Мейірбекова г‡лжазира болатќызы



Pdf көрінісі
бет13/41
Дата28.11.2022
өлшемі0,81 Mb.
#160179
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41
Байланысты:
Адвокатура лекция

Бақылау сұрақтары 
1.
Қазақстандағы адвокатура институтының пайда болуы мен дамуының 
алғышарты. қандай болды? 
2.
1917 жылға дейін Қазақстандағы адвокатураның құқықтық жағдайы 
қандай болды? 
3.
Кеңестер кезеңі Қазақстандағы адвокатура институтына қандай 
өзгерістер әкелді.? 
4.
КСРО-ның құрамы ретінде Қазақ РО -дағындағы адвокатура 
институтының дамуы қалай болды? 
5.
Қазіргі қолданыстағы «Адвокаттық қызмет туралы»заң бойынша 
Қазақстан Республикасындағы адвокатура мен адвокаттардың мәселесі 
бойынша перспективалар мен проблемаларды атаңыз? 


35 
ТАҚЫРЫП № 4. АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҰЙЫМДЫҚ ЖӘНЕ 
ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ. 
§1. Адвокаттар алқасы және оның органдары. 
Азаматтарға кәсіби деңгейі жоғары құқықтық жәрдем көрсету бүгінгі күні 
аса маңызды конститцуиялық қағида болып табылады. Бұл қағида ата заңымыз 
ҚР Конституциясының 7-тарау, 35-бабымен бекітілген. Ал құқықтық мемлекет 
құру мақсатында қолға алынып отырған реформа жағдайында жеке тұлғаның 
құқықтық қорғалуын жан-жақты қамтамасыз ету бірінші кезекті міндет болуы 
тиіс. Бұл ретте құқықтық жүйе саласында болсын, қоғамдық немесе әлеуметтік 
қарым-қатынастар саласында болсын адвокатураның жөні бөлек, орны ерекше. 
Қазақстанда адвокатураның қызметінің негізгі ұйымдық статусы болып 
өзінің аумақтық белгісі бойынша айқындалған адвокаттар алқасы танылады. 
Адвокаттар алқасының негізгі міндеттері болып: адвокаттық қызметті 
жүзеге асыру кезінде алқа мүшелеріне жәрдемдесу, кәсіби көмек көрсету және 
оларды қорғау, сондай-ақ алқа мүшелерінің қызметін материалдық-техникалық 
және анықтамалық-ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады, адвокаттық 
қызметті жүзеге асыруға кәсіптік бақылауды ұйымдастыру, алдын ала тергеу 
және сот органдарының белгілеуі бойынша тегін заң көмегін көрсету мен 
қорғауды ұйымдастыру болып табылады. Адвокаттар алқасы заң 
консультацияларын құра алады.
Адвокаттар алқасының Жарғысы алдымен оның атауын қызметінің мәні 
мен мақсатын, адвокаттар алқасының мүшесінің құқықтарын және – адвокаттар 
алқасына мүшелікке қабылдау, мүшелікті тоқтата тұру және мүшеліктен 
шығару мәселелерін қамтиды. 
Адвокаттар алқасының құрылымын, оның органдарының қалыптасу 
тәртібі мен құзыретін, өздері құрған заң консультацияларының қызмет істеу 
тәртібін және мүлік жинау көздерін, оған иелік ету тәртібін және мұлік жинау 
көздерін, мүшелік жарнаны төлеу тәртібін адвокаттарды аттестациялаудан 
өткізу тәртібін т.б. мәселелерін қамтиды. 
Адвокаттар алқасының жоғарғы органы алқа мүшелерінің жалпы 
жиналысы «конференциясы»; бақылаушы органы төралқа (президиум); 
бақылаушы органы тексеру комиссиясы болып табылады. 
Адвокаттар алқасының жоғарғы органдары жалпы жиналыс адвокаттар 
қызметінің барлық мәселелерін шешеді. Оның ерекше құзыретіне мыналар 
жатады: 
1. Адвокаттар алқасының Жарғысын және Жарғыға өзгерістер енгізу 
туралы шешімдер қабылдау; 
2. Төралқаның, төралқа төрағасын, тексеру комиссиясын, тексеру 
комиссиясының төрағасын сайлау және олардың есептерін тыңдайды және 
бекітеді;
3. Есепті көрсеткішке еселенетін мөлшердегі мүшелік жарна ставкаларын 
белгілеу және


36 
4. Жалпы жиналыс (конференцияны) адвокаттар алқасы мүшелерінің 
жалпы санының үштен екісі немесе конференция сайлаған делегаттар құрамы 
болған жағдайда шешімдер қабылдауға құқылы. 
Жалпы жиналысты (конференцияны) жылында кемінде бір рет адвокаттар 
алқасының төралқасы шақырады. Тексеру комиссиясының немесе алқа 
мүшелерінің жалпы санының кемінде төрттен бірінің талап етілуі бойынша 
алқа төрағасы отыз күн ішінде жалпы жиналысты (конференцияны) шақыруға 
міндетті.
23
Адвокаттар алқасының төралқасы мен төралқа төрағасы жасырын 
дауыспен төрт жыл мерзімге сайланады. 
Адвокаттар алқасының төралқасының міндеттері 
1. Адвокаттар алқасының жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету 
жөніндегі жұмысын ұйымдастырады; 
2. Жалпы жиналыстың шешімдерін орындауды ұйымдастырады, жалпы 
жиналысты шақырады; 
3. Адвокаттардың кәсіби және өзге де құқықтарын қорғайды; 
4. Адвокаттар алқасының мүшелігіне қабылдайды және шығарады; 
Адвокаттардың тағлымадан өтуге даярлауды ұйымдастырады; 
5.Адвокаттың әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардан түскен 
шағымдарды тексеру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Адвокаттардың 
тәртіптік, теріс қылықтары туралы материалдарды қарайды және кінәлі 
адамдарға тәртіпті жаза қолданады; 
6. Адвокаттарды аттестациялаудан өткізуді, және олардың кәсіби біліктілік 
арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
8. Заң консультацияларын құрайды, олардың меңгерушілерін қызметке 
тағайындайды және босатады; 
9. Адвокат куәлігін береді;оның нысанын Қазақстан Республикасының 
Әділет Министрлігі бекітеді. 
10. Бухгалтерлік есепті, қаржы және статистикалық есептелікті және іс-
жүргізуді ұйымдастырады. 
Адвокаттар алқасының төралқасының төрағасы болып сайланған күйіне 
дейін кемінде екі жыл тікелей адвокаттар алқасының мүшесі болып адвокат 
сайлана алады. Ол төралқаның жұмысын ұйымдастырады, оның отырысында 
төрағалық етеді және шығарған шешімінің орындалуына бақылауды жүзеге 
асырады.
24
Адвокаттар алқасының бақылау тексеру органдары болып оның тексеру 
комиссиясы жүзеге асырады. Ол төрт жыл мерзімге сайланады. 
Тексеру 
комиссиясының 
қызметі 
адвокаттар 
алқасының 
заң 
консультацияларының, адвокаттық кеңселердің қаржы шарушылық қызметіне 
сондай-ақ жеке-дара жұмыс істейтін адвокаттардың қаржылық қызметіне 
тексеру жүргізіледі. 
Хабарлауға және оның қармағына адвокат кеңсесінің құрылтай 
құжаттарын беруге міндетті. 
23
Қазақстан Республикасының Адвокаттық қызмет туралы Заңы 23-бап. 
24
Сухарев.А.Я. Кадровые вопросы деятельности адвокатуры. Социалистическая законность-1987,№10 


37 
Адвокат кеңселерін құруға мемлекеттік органдардың арнайы рұқсат талап 
етілмейді. 
Адвокатураның 
ұйымдастырылуы 
мен 
қызметінің 
принциптері: 
адвокаттардың өз қызметін жүзеге асыру кезінде тәуелсіздігі. Адвокаттың 
қызметті заңдарда тыйым салынбаған әдістермен және құралдармен жүзеге 
асыру. Заң актілерінде тікелей Заң көмегін көрсету жөніндегі жұмысты 
ұйымдастыру үшін адвокаттар алқасының төралқасы заң консультацияларын 
құрайды және оның орналасатын жерін белгілейді. Оның өз атауы, мөрі мен 
мөртаңбасы және өзге де атрибуты болады. Заң консультациясы адвокаттар 
жалпы жиналысы бекіткен Ереже іс-қимыл жасайды. Оны адвокаттар 
алқасының төралқасы тағайындайтын меңгерушісі басқарады.
Адвокат кеңсесі мекеме нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып 
табылады. Ол адвокаттардың заң көмегін көрсетуінің материалдық, 
ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де шарттарын қамтамасыз ету 
мақсатында құрылады. Адвокат тек бір ғана адвокат кеңсесінің құрылтайшысы 
бола алады. 
Адвокат кеңсесінің құрылтайшысы мемлекеттік тіркеуден өткен соң он 
күн мерзімде бұл туралы тиісті адвокаттар алқасына жазбаша хабарлауға және 
оның қарағына адвокат кеңсесінің құрылтай құжаттарын беруге міндетті. 
Сонымен, қорыта айтатын болсақ, адвокатура – халыққа заң негізінде заң 
көмегін көрсететін кәсіби ұйым. Осы кәсіби ұйым болып адвокаттар алқасы 
танылады. Сонымен бірге азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды 
мүдделерін қорғау және оның іске асырылуына заңгерлік көмек көрсету 
мақсатындағы қызметті ұйымдастырады. 
Алдағы құрылып жатқан құқықтық мемлекетте адвокаттардың алар орны 
да, мәртебесі де жоғары болмақ. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет