39
әкесінің аты, оның тұрақты тұратын жері көрсетіледі. Мүше
болып тіркелген
адвокаттар алқасының Төралқасы (Президиумы) заңды тұлға құрмай жеке дара
адвокаттық қызметті жүзеге асыратын адвокаттардың тізімін жасайды. Заңды
көмек көрсеткені үшін алынатын сыйақысы (гонарары) оның жеке есеп шотына
аударылып отырылады. Өйткені адвокат банктерде
есеп айрысу және өзге де
шоттар, жеке мөр,мөртабандар, жеке бланкілер иеленуге құқылы.
28
Кәсіби
қызметті жеке дара жүзеге асырушы адвокат заңды көмек алуға тілек білдірген
тұлғамен
келісім арқылы шартқа отырып,іске қатысуға ордер арқылы емес,
нотариалды куәландырылған сенімхат арқылы шартпен қатысады.
Бірақ ол да
Адвокаттық қызмет туралы заңдар бойынша міндеттемелер атқарады.
Адвокаттар алқасының тексеру комиссиясы жеке дара кәсіби қызметпен
айналысатын адвокаттардың қаржы-шаруашылық
істеріне кез-келген уақытта
тексеру жүргізе алады. Өйткені, олардың мүшелік жарналары адвокаттард
алқасына уақтылы,заңды
аударылып отыр ма , сол мәселелерді
бақылайды.Жеке кәсіби қызметпен айналысатын
адвокаттар еңбегінен салық
салу Қазақстан Республикасының Салық кодексімен жүзеге асырылады. Салық
және басқа төлемдерді төлеп тұрғаны туралы қаржылық қызметтерінің
есептерін салық органдарына
көрсетіп, мәлімдеп отырады.
Ал қалған кәсіби адвокаттық қызметтерін атқару барысында ол Қазақстан
Республикасының Адвокаттық қызмет туралы Заңын басшылыққа алады.
Достарыңызбен бөлісу: