Бақылау сұрақтары.
1.
Адвокаттар өздерінің қызметтерін қандай нысанда ұйымдастырады?
2.
Заң консультациясының құқықтық мәртебесі қандай және оның
меңгерушісі қандай өкілеттіктерге ие?
3.
Адвокаттық кеңсе құрутәртібі және құқықтық мәртебесі қандай
болады?
4.
Заңды тұлға құрмай-ақ адвокаттық қызметпен айналысатын жеке
адвокаттардың құқықтық мәртебесі қандай және оны жеке кәсіпкер ретінде
тануға болады ма?
28
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы № 425-ІІ Заңымен 33-бап, 33-1 баппен
толықтырылды.
40
ТАҚЫРЫП №5. АДВОКАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
§1. Адвокаттар алқасының мүшелігіне үміткерлерге қойылатын талаптар
Азаматтардың барлық жағдайда құқықтары мен бостандықтарын заң
тұрғысынан көмек беріп, қорғайтын бірден бір жеке тұлға адвокат болып
табылады.
Адвокат әркімге белгілі –жалпы азаматтарға заңдық көмек беруші тұлға
болғандықтан өз өкілеттігін жүзеге асыруда басты міндеті азаматтың құқығы
мен бостандығын қорғау арқылы жүргізеді.
29
Адвокат – Қазақстан Республикасының азаматы, міндетті түрде адвокаттар
алқасының мүшесі болып табылатын және заң көмегін көрсететін адам.
Жоғарғы заң білімі бар, заңгер мамандығы бойынша жұмыс стажы екі
жылдан кем емес және адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия
алған адам адвокат бола алады.
Бұрын басқа заң саласында жұмыс істеген болса, бұл мерзім алты ай болып
есептеледі.
Адвокат болғысы келген заң мамандары әділет министрлігі бекіткен
біліктілік комиссиясына арыз өтініш жазып адвокаттық қызметпен айналысу
лицензиясын ала алады. Ол үшін біліктілік сынағынан өту қажет.
30
Қазақстан Республикасының «әділет министрлігі берген адвокат
лицензиясы лицензияда көрсетілген адамның адвокаттық қызметпен
айналысуына рұқсатнама болып табылады.
Лицензия адвокаттар алқасында үш айдан бір жылға дейінгі мерзімде
тағлымдамадан өткен адамдарға олар аттестаттаудан өткен жағдайда беріледі.
Аттестаттаудан өту ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Ал аттестаттаудан өтпестен адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия
алуға тұрақты судьялардың және прокуратура, тергеу және анықтау
органдарында кемінде он жыл жұмыс істеген прокурор, тергеушілер мен
анықтаушылар адвокаттар алқасында тағлымадан өткеннен кейін емтихан
тапсырудан босатылады. Бірақ бұған өз міндеттерін орындау кезінде атына кір
келтіретін теріс қылықтары және заңды бұзғаны үшін қызметінен босатылған
құқыққорғау органдарының қызметкерлері кірмейді.
Адвокаттық қызметпен айналысу құқығын беретін лицензяны беру
мәселесін Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі шешеді.
Адвокаттық лицензия негізінен әділет министрлігінде тіркеліп нөмерлік
сандары реестрінде көрсетіледі.
Лицензия біліктілік емтиханын тапсырған жағдайда беріледі. біліктілік
емтиханын тапсыру тәртібін «әділет біліктілік алқасы белгілейді.
Қазақстан
республикасының
Әділет
министрлігі
Адвокаттар
лицензиясының мемлекеттік тізілімін ол туралы Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі бекіткен ережеге сәйкес жүргізеді.
30
Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия берутәртiбi туралы Ереже ҚР Әдiлет Министрi бекiткен
21 қаңтар 1998 жыл №19
41
Біліктілік емтиханын тапсыруға жіберу туралы өтініш сонымен бірге
лицензия беру туралы өтініш те болып табылады.
Лицензия беру туралы өтініш қабылдануы да қабылданбауы да мүмкін.
Өйткені Лицензиялау туралы заң актілерінде көзделген негіздер бойынша
лицензия беруден бас тартылуы да мүмкін.
Лицензия негізгі, тұрақты болып табылады және оның күші Қазақстан
Республикасының барлық аумағында қолданылады.
Бұл лицензия Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі
Қазақстан Республикасының президентінің заң күші бар жарлығымен
бекітіледі.
«Бұл лицензияны алғанымен адвокат бола алмайтын адамдар».тізімі де
адвокаттық қызмет туралы заңда анық көрсетілген.
Яғни олар, қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған, белгіленген
тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп
танылған, адвокаттар алқасынан шығарылған, тәртіптік жағымсыз әрекет
жасағаны үшін құқық қорғау органдарынан босатылған адам – босатылған
күннен бастап бір жыл бойы, сондай-ақ лицензиясының қолдануы осы Заңда
белгіленген тәртіппен тоқтатылған адамдар адвокат бола алмайды.
Лицнезиялау туралы заң актілерінде көзделген жалпы негіздерден басқа
лицензияны кері қайтарып алу Қазақстан Республикасы әділет органдарының
талап қоюы арқылы сот шешімі бойынша сот тәртібімен мына жағдайларда.
1. адвокат адвокатураны ұйымдастыру және оның қызметі принциптерін
өрескел бұзған және өз міндеттерін бірнеше мәрте орындамаған және біліктілігі
жеткіліксіздігі салдарынан адвокаттың өз кәсіби міндеттерін орындауы мүмкін
болмаған жағдайларда жүзеге асырылады.
Тиісті сот шешімінің негізінде лицензияның күші:
1. Белгіленген тәртіппен адвокат әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке
қабілеттілігі шектеулі деп танылған.
2. Адвокат қасақана қылмысы үшін сотталған жағдайларда тоқтатылады.
Адвокат лицензиясының күші адвокат Қазақстан Республикасы
азаматтығынан шыққан жағдайда да тоқтатылады.
Адвокаттар
лицензиясының
күшін
тоқтату
мәселесі
Қазақстан
Республикасының Әділет Министрлігінің талап арызы бойынша сот тәртібімен
жүзеге асады.
Адвокат
өз
кәсіби
міндеттерін
орындау
кезінде
Қазақстан
Республикасының заңдарының талаптары мен нормаларын, адвокатураны
ұйымдастыру және оның қызметі принциптерін өрескел бірнеше рет бұзған
және біліктілігі жеткіліксіздігі салдарынан адвокаттың өз кәсіби қызметін
орындау мүмкін болмаған жағдайларда тиісті адвокаттар алқасының өтініші
адвокаттың лиценциясын кері қайтарып алу туралы талап арыз дайындау үшін
негіз болып табылады.
Лицензияны кері қайтарып алу лицензияның тоқтатылуына әкеп соғады.
42
Лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешімге сотқа шағым
жасалуы мүмкін.
31
3. Адвокат лицензиясын кері қайтарып алу жөніндегі іс жүргізу Қазақстан
республикасының заң актілерінде көзделген тәртіппен тек тиісті адвокаттар
алқасының ұсынысы бойынша қозғалады.
Адвокаттарға берілетін лицензияның күші уақытша тоқтатыла тұратын
жағдайлар да болады. Бұл адвокаттар лицензиясын кері қайтарып алу және
оның қолданысын тоқтатудан айырмашылығы бар Соңғы мәселе бойынша
Лицензияның күші біржола тоқтатылады да. одан кейін адвокаттың адвокаттық
қызметпен айналысуға құқығы болмайды.
Ал Лицензияның күші адвокаттың мемлекеттік қызметке тұруы, оның
парламент депутаты болып сайлануы, міндетті мерзімді әскери қызметте
болуы, сондай-ақ лицензиялау туралы заң актілерінде көзделген өзге де
негіздер бойынша адвокаттар алқасының мүшелігінен шығарылуы кезеңінде
тоқтатыла тұрады.
Яғни бұл дегеніміз, адвокат мемлекеттік қызметтен шығып, не болмаса
парламент депутатығының мерзімі біткеннен кейін адвокаттық қызметін
қайтадан жалғастыра алады деген сөз. Адвокат бұл кезеңде адвокаттар
алқасының мүшелігінен шығып кетеді. Лицензияның қолдануын тоқтата
тұруды Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі шешеді де оны
бұйрық ретінде рәсімдейді де лицензиясының күші тоқтатылған адамға
хабардар етіледі.
Адвокаттар лицензиясын беру , лицензиялардың қолданыла тұруын
тоқтата тұру, лицензияны кері қайтарып алу және қолданылуын тоқтату туралы
мәліметтер Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына тарайтын мерзімді
баспа материалдарында жарияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |