§2. Адвокаттардың құқықтары мен міндеттері
Адвокат көмек сұрап келген адамға ол мұқтаж болған кез-келген заң
көмегін көрсетуге құқылы.
Адвокат өзіне өтініш жасаған адаммен заң көмегін көрсету туралы өз
атынан келісім жасасады.
Адвокаттың нақты бір іс жүргізуге өкілеттілігі ордермен куәландырылады.
Лицензия – белгілі бір қызметті жасауға рұқсат беретін құжат болса, ордер –
белгілі бір іс жүргізуге қатысуға рұқсат беретін құжат болып саналады. Ордер
мен лицензияның нысанын Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі
бекітеді.
Ал ордерлердің берілуін бақылау мен есепке алуды адвокаттар алқасының
төралқасы жүзеге асырады.
Ал егер халықаралық шарт негізінде Қазақстанда адвокаттық қызметпен
айналысуға келген шетел адвокатының өкілеттілігі оның жеке басын ,
31
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы № 425-ІІ Заңымен Адвокаттық қызмет туралы заңға
толықтырулар енгізілд
43
адвокаттар мәртебесін және заң көмегін көрсету өкілеттілігін белгілейтін
құжатпен расталады.
Адвокат, қорғаушы немесе өкіл ретінде әрекет жасай отырып, іс жүргізу
заңына сәйкес.
-Барлық соттарда, құзыретіне тиісті мәселелерді шешу кіретін мемлекеттік,
өзге де органдар мен ұйымдарда заң көмегін сұрап өтініш жасаған тұлғалардың
құқықтары мен мүдделерін қорғауға және білдіруге.
-Барлық мемлекеттік органдардан және мемлекеттік емес ұйымдардан
адвокаттық қызметті жүзеге асыруға қажетті мәліметтерді сұратуға.
-Заң көмегін көрсету үшін қажет нақты мәліметтерді дербес жинауға және
дәлелдер табыс етуге.
-Көмек сұрап өтініш жасаған адамға қатысты материалдармен, соның
ішінде іс жүргізу құжаттарымен, тергеу және сот істерімен танысуға және
олардағы ақпаратты заң актілерінде тыйым салынбаған кез-келген тәсілмен
белгілеп алуға.
-Іске қатысуға жіберілген сәттен бастап, жолығулар санын, олардың
ұзақтығын шектемей және мұндай жолығулардың құпиялығын қамтамасыз
ететін жағдайларда өзі қорғайтын адаммен жолығып тұруға.
-Заң көмегін көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника,
өнер мен басқа да салаларды арнайы білімдіқажет ететін мәселелерді түсіндіру
үшін шарттық негізде мамандардың қортындыларын сұратуға.
-Өтініштер мәлімдеуге, прокуратура, анықтау, алдын ала тергеу
органдарымен соттың лауазымды адамдарының, сондай-ақ көмек сұрап өтініш
жасаған адамдардың құқықтарына және заңдармен қорғалатын мүдделеріне
қысым жасайтын өзге де лауазымды адамдардың әрекеттеріне белгіленген
тәртіппен шағым жасауға.
-Мемлекеттік құпияларды құрайтын ақпаратпен, сондай-ақ әскери,
коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын
ақпаратпен, егер бұл анықтау, алдын ала тергеу кезінде және сотта қорғау
немесе өкілдік ету үшін қажет болса, заң актілерінде көзделген тәртіппен
танысуға.
-Заң көмегін сұрап өтініш жасаған адамдардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғаудың заңдарда тыйым салынбаған барлық құралдары мен
тәсілдерін пайдалануға.
-Заңдарға қайшы келмейтін өзге де әрекеттерді жасауға құқылы.
32
Мемлекеттік орган немесе лауазымды адам адвокаттық заң көмегін сұрап
өтініш жасаған адамның мүддесін білдіру құқығын танудан бас тарта алмайды.
Адвокаттың мемлекеттік органдарын, соттардың, прокуратураның,
анықтау және алдын ала тергеу органдарының әкімшілік үйлеріне кіруі осы
органдар мен соттар белгілеген тәртіппен өзінің адвокаттық куәлігін көрсетуі
бойынша жүзеге асырылады.
Адвокаттың ұсталғандар, тұтқынға алынғандар және жазасын өтеп
жатқандар отырған орындарға кіруі белгіленген рұқсаттық режимге сәйкес
жүзеге асырылады.
32
Петрухин.И.Л. Ваш прием адвокат – М. Прогресс Университет.1993.
44
Адвокаттың міндетті сақтандыру қаражаты есебінен жүзеге асырылатын
мемлекет кепілдік берген әлеуметтік қорғалуға құқылы.
Адвокаттар алқасының мүшелері белгілі бір құқықтарға ие болады және
міндеттер атқарады. Сонымент Адвокаттардың құқықтарын екіге бөліп қарасақ
та болады.
Бірінші топқа мен адвокаттардың алқалығының мүшесі ретіндегі
құқықтарын жатқыздым.
Екінші топта адвокаттардың азаматтық істер бойынша өкілі ретінде және
де қылмыстық істер бойынша қорғаушысы ретінде қатысқан жағдайдағы кәсіби
құқықтары.
Алқаның мүшесі ретінде адвокаттардың құқықтары:
- адвокаттар алқасының органына таңдауға және таңдалу болуға;
- адвокаттар алқасының алдында сұрақ қоюға, осы жөнінде жұмысты
жақсартуға ұсыныс енгізуге;
- адвокаттар алқасынан шығуға және т.б. құқықтарға ие.
Өкіл немесе қорғаушы ретінде адвокаттардың құқықтары:
- заң көмегін сұрап келген тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін
қорғауға;
- барлық мемлекеттік органдардан және мемлекеттік емес ұйымдардан
қажетті мәліметтерді сұратуға;
- заң көмегін көрсету үшін қажет нақты мәліметтерді дербес жинауға және
дәлелдер табыс етуге;
- көмек сұрап өтініш жасаған адамға қатысты материалмен танысуға және
олардағы ақпаратты заң актілерінде тыйым салынбаған кез-келген тәсілмен
белгілеп алуға;
- заңдарға қайшы келмейтін өзге де әрекеттерді жасауға құқылы.
бұл құқықтар толығымен адвокаттық қызмет туралы заңның 14 бабында
көрсетілген.
Адвокаттың міндеттері. Өзінің заң талаптарын сақтауға, заң көрсеткен
барлық құралдармен тәсілдерді пайдалануға. Адвокаттық қызмет туралы
заңның 15 бабының 2 тармағында көрсетілген жағдайда заң көмегін көрсету
туралы тапсырмадан бас тартуға міндетті. Заң көмегін көрсетуге байланысты
өзіне мәлім болған мәліметтерді құпия сақтауға және басқа да заңда көрсетілген
міндеттерді атқарады.
Адвокаттан өз кәсіби міндеттерін жүзеге асыруға байланысты оған мәлім
болған мән-жайлар туралы куәгер ретінде жауап алуға тыйым салынады.
Егер адвокат осы іс бойынша мүдделерді көмек сұрап өтініш жасаған
адамның (тараптардың өзара келісім бойынша ара ағайын болған жағдайларды
қоспағанда) мүдделеріне қайшы келетін адамдарға заң көмегін көрсетіп жүрсе
немесе бұдан бұрын көрсеткен болса немесе судья, прокурор, анықтауды
жүргізуші адам, тергеуші, сарапшы, маман аударушы, куә, жәбірленуші немесе
куәгер, азаматтық талап қоюшы немесе азаматтық жауапкер ретінде іске
қатысқан жағдайларда, сондай-ақ егер істі тергеуге немесе қарауға адвокатпен
жақын туыстық қатынастағы лауазымды адам қатысса, ал заң көмегін көрсету
туралы тапсырмадан бас тартуға міндетті.
45
Адвокат заң көмегін көрсетуге байланысты өзіне мәлім болған
мәліметтерді құпия сақтауға міндетті және көмек сұрап өтініш жасаған
адамның келісімінсіз оларды жария етуге құқығы жоқ.
Іс бойынша адвокаттық көмек сұрап өтініш жасаған адамның жағдайын
нашарлататын құқықтық позиция ұстануына тыйым салынады.
Адвокаттың қылмыстық іс бойынша қабылданған тапсырмадан бас тартуға
құқығы жоқ және ол қорғалатын адамның немесе адвокаттың өзінің көзқарасы
бойынша әділетсіз үкім шығарылған жағдайда оған белгіленген тәртіппен
шағым жасауға міндетті.
Адвокатқа мемлекеттік қызметте болуға және кәсіпкерлік қызметпен
айналысуға, оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтен басқа
өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |