Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения



Pdf көрінісі
бет11/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3

- Trachelus
+
Арпа бітесі - 
Brachycolus noxius Mord.
++
Астықтың сүлікше қоңызы (қызылкеуделі) - 
Oulema 
melanopus L.
+
+ - әлсіз, ++ - орташа, +++ - күшті
Кестеде бақылау жүргізген жылы арпа егістігінде кездескен зиянкестер келтірілген. 
Аталған түрлердің барлығы өнімділікке бірдей зиян тигізбейді. Солардың ішіндегі ең 
негізгілері түтікке шығу кезеңін залалдайтын зиянкестер болып табылады, сондықтан 
оларға үлкен көңіл бөлу қажет. Оларға ең біріншіден швед шыбынының дернәсілдері, 
астық бүргелері, арпа бітелері жатады. Осылардың ішіндегі ең қауіптілері швед 
шыбындарының дернәсілдері мен астық бүргелері жатады, себебі жұмыртқадан шыққан 
дернәсілдер сабақ ішіне кіріп, онда өсімдіктің нәзік негізімен қоректенеді, масақтың ба-
стамасы мен орталық жапырақтың негізін бұзады. Мұндай жапырақтар көп ұзамай кеуіп, 
қурап қалады
Себу
Егін көгі
3-5 
жапырақ
Түптену
Түтікке 
шығу
Масақтану Гүлдену
Сүттеніп 
пісу
Толық 
пісу
Астықтың жолақ бүргесі, топырақ 
мекендеуші зиянкестер 
Жапырақ жегілер, сүлікше 
қоңызы, швед шыбыны 
(дернәсілдері)
Арпа бітесі, арпа швед шыбыны (дернәсілдері)
1-сурет. Арпаның даму кезеңдері бойынша кездесетін негізгі 
зиянкестер түрлері
1-суретте фитосанитарлық мониторинг жұмыстарының нәтижесінде анықталған 
дақылдың даму кезеңдері бойынша кездесетін негізгі зиянкестері келтірілген. Мұнда 
тұқымның өнуі кезеңінен бастап Астықтың жолақ бүргесі, топырақ мекендеуші зиян-
кестер, түптену кезеңінен бастап жапырақ жегілер, сүлікше қоңызы, швед шыбыны 
(дернәсілдері), арпа бітесі зақымдайтынын байқауға болады.
Арпаның даму кезеңдері бойынша зиянкестермен зақымдануы фенологиялық 
бақылаулар арқылы анықталды. Жалпы арпа егістігін бақылау барысында, зиянкестердің 
биологиясына қарай, өсімдіктің түтікке шығу кезеңінде ең көп зақымдалғаны көбірек
анықталды (2-кесте ).


22
2-кесте – Арпаның даму кезеңдері бойынша зиянкестермен зақымдануы (орташа 
есеппен 2018-2019 жж.)
Даму
фазасы
1м2 өсімдік с
аны
Ж
алпы за
ладанған
өсімдік с
аны
Зиянкестермен зақымданған өсімдіктердің үлесі, %
Зақымданған 
өсімдік
тер
дің үле
сі, 
%
швед шы-
быны
астық 
бүргелері
арпа 
бітесі
зақымдану 
дәрежесі, %
Көктеу
98,1
4,3
-
-
-
-
5,2
Түптену
91,2
10,9
5,7
5,2
-
-
12
Түтікке шығу
99,8
62,1
5,9
9,1
56,7
32,5
62,2
Масақтану
106,7
18
1,8
2,1
14,1
12,1
16,8
Гүлдеу
104,1
12,7
2,0
1,4
9,3
11,2
12,1
Дәннің 
қалыптасуы 
және пісу
101,4
0,8
0,2
0,5
0,1
10,5
0,7
Онда белгілі фенология кезеңінде 1м2 алаңдағы өсімдіктер үлгілері алынып, олардың 
арпаның негізгі зиянкестерімен зақымдануларының пайыз үлесі шығарылды. Кейін толық 
зиянкестер кешенімен зақымдалған жалпы өсімдіктер санының пайыз үлесі берілді. Швед 
шыбынымен зақымдану үлесі арпаның түптену және түтікке шығу кезеңдерінде көбірек 
байқалып, сәйкесінше 5,7-5,9 құрады. Астық бүргелерімен зақымдалған өсімдіктер 
үлесі түптену, түтікке шығу кезеңдерінде болып, 5,6-9,1 аралығында болды. Арпа бітесі 
дақылдың түтікке шығу кезеңінде 56,7% кездесіп, зақымдану дәрежесі 32,5 құраған. 
Құрғақшылыққа байланысты өсімдіктер көбірек зақымдалғаны анық көрініп тұр. Зиян-
кестермен қатты зақымданатын фазасы болып – түптенуден масақтануға дейін кезеңдері 
болып белгіленді (жалпы зақымдалған өсісмдіктер үлесі 12-62,2 ). Осыған орай, зиянке-
стерге қарсы қорғау шаралары ұйымдастырылғанда, осы жағдай ескерілді.
Фитосанитарлық мониторинг жүргізілген шаруашылық жағдайында ондағы зиянке-
стерге қарсы жүргізілген қорғау шараларының биологиялық және шаруашылық тиімділігі 
анықталды. Зиянкестер кешеніне қарсы ә.е.з. (лямбда-цигалотрин, 50 г/л) «Каратэ зеон 
050, с.к.» инсектициді 0,15 л/га шығын мөлшерімен қолданылды. Әсер ету спектрі - 
астық шыбындары, бітелері, трипстер. 
Төмендегі 2 суретте арпаның вегетация кезеңіндегі жалпы кең таралған зиянкестерге 
қарсы жүргізілген қорғау шараларының биологиялық тиімділігі келтірілген. Бұнда «Ка-
ратэ 050» инсектицидін қолданғандағы биологиялық тиімділігі астықтың сабақ бүргесіне 
қарсы 70 %, швед шыбынына қарсы 61,3 %, арпа бітесіне қарсы 60, 3 % деңгейінде болған.
2-сурет. Каратэ 050, к.э. препаратының биологиялық тиімділігі
(орташа есеппен 2018-2019 жж.)


23
3-кесте – Жүргізілген қорғау шараларының шаруашылық өнімділігіне әсері (орташа 
есеппен 2018-2019 жж.)
Нұсқа
Өсімдік 
ұзындығы,
см
1000 тұқым 
массасы, г
Тұқым өнімділігі
Шаруашылық 
тиімділігі, %
ц/га
Ауытқу, +,- 
ц/га
Инсектицидпен бүрку
(Каратэ зеон 050, с.к.)
54,3
42,9
19,9
2,3
11,7
Бақылау (өңдеусіз)
55
40,5
17,6
-
-
Өңделген алқапта өңделмегенге қатысты сақталған өнім мөлшері бойынша бағаланады 
және зиянды ағзалардан өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдану нәтижесінде бірлік 
көлемде алынған өнімнің қосымша саны шараушылық тиімділігін көрсетеді. 3 кесте-
де арпа егістіктерінде кешенді қорғау шараларын қолданған жағдайдағы шаруашылық 
тиімділігі келтірілген. Осы шараларды қолданған кезде тұқым өнімділігі бақылау 
нұсқасымен салыстырғанда 2,3 ц/га өсіп, 19,9 ц/га құрап, шаруашылық тиімділігі 
11,7% құрады. Осыған сүйеніп, алынған мәліметтер қарастырылған аймақтағы арпа 
егістіктерінде кездесетін зиянкестердің негізгі түр құрамын нақтылап және өсімдік 
қорғау шараларын өткізу үшін дақылдың зиянкестерге сезімтал кезеңін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет