25
топырақта қуыршағы қыстайды. Жыл бойы 10-15 ұрпақ береді.
Күйенің негізгі қорегі томат болып табылады, ол
далалық жағдайдағы томат
егістігіне де, көжетжайға да залалын келтіреді. Өнімділікті 25 тен 100% дейін жояды.
Көбелектер күндіз топырақта тығылып жатады, оны өсімдікті қаққанда байқауға бола-
ды. Жұлдызқұрттары томат көшеттерін отырғызғаннан, өнімді жинағанға дейін залал-
дайды. Өсімдіктің фотосинтезін төмендетеді. Жапырақтар қурап, жемістері товарлық
бағалылығын жоғалтады [3,4].
2018 жылы анықтау мониторингтік жұмыстары республика бойынша барлық облыс
аумақтарында ашық және жабық жылыжайларда өтті. Зерттелген көлем 2891 гектар,
залалданған 125,72 гектар, оның ішінде 119,04 гектар жаңа ошақ анықталып тіркелді.
Залалданған көлемдер тек жылыжайлар бойынша есептелді (1-кесте).
Ақтөбе облысында 2019 жылы жоспарланған 300 гектарға облыс бойынша барлық
аудандарда 15 сәуірде басталды да, қыркүйек айының басында аяқталды. Залалданған
3,0 гектар ошағы Ақтөбе қаласында орналасқан жылыжайлар (қызанақ отырызылған)
және ашық егістікте анықталып тіркелді. Залалданған жылыжай көлемі 1,2 гектар, ашық
егіс 1,8 гектар болды. Қызанақтың өсіп өну кезеңінде феромондық ұстағыштар қойылып,
қызанақ күйесі бар екені расталып, келесі жылға химиялық өңдеуге 3,5 гектар жоспар-
ланды.
Алматы облысы бойынша мониторингтік тексеру жұмыстары қызанақ күйесіне облыс
бойынша 488 гектар тексерілді. Барлығы 38 жылыжай тексерілді. Тексеру жұмыстары
сәуір айының 2-сі күнінен қыркүйек айының 6- на дейін жүргізілді. Еңбекшіқазақ ауда-
нында Қырбалтабай ауылдық округінде орналасқан «Иссык жеміс жидек зауыты» ЖШС-
да 100 гектар қызанақ алқабынан, 28-ші маусым күні
Жамбыл ауданы Шолаққарғалы
а/о-не қарасты «Қасымбек» ШҚ-да 0,5 гектар, «Ерлан» ШҚ- 0,5 гектар, Жамбыл а/о – де
«Нуркал» ШҚ - 0,25 гектардан екі жылыжайдағы (0,5 гектар) қызанақ дақылында табыл-
ды. Алматы облыстық карантиндік зертханасының фитосанитарлық сараптамасының
қорытындысы бойынша Сарқант ауданы, Қойлық ауылдық округіне қарасты «Дедиков
Н» ШҚ-да 1 гектар қызанақ алқабынан және Қаратал ауданы, Бастөбе ауылдық округіне
қарасты «Нам» ШҚ-да 3 гектар қызанақ алқабынан карантиндік зиянкес қызанақ
күйесімен залалданған жаңа ошақтар анықталды. 2019 жылға өңдеу көлемі 105,5 гектар
болжамдалды.
Түркістан облысы аумағында қызанақ күйесін мониторнигтік зерттеу жұмыстары
жалпы көлемі 685 гектарға жүргізілсе, оның ішінде жылыжай көлемі – 285,275 гек-
тар, қоныстанғаны – 7,82 гектар (245 га жылыжай зерттелген, 12 га залалданған, оның
ішінде 8 га жаңа ошақ), ашық егістік алқап – 399,725 гектар, қоныстанғаны – 7,4 гектар
(қоныстанған 7 га жаңа, 0,4 ескі ошақтар). Мониторнигтік жұмыстар 14 аудан және 2
қалада жүргізіліп, қазіргі кезде Келес, Сарыағаш, Төлеби және Ордабасы аудандарында
зиянкес анықталып отыр [5].
Қызанақ күйесінің жылыжай кешендерінде және ашық
егістік алқаптарда көптеп
таралуына бірнеше себептер туғызады. Олар, қызанақ күйесіне қарсы күресу іс-
шараларының жүйелі жүргізілмеуі, жылыжай кешендерін тиісті түрде жабдықтамауы
салдарынан-майда көзді торлар орнатылмауы, ашық-шашық ұстауы,
айналасындағы
арамшөптерден және өсімдік қалдықтарынан тазартпауынан, тасмалдау тараларын за-
лалсыздырмауынан, қызанақ күйесі залалдаған өсімдік жапырақтары мен жемістерін
жұлып алып көміп тастамау салдары, химиялық өңдеу жұмыстарын уақытылы жүргізбеу
және кейбір шаруашылықтардың қолданып жатқан препараттардың сапасы төмен болу-
ынан және т.б.
2018 жылға оңтүстік америкалық қызанақ күйесіне қарсы химиялық өңдеу көлемі
119,04 гектар ашық аумаққа жоспарланған.
1-кесте - Оңтүстік америкалық қызанақ күйесінің таралуының 2018 жылғы мәліметі,
га