38
тиiс. Негiзiнде адвокат заң мәселелерiн қарап жатқан органдар мен лауазымды
адамдарға қатысты өзiн әдептi ұстау керек.
26
Адвокат кеңсесі мекеме нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып
табылады. Адвокат кеңсесі адвокаттардың
заң көмегін көрсетуінің
материалдық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де шарттарын
қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Адвокаттар кеңсесін адвокаттар
алқасының мүшесі құрады. Адвокат тек бір ғана адвокат кеңсесінің
құрылтайшысы бола алады. Бір адвокат құрған
адвокат кеңсесі өз қызметін
жарғының негізінде жүзеге асырады.
Адвокат кеңсесін бірнеше адвокат құрған жағдайда құрылтай шарты да
құрылтай құжаты болуы керек. Адвокат кеңсесінің құрылтайшысы
(құрылтайшылары) мемлекеттік тіркеуден өткен соң он күн мерзімде бұл
туралы тиісті адвокаттар алқасына жазбаша түрде хабарлау керек.
Басқа
көзделген жағдайларды қоспағанда, прокуратура, соттар, анықтау және алдын
ала
тергеу органдары, мемлекеттік органдар тарапынан адвокаттардың
қызметіне араласуға жол бермейдi. Кәсіби мінез-құлық нормаларын ұстау және
адвокаттық құпияны сақтау принциптеріне негізделетiн адвокаттық қызметте
адвокат өз кәсiби мiнез-құлқын көмек сұрап келген өтi0,нiш жасаған адамның
құқықтары мен заңды мүдделерiне сәйкес қалыптастыра және тежей
отырып,iстi
негiзсiз сөзбұйдаға салуға, заң көмегiн көрсетудiң заңсыз
әдiстерiне, алдауға жол бермейдi , сондай-ақ көмек сұрап өтiнiш жасаған
адамның мүдделерiне
адал болып, оның мүдделерiне қарсы қандай да болмасын
әрекет жасамайды.
27
Құқықтық мемлекет құрудың маңызды принциптерiнiң бiрi елiмiздегi
жүргiзiлiп отырылған құқықтық реформа болып табылады. Құқықтық
реформаның алғашқы кезеңi адам құндылығының басымдылығына негiзделедi.
Бүгiнгi күнi елiмiз құқықтық реформаның екiншi кезеңiне шығып отыр. Бұл
арада
адвокаттық қызметтi жетiлдiру, адвокат мәртебесiн көтеру, және олар
көрсететiн заң көмектерiн iзгiлендiру – ең өзектi мәселелерiнiң бiрi болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: