаратын витаминдердің көзі ретінде жемістер ерекше құнды болып табы-
лады. Жемістердегі пектинді заттар қант пен қышқыл болған кезде желе түзе алады. 
Пектинді заттарға (алма, қарақат, өрік) бай жеміс және жидек пюресі тәтті желімделген 
және кондитерлік өнімдерді дайындау үшін қолданылады. Жемістердің бояғыш затта-
ры үлкен әр түрлілігімен ерекшеленеді. Оларға антоциан, каротин, ликопин, ксанто-
филл, хлорофилл жатады. Эфир майлары жемістерге жағымды хош иіс береді. Олардың 
көбі толық жетілу кезеңінде жиналады. Қазіргі уақытта барлық азық-түлік дүкендері 
жемістермен жабдықталған. 
Марокко, Испания, Бразилия, ОАР, Аргентина, Түркия, Чилиден импортталатын 
экзотикалық жемістерде нитраттардың ШЖК-дан 0,5-164,3 мг/кг-ға асатыны анықталды.
Бұл көрсеткіш өз кезегінде экзотикалық жемістерді азық-түлік нарықтарында бақылау 
қажеттілігін тудырады. Эквадор, Чили, Коста-Рика, Перу және Бразилиядан импорт-
талатын экзотикалық жемістердегі хлорорганикалық пестицидтер (гексахлорцикло-
гексан (а,р,у-изомерлер), ДДТ және оның метаболиттері, гептахлор, альдрин) қалдық 
құрамының көрсеткіштері бойынша және цезийдің меншікті белсенділігі-137 және 
стронций-90 қауіпсіз болып табылады және ЕАЭО қабылдаған нормаларға сәйкес келеді 
[2].
Қазақстанда жиі тұтынылатын экзотикалық жеміс ананас болып табылады, оның 
үлесіне экзотикалық жемістер импортының жалпы көлемінің 70% - дан астамы келеді. 
Сонымен қатар, біртіндеп папайя, манго, маракуйя, авокадо сияқты экзотикалық жемістер 
де кіреді. Елде ең аз тұтынылатын карамбола, питахайя, личи, рамбутан және дуриан бо-


282
лып табылады, олардың үлесіне жеміс импорты көлемінің 1% - нан кем келеді. Жемістерді 
тұтынудың қазіргі деңгейін және халықтың төлем қабілеттілігінің өсу үрдістерін еске-
ре отырып, жеміс нарығында өсудің зор әлеуеті бар деген қорытынды жасауға болады. 
Халықаралық сауданың ассортиментінің кеңеюіне байланысты импортталатын өсімдік 
өнімдерінің ветеринарлық-санитарлық сараптамасына ерекше назар аударылу керек. 
Соңғы жылдары Қазақстан нарығына және басқа да сауда кәсіпорындарына тропикалық 
және субтропикалық климаты бар көптеген елдерден өсімдік өнімдері келіп түседі. 
Қазақстанда жемістердің жалпы тауар айналымы жүз миллион долларға есептеледі: 2018 
жылы импорт 417,432 мың. АҚШ долларын, ал экспорт барлығы 9,047 мың АҚШ долла-
рын құраған болатын.
2019 жылғы 7 айдың нәтижесі бойынша Қазақстанға 179 миллион АҚШ доллары 
сомасына 301 мың тонна жеміс импортталды. 2018 жылдың ұқсас кезеңінде 264 мил-
лион АҚШ доллары сомасына жеміс импортталған болатын. 2019 жылдың 7 айының 
қорытындысы бойынша экспорт 23 миллион АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 
2018 жылмен салыстырғанда 2 есе көп болып табылады. 2018 жылдың ұқсас кезеңінде 
Қазақстаннан 3 миллионға жуық жемістер экспортталған.
Адам үшін пайдалы дәрумендер мен микроэлементтер жемістерде көп. Сондықтан, 
өз денсаулығыңды ойлай отырып, күн сайын түскі асқа, таңғы асқа және кешкі асқа жаңа 
піскен жемістерді жеу керек. 
Ветеринариялық бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында ішкі сауда 
орталықтарында өсімдік шаруашылығының жеміс- жидектер мен көкөністерді, атап 
айтқанда, шет елдерден импортталатын экзотикалық жемістерге бірқатар зерттеулер 
жүргізу мен осы өнімді бақылау әдістерін жетілдіру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет