Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения



Pdf көрінісі
бет61/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3

пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Елешев Р.Е Ахетов Е., Матеков А. Изменение качества зерна озимой пшеницы в 
зависимости от условии питания. В сб. « стратегия земледелия и растениеводства на ру-
беже 20-века», 2005г. С. 45-47.
2 Басибеков Б.С. Минеральные питание и система удобрения озимой пшеницы на ос-
новных типах почв орошаемой зоны Казахстана. Автореферат диссертации на соискание 
звания доктора сельскохозяйственных наук.-М.: 2006.-С.31-34.
3 Рамазанова C.Б., Оспанбаев Ж.О., Куныпияева Г.Т. Жаңа технологиямен өсірілген 
күздік бидайды тыңайту. // Сборник тезисов Междун. научно-прак. конф. «Научные 
основы производства конкурентоспособной продукции сельского хозяйства», г. Усть-
Каменогорск, ДГП ВКНИИСХ, 2008. –С.85-87.
4 Леплявченко Л.П. Влияние системного применения удобрений на кислотность вы-
щелоченного чернозема// Бюллетень ВНИИ удобрений и агропочвоведения -2008- №86- 
С. 28-31.
5 Басибеков Б.С. Гусарова З.В. Влияние длительного применения минеральных удо-
брений на культуры свекловичного севооборота на азотный режим светло- каштановой 
почвы юго – востока Казахстана// Агрохимия,2010,№9 С31-37.
6 Кр.Хера и др. Влияние минеральных удобрений на качество и урожай с.-х. культур 
(кукурузы и пшеницы). // В сб.: “Минеральные удобрения и качество с.-х. продуктов”. 


145
Кестхей 2008.
7 Рабец В.С. Влияние удобрений на белковую продуктивность различных сортов ози-
мой пшеницы. //Агрохимия,-2012.№11.-С.69-77.
нҰР-сҰлтан Қаласының Қатты тҰРмыстыҚ ҚалДыҚтаР ескі 
полигонынДа оРналасҚан ауДанның топыРаҚтаРын 
ЭкологиялыҚ бағалау
М. Қыдырбаева, магистрант
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Нұр-Сұлтан қ.
Аңдатпа: Берілген мақалада Нұр-Сұлтан
 
қаласының қатты тұрмыстық негіздегі 
қалдықтарға толы ескі полигонында орныққан ауданның топырақ жамылғысына эколо-
гия саласында баяндама жасалып, зерттеу өзектілікке ие. Соңғы онжылдықтағы зертте-
улер көптеген полигондардың табиғатты қорғау, оның ішінде топырақ құнарлылығына 
және санитарлық талаптарға жауап бермейтінін көрсетті. Бұл – қалдықтарды орналасты-
ру объектілері аудандарында қоршаған ортаның, топырақтың жай-күйіне мониторингті 
ұйымдастыру қажеттілігіне себепші болды.
Кілт сөздер: экология, тұрмыстық қалдық, полигон, топырақ, зиянды элемент, Астана.
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында, оның айналасындағы шағын аудандар мен 
елді-мекендерде қоршаған ортаны қалдықтар полигондарымен ластану проблемасы 
ерекше өзектілікке ие болды. Елордада қатты тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды 
кәдеге жаратудың негізгі және аз шығынды жолы-оларды арнайы бөлінген полигондар-
да көму. Алайда, қоршаған орта үшін, топырақ жамылғысы және ауа қабаты үшін бұл 
әдіс зиянсыз емес.Астана қаласы аясындағы аудандарда топырақтың ластануы қоршаған 
орта сапасының нашарлауына себеп болуы мүмкін: атмосфералық ауа, жер асты және 
жер үсті сулары, демек, ластанатын өңір халқының санитарлық-гигиеналық өмір сүру 
жағдайының төмендеуі де мүмкін. Атмосфераға түсетін ауыр металдардың табиғи және 
антропогендік мөлшерін анықтау бойынша салыстырмалы зерттеулер антропогендік 
қызмет кезінде Cd-дан(кадмий) шамамен 15 есе көп, Pb-дан (қорғасын) 100 есе көп, Cu-
дан(мыс) 13 есе көп және табиғи процестерге қарағанда Zn-дан (цинк) 21 есе көп екенін 
көрсетті[1].
Урбанизацияланған аумақта, біздің мысалда Нұр-Сұлтан қаласының полигонға ие 
аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтар топырақты ластаудың ірі көзі бола оты-
рып, бір қала тұрғынына орташа есеппен жылына 0,3 тонна тұрмыстық қалдық пай-
да болады. Тұрмыстық қалдықтар химиялық элементтер жиынтығы және олардың 
шоғырлануы бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтарынан кем түспейді, 
сәйкесінше топырақ жамылғысна қомақты зиянын тигізеді. Тұрмыстық қоқыс-қалдық 
көмуге арналған полигондарға шығарылады, сонымен қатар кейбір мәліметтер бойынша 
өртеу өнімдеріндегі қалайы, қорғасын, сурьма, кадмий, висмут, күміс концентрациясы 
литосферадағы элементтердің құрамымен салыстырғанда жүздеген есе өседі. Тұрмыстық 
қалдықтарды полигондарда жағу кезінде мырыштың концентрациясы литосферадағы 
концентрациядан 350 есе, қорғасынның концентрациясы 600 есе, кадмийдікі 1800 есе 
асатыны белгілі болған [2]. Жалпы қаланың ескі қатты тұрмыстық қалаларын әдетте
полигонмен шектес аумақтардың топырағына көшіріледі, сонымен қатар, шекаралық 
аумақтардың улы элементтермен ластануы техногендік көтерілуден кейін химиялық 
элементтердің араласуы нәтижесінде болуы мүмкін деп болжауға болады.
Қазіргі таңда Астана қаласында ескі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында-


146
ры саны жетерлік. Бұл жөнінде, ҚР Энергетика министрлігі қалдықтарды басқару 
департаментінің бас сарапшысы Гүлден Қатаева топырақ жамылғысын өз қалпында 
сақтап, зиянды элементтерден қорғау үшін қалдықтар мен қоқыстарды дер кезінде 
полигондарға жөнелту қажеттілігін мәлімдеді. Аталмыш сарапшының мәліметінше, 
қайта өңдеуге келмейтін қоқыстардың зардабынан полигоннан жағымсыз иіс шығып, тек 
қоршаған ортаға ғана емес, топыраққа да сіңіп кеткен. Осы мәселені шешу мақсатында 
жыл ішінде елімізде шамамен 4 миллион тонна қоқыс жиналып, оның небәрі 10% - 
дан сәл артығы ғана қайта өңделеді. ҚР Энергетика министрлігі қалдықтарды басқару 
департаментінің мағлұматынша, Астана қаласы мен шет жақтағы аудандарда пластик-
тен, шыныдан, металдан және ағаштан 20 түрлі өнім шығаратын 130 кәсіпорын бар [3]. 
Алайда осындай полигондардың көбеюі жағдайды ушықтырып, топырақ қабатына сөзсіз 
зиян келтіргендігіне байланысты пластмассаны, полиэтиленді, макулатура мен шыны 
қораптарды көмуге тыйым салады. 
Қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары атмосфераны, топырақты, жер беті және 
жер асты суларын ластанудан қорғауды қамтамасыз ететін, кеміргіштердің, жәндіктердің 
және ауру тудыратын микроорганизмдердің таралуына кедергі келтіретін қатты ескі 
тұрмыстық қоқыстарды жинауға, оқшаулауға және залалсыздандыруға арналған табиғат 
қорғау құрылыстарының кешендері болып табылады. Ол үшін бірқатар негізгі талаптар-
ды орындау көзделеді: полигонның жұмыс көлемін барынша пайдалану, келіп түсетін 
қалдықтардың құрамы мен массасын бақылау, полигонның қоршаған ортаға теріс әсерін 
мониторингілеу және азайту, полигонның табиғатты қорғау жүйелерінің үздіксіз жұмыс 
істеуі, соның ішінде топырақ жамылғасына келер зардап көлемін мүмкіндігінше азай-
ту.Соңғы онжылдықтағы зерттеулер көптеген Астана қаласында, оның жақын маңайлас 
аудандарындағы полигондардың табиғатты қорғау және санитарлық талаптарға жауап 
бермейтінін көрсетті. Бұл қалдықтарды орналастыру объектілері аудандарында қоршаған 
ортаның жай-күйіне мониторингті ұйымдастыру қажеттілігін тудырды. Басқа елдермен 
салыстырмалы түрде алып қарағанда, «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңы1997 жылы шығып, 17-18 баптарда өндіріс және тұтыну 
қалдықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар 2004 жылы енгізілді [4].
Қоршаған ортаны сүзгілермен ластау, әдетте, орналастыру орнын (жердің үстіңгі 
қабатындағы орындарды, жыраларды, батпақты аумақтарды) дұрыс таңдамаумен және 
полигон салу кезінде табиғатты қорғау шараларын сақтамаумен байланысты. Сондықтан 
қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының жергілікті экологиялық мониторингінің 
ажырамас бөлігі қоршаған табиғи орта мен объектілердің экологиялық жай-күйін бақылау 
болып табылады. Бірінші кезекте бұл топыраққа қатысты, өйткені дәл осы топырақта 
биоттың өмір сүру ортасын және оның түрлерін сақтау жөніндегі маңызды экологиялық 
функцияларды орындайды, сондай-ақ биогеоценоздар мен биосфераның жалпы өмір 
сүруін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының № 1.01.004.01 Санитарлық ереже-
лер мен нормаларына сәйкесполигондар мен қалдықтарды компостірлеу, яғни жаншып 
көлесмін кішірейту учаскелерінің санитарлық-қорғау аймағы 500 метрлік радиусы бар 
шеңбермен шектеледі және биогаздың ауа арқылы таралуына байланысты көлем үлкеюі 
мүмкін [5]. Алайда қазіргі уақытта санитарлық ережелер мен нормаларға толықтай та-
лаптары сәйкес келетін полигондар саны өте аз. Полигон орналасқан аудандарда топырақ 
әлеуетін зерттеу ZC көрсеткіші бойынша 5 шкаламен анықталады. Егер аудан қатты 
тұрмыстық қалдықтар полигонынан 950 метр қашықтықта орналасқан болса, топырақтың 
экологиялық жағдайы салыстырмалы түрде 2 шкалаға жатады, ластанудың ауыр түріне 
жатпайды. Осылайша, аудандар полигонның санитарлық-қорғау аймағынан барынша 
1500 метр қашықтыққа дейін орналасқаны қоршаған ортаны ластау коэффициентін азай-
тып, экологиялық қауіптің алдын алады [6]. Жер үсті экожүйелерінің жұмыс істеуіндегі 
маңызды рөлді топырақ атқаратыны белгілі. Астана қаласының қатты тұрмыстық 
қалдықтарескі полигонында орналасқан ауданның топырақтарын экологиялық бағалау 


147
әртүрлі полигондардың бас мамандары және жоғары оқу орындарының ғалымдары 
арқылы жасалған. Сараптама қорытындысы бойынша, ескі полигон орналасқан аудан-
дарда топырақ жамылғысында шөлейттену, кебу құбылысы артып, қауіпті сипат алған. 
Одан бөлек, ластанған жерлердің көлемі ұлғайып, құнарлылық төмендеген. Нақты 
дереккөздерге сүйенсек, 2015 жылғы 1 қаңтардағы мағлұмат бойынша Нұр-Сұлтан 
қаласына қарасты аудандарда 571,6 мың гектар жер эрозияға ұшыраған, 17 мың га - 
бүлінген жер [9]. Мұндай жағдайлар топырақтың жай-күйінің өзгеруіне, құнарлылығы 
мен өнімділігінің төмендеуіне, егістіктің азаюына, ауыл шаруашылық өнімдерінің на-
шарлауына, органикалық тыңайтқыштардың көмегіне жүгінуге әкеліп соқтырады. 
1- кесте - Ескі полигондардың топырақ жамылғысы бойынша сараптама нәтижесі

Ескі полигондар атауы
Ресми орналасқан жері
Зерттеу/сараптама нәтижесі
1
ЖШС «Kazakhstan Rubber 
Recycling Service» - «қатты 
тұрмыстық қалдықтарды 
жоюды жаңғырту және 
Астананың экологиялық 
жағдайын жақсарту» деген 
атауға ие испан жобасы 
бойынша салынған.
Қазақстан Республикасы, 
Астана қаласы, Республика 
даңғылы, 58
Аталмыш 
эко-полигонның 
сарапшыларының 
мәліметінше, 
стандартты 
жағдайда 
(рН 
4,8 
ацетатты-аммониялық буфермен та-
залау) ластанбаған шымды-тұзасты 
топырақтарда Cd - 3,0%, Cu, Ni, Zn 
– 1,0% жылжымалы фракцияның 
үлесімен біршама жоғары нәтижелерді 
көрсетеді [7]. Техногенді ластанған 
топырақтарда металдардың қозғалысы 
айтарлықтай жоғары болуы мүмкін. 
Кәсіпорынның зерттеулеріне сәйкес
экологиялық 
жағдай 
топырақ 
қышқылдығының 
ұлғаюы 
оның 
гранулометриялық құрамын жеңілдету 
және органикалық заттардың мөлшерін 
төмендету кезінде артады.
2
Астана 
қаласы 
әкімшілігінің «Астана Эко-
полигон НС» кәсіпорыны 
– қалдықтарды қабылдау 
«Тана»арнайы 
техника-
сымен нығыздалады және 
қалдықтардың 
өздігінен 
тұтануының алдын алу 
үшін әрбір екі метрде 
топырақпен көміледі.
Қазақстан Республикасы, 
Астана қаласы, Жансүгіров 
көшесі 8, 53 кеңсе
Аталмыш кәсіпорынның мәліметінше,
аймақтың 
қатты 
объектілерінде 
топырақ сүзгішімен су басқан үйінді 
топыраққа зерттеу жүргізу барысын-
да жіті уыттылық анықталды. Поли-
гоннан 300-2000 метр қашықтықта 
су ағындарындағы судың уыттылығы 
89-ден 44%-ға дейін төмендеген және 
полигонның санитарлық аймағының 
топырақтарында 226Ra және 232Th 
табиғи 
радионуклидтердің 
бо-
луы топырақтың әлемдік орташа 
көрсеткіштерімен 
салыстырғанда 
құрамы 40К 2,4 есеге жоғары екендігі 
айқындалған. 
Полигон 
сарапшы-
лары 
зерттелетін 
топырақтарда 
радиоактивті цезийдің жоқтығын ай-
тады [8]. Сондай-ақ полигонның шеткі 
аймағының топырағы уытты химиялық 
элементтердің: қорғасынның, күшәннің, 
мыстың және никельдің жоғары болуы-
на байланысты ластанудың өте жоғары 
санатына ие.
Тәжірибе жүзінде полигондар орналасқан аймақтарда топырақ жамылғысына зерттеу 
жүргізу үшін Бөкетов Е.А. атындағы Қарағанды гуманитарлық университетінің инженерлі 
бағыттағы зертханасында экспедициялар ұйымдастырылған. Аталмыш зерттеу Нұр-
Сұлтан қаласы төңірегіндегі полигоны бар аудандарда, мәселен Нұр-Сұлтан-Павлодар 
магистралінде әр 500 метр сайын 4 негізгі трансект (солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс) 
бойынша жүргізілген. Нұр-Сұлтан қаласының солтүстік бағытының 2500 м бастап ауыл 


148
шаруашылығы алқаптары басталады, сондықтан да мұнда топырақ сынамасын алу мүмкін 
емес. Бағыттық тексеру барысында талдау жүргізу үшін конверт әдісімен бес нүктеден 
0-15 см тереңдікте топырақ үлгілері алынған. Осыдан кейін топырақты мұқият араласты-
рып, орамдау әдісімен салмағы 0,7 кг кем емес орташаланған үлгіге салынып, зертханаға 
тапсырылған. Зерттеу нәтижесінде Астана қаласы төңірегіндегі полигоны бар аудандар 
топырағында мыс пен кобальт өте аз мөлшерде, нақты сандарға жүгінсек тиісінше мыс 
92%,ал кобальт 65% құраған. Сонымен қатар, топырақ құрамындағы микроэлементтер 
ішінен марганец 63% құрап, химиялық құлдырау деңгейі бойынша IV деңгейге орныққан 
[10]. Қорытындылай келе, химиялық және биологиялық зерттеулер нәтижелері бойынша 
зерттелетін қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары экологиялық бағалау зерттелетін 
компоненттер — топырақ, жер үсті сулары, су түбі шөгінділері, топырақты біркелкі ла-
стайтынын көрсетті.Астана қаласының ескі полигондары орналасқан аудандарындағы 
нормадан тыс шығатын мынадай ластаушы химиялық заттар табылған: суда - Cd,CI, 
NH4; фильтратта - CI, NO2, NH4, топырақ жамылғысында - Zn, Ni, N02.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет