129
тұтастай алғанда республикадағы жетекші орында. Республикада барлық егістіктің
90% -ы дәнді дақылдардың есебінде, оның 82-84% -ы бидайдың егістік алқабы. Сыртқы
нарықтағы Қазақстандық бидай баға мен сапа тарапынан бәсекеге қабілетті болып са-
налады. Біздің елімізде астық егістігі ауыл шаруашылығының барлық өндірісінің негізі
болып табылады, ол халықтың жоғары сапалы азық-түлікке
деген сұранысын толық
қанағаттандырады. Қазіргі заманғы тауарлы ауыл шаруашылығын тыңайтқыштарды
пайдаланбастан дамытуды елестету қиын, олар жоғары сапалы өнім алудың кілті болып
табылады. Бұл, өз кезегінде, химия өнеркәсібінің ең ірі қосалқы саласы - минералдық
тыңайтқыштар өндірісін дамытуды алдын-ала белгілейді [8]. Солтүстік Қазақстанның
ғылыми мекемелері жүргізген зерттеулерге сәйкес, топырақ қорғау жүйесі арқылы ауыл
шаруашылығы дақылдарының минералды тыңайтқыштарын (фосфатты) төрт және бес
ауыспалы егістің барлық айналымына немесе фосфорлы тыңайтқыштардың шағын
мөлшерін егістік қатарына енгізуді ең перспективалы әдіс деп тапты [9].
Зерерттеу алаңы Батыс-Сібір ойпатының оңтүстік бөлігінде, Солтүстік Қазақстанның
орманды дала аймағында орналасқан. Бұл облыс Қазақстанда ең Солтүстік
жағдайға
ие. Облыстың беті тегіс, солтүстікке қарай шағын еңістікпен орналасқан. 2019 жылғы
метеожағдайлар жаздық бидайдың өсуі мен дамуы үшін өте қолайлы болды. Маусым
мен шілдеде түскен жауын-шашын орташа көпжылдық көрсеткіштерден 25-60% - ға
артық болды, ал тамыз айында нормадан біршама аз болды. Ауаның жоғары температу-
расы және топырақтың жоғары ылғалдылығы біркелкі өскіндердің пайда болуына және
өсімдіктердің өсуінің күшеюіне ықпал етті. Өсімдіктердің өскіндері кезеңінде (маусым
айында) топырақтың метрлік қабатындағы өнімді ылғал қоры 129-151 мм шамасында
болды. Бұл кезеңде өнімді ылғал қоры 142-146 мм құрады. Айдың соңына оның қоры
90-99 мм дейін төмендеді. 2019 жылғы метеожағдайлар, сондай-ақ өткен жылдағыдай,
жаздық бидай үшін өсуі мен дамуы үшін айтарлықтай қолайлы болды. Мамыр-тамыз ай-
ларында түскен жауын-шашын орташа көпжылдық көрсеткіштерден 20-72% артық бол-
ды. Мамыр айының соңында-маусым айының басында ауа температурасы нормадан 3-5
градусқа төмен болды. Дәнді дақылдардың барлық өсу барысында жауын-шашынның
біркелкі түсуі топырақта өнімді ылғалдың жоғары қорын сақтауға ықпал етті. Одан әрі
дақылдардың өсуі мен дамуына қарай өнімді ылғалдың қоры біршама төмендеді. Ма-
усым айының соңында және шілдеде ол 96-113 мм құрады, ал тамыз айында тәжірибе
нұсқаларына байланысты 78-93 мм. 26 мамырда және маусым айының басында көп
жаңбыр жауды, және өнімді ылғалдың қоры 148-154 мм дейін көтерілді. Маусым, шілде
және тамыз айының барлық келесі онкүндігінде ауа температурасы шамамен 0,5-4,4
0С нормадан жоғары болды, Ал түскен жауын-шашын мөлшері біркелкі емес. Маусым
мен тамыз айының II және III онкүндігінде жауын-шашын болған жоқ. Мұның барлығы
дақылдардың өсуі мен дамуына теріс әсер етпеді.
Қорыта айтқанда, топыраққа далалық және өндірістік тәжірибе жұмыстарын жүйелі
түрде жүргізу ауыл шаруашылығы ғылымын алға дамытуда маңызды рөл атқарады.
Дақылдардың ауыспалы егісте дұрыс кезектесуі, мерзімді ауысуы, дұрыс және сапалы
агротехникалық жұмыстар өткізу, жоғары сұрыпты тұқымдармен уақтылы және сапа-
лы себу, егістіктерді тиісті күту, зиянкестер мен ауруларға қарсы күресу,
топырақты
органикалық және минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру сияқты агротехникалық
іс – шаралардың барлығы өзара байланысты және олардың біреуінің бұзылуы
өсімдіктердің өсу жағдайларының өзгеруі мен нашарлауына әкеп соқтырады, сәйкесінше
өнімннің төмендеуіне әкеледі.
Осылайша, зерттеу жұмысы барысында жаздық бидайдың сапалы астығын алу үшін
минералдық тыңайтқыштардың жеткілікті мөлшері N60 P60 нұсқасы екені анықталды.
Топырақтағы қоректік элементтердің төмен деңгейде екендігі айқындалды, сол себепті,
минералды тыңайтқыштарды қарқынды қолдану және агротехникалыққ шараларды да-
мытуды талап етеді.