§4. КСРО-ның құрамы ретінде Қазақ РОдағындағы адвокатура
институтының дамуы.
Қазақстандағы адвокатураның құрылуы субъективті және объективті
сипаттағы қиындықтарға тап болды. Бәрінен бұрын кәсіби дайындалған маман
кадрлар жоқ болды. Екіншіден, сот қызметкерлері халық комиссариатының
басшылары, әділет және басқа құқық қорғау органдары адвокатураға кері
әсермен қарады, өйткені олар пролетарлық құрамы жағынан совет, яғни Кеңес
Соты адасуы мүмкін емес және кез келген істі жеке өзі шешуге қабілетті деп
санады. Және соңғысы қоғамда, адвокатура деген патшалық самодержавиядан
қалған сарқыншақ күні өткен институт деп санады және сондай пікір
қалыптасты.
1920 жылы 6 октябрьде Қазақ Қырғыз (Қазақ) Автономиялы
републикаларының 1 құрылтай съезі өтіп, онда "Еңбекшілердің құқықтарының
Декларациясын" қабылдады. Онда: "Халықтық әділетті Ресей Кеңесінің Халық
Революциялық Сотының тәжірибесінің дәл нұсқасын алып, қырғыз
халықтарының тұрмыстық ерекшеліктерін еске ала отырып нақты
декларациямен бекітілген еңбекшілердің негізгі Ережелеріне қайшы
келмейтіндей етіп бекіту керек.
Съезд өзінің Кеңестік әділет органын ұйымдастыру - резалюциясында
өзінің тұрған жерінде азаматтарға тегін заң көмегін консультация және сот
қорғауы түрінде іске асыруын талап етті.
Құқықтық қорғауды жүзеге асыруды съезд партия, кәсіподақ және
қоғамдық қызметкерлерді тартуды ұсынды.
Әділет кадрлерін дайындау үшін үшін заңң курстары ашылды.
18
Қорғауды
ұйымдастыру
мәселелері
Қырғыз
Автономиялы
Республикасының Халық Соты туралы Ережесінің арнайы тарауымен Орталық
Атқару Комитетінің 8 апрель 1921 жылғы Декретінде арнайы тараумен
бекітілді. Онда 1920 жылғы 21 октябрьдегі Ресей Федерациясының Халық Сотв
туралы Ережесінің кейбір баптары дәлме-дәл қайталанды. Ол үшін әділет
органының губерниялық бөлімдері ерекше тізімдер жасады. Қорғауға жіберу
мәселесін халық соты шешті. Сот өзінің алдын ала мәжілісі мен сот
отырысында істің сипаты мен айыпталушының жеке басына және ол іс
кассациялық шағымдануға жатпайтындығына қарап шешті.
18
Положение он нородном суде Киргизской Автономной Соц. Республике. Утверж. Декретом ЦИК 8.04.1921.
26
Тек халық соты егер қамауда отырған айыпталушының сұрауы бойынша,
айыпкердің ісі бойынша қорғаушы жіберілуге және тағайындауға міндетті
болды. Халық соты қорғауға осы іс бойынша айыпталушы тұрған кәсіподақ
одағы, завод комитеті және т.б. болсын командировкаға жәберілген осы
ұйымның мүшелерін қалыптастыруға жібере алды. Және айыпталушының
жақын туған туыстары қатыса алады.
КАССР халық комиссариатының жанындағы әділет органымен жергілікті
жерлерге заң көмегін беру үшін 3 адамнан тұратын бюро құрды.
Адвокатураны ұйымдастыру республикада қиындық тудырғанына
қарамастан шама-шарқынша адвокаттық кадрларды дайындау жұмысы жүріп
жатты. Сонымен, 1936 жылы адвокаттар алқасында 141 адвокат тіркелді. оСы
жылы жергілікті жерлерге заң көмегін жақсарту үшін адвокаттар қызметін
анықтайтын
бірінші
бүкіл
қазақстандық
адвокаттар
алқасының
жұмысшыларының съезі шақырылды.
30-40 жылдары белгілі себептермен қылмыстық әсіресе саяси істер
бойынша қорғаушылар қызметінің пайдалылығы төмен түсіп кеткенін айтуға
болады. бұған әсіресе КСРО орталық комитетінің 1 декабрь 1934 жылғы
"Одақтас республикалардың қылмыстық іс жүргізу кодексіне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы" Қаулысы кері әсер етті. ¤йткені мұнда
террористік ұйымдар мен террористік актілердің істері бойынша сот өндірісінің
тыйым салынған тәртібі бекітілді. ¤йткені мұнда тергеу мерзім 10 күн ішінде
біту керек болды, ал айыптау қорытындысын айыпталушыға сотта қарауға бір
күн қалғанда беру, сотта айыпталушы мен қорғаушыны қатыстыру алынып
тастады. Кассациялық шағым мен кешірім беру туралы ұсыныс қабылданбады.
Кейінірек КСРО Орталық Комитетінің Қаулысымен 14 сентябрь 1937
жылы Контрреволюциялық жаулар мен диверсия үшін осы тәртіпті қолданды.
1936 жылы КСРО-ның жаңа Конституциясының қабылдануымен 16 август
1939 жылы Халық комиссариатының бекітілуімен прокуратура туралы Жаңа
Ереже қайта жасалды. Дәл осы Ереже түпкілікті кеңес құқықтық жүйесінде
адвокатура орнын анықтап берді. Және Халық Комиссариаты әділет органының
директиваларыг қатаң түрде орындайтын оның бір бөлімшесі ретінде
адвокаттар алқасы шын негізде қабылданды.
Осы Ережеге байланысты адвокаттар алқасы аймақ, облыс, автономия
және одақтас республикалық көлемінде құрылды. Тек аймақтық бөлінісі жоқ
републикаларда бір одақтас републиканың бірінде құрылады.
19
Адвокаттар алқасының мүшелері болып келесі тұлғалар бола алды: яғни
жоғары білімі бар, сот, прокуратура және басқа әділет органдарында практка
стаждары болып, заң мектептерін бітіргендер, заі білімдері жоқ болғанымен
жоғарыда көрсетілген құқық қорғау органдарында кемінде 3 жыл жұмыс
жасағандар.
Заң мектептерін бітірушілер бірақ практикалық стаждары жоқ сынақтан
өтушілер болып қабылданады.
19
Тыныбеков С.Т. Адвокатура и адвокатская деятельность в РК. – Алматы, 2001 стр. 86.
27
Адвокаттар алқасының басқару органы болып адвокаттардың жалпы
жиналысы, отблыстық, аймақтық және республикалық адвокаттар алқасының
президиумы және ревизиялық тексеру комиссиясы болып табылады.
Адвокаттар өздерінің барлық қызметін заң консультацияларында жүргізді.
Адвокаттар алқасының басшылық жасау одақтық-республикалық халық
комиссариатының әділет органдары мен үлкен өкілеттіліктерге ие жергілікті
органдарға жүктеледі. Олар адвокаттар алқасының ісіне кедергісіз араласып,
оларға басшылық жасайды.
Адвокатура
жайлы
кері
көзқарас
қалыптасқанына
қарамастан
адвокаттарды қызмет көрсету сферасының жұмысшылары деп санау туралы
пікірді теріске шығарды. Заңгерлер ортасында адвокатура басқа салаларға
қарағанда өз қызметін сататындардан емес өзі жай кәсіптен жоғары дәрежеге
көтерілген еңбегінің арқасында энергиялық қарқынмен өсті деген көз алдыда
пікір қалыптасты.
Сол жылдардың өзінде еліміздің қоғамдық-саяси өмірінің дамуында,
шыдамсыздық атмосфера, бір-біріне қастандық, сезікпен қарау, жауап алу мен
ізге түсуден қорқу қатты әсер етті. Осындай жағдайда адвокатураның маңызды
ролі туралы айтып жатудың қажеті жоқ. Дегенмен бұл жағдайлар
адвокатураның корпоративті бірлестігімен шектелген автономиялылығының
сақталуы мен дамуына кедергі келтірген жоқ. Біртіндеп кәсіби адвокаттық
корпустың формаға келу процесі жүріп жатты. Бұнда көптеген адвокаттар
өзінің кәсіби борышын адалдықпен атқарып жатты.
ұлы Отан соғысы жылдары адвокатураның негізгі қызметі, әскери
қызметкерлерге олардың жаняұларына, соғыс мүгедектеріне заң көмектерін
беру болды.
Соғыстан кейінгі жылдарда адвокаттар қызметі біздің республикамызда
өзгеріссіз қалды. Жалпы басшылықты бұрынғыдай Қазақ ССР-ның халық
комиссариатының әділет органдары іске асырды. Тікелей басшылықты
адвокаттар алқасының сайланбалы органдары - өздерінің президиумы болды.
Тек адвокатура да кәсіби мамандарға қажеттілік қатты білінді. Оның
материалдық базасы жай дамыды. Олардың қызметкерлері арасында құқықтық
регламентация жеткіліксіз болды. Адвокатураны бекіту, олардың ұйымдық
формаларын дамыту және авторитетін көтеру міндеті тұрды.
20
1958 жылы 25 декабрьдегі "Сот өндірісі туралыә заң негіздерінде "сотта
қорғауды ұйымдастырып іске асыру бағытында, сондай-ақ азаматтарға,
кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға заң көмегін көрсету үшін
адвокаттар алқасы әрекет етеді. Адвокаттар алқасы дегеніміз – Одақтас
республикалардың Жоғарғы Кеңесі бекіткен Ережелер негізінде адвокаттық
қызметпен айналысатын ерікті ұйым болып табылады", - деп бекітті.
Осы заң негіздерінде әр Одақтас республикалар өздерінің Адвокатура
туралы Ережелерін қабылдады. Қазақстанда ондай Ереже 1960 жылы 5 июльде
ҚазСРО-ның Жоғарғы Кеңесімен бекітілді.
1977 жылы кеңес заңдарының тарихында бірінші рет КСРО-ның
Конституциясында адвокатураның құқықтық жағдайы бекітілді. Сондықтан,
20
Булгакбаев А. Советское адвокатура. Алма-Ата, 1982.
28
мемлекет ресми жағдайда адвокатураны сот өндірісіне іске асыруға тікелей
қатысушы ретінде ресми бекітті. 1979 жылы 30 ноябрьде СССР-де тұңғыш рет
адвокаттық қызмет туралы заң қабылданды. Бұл құқықтық нормативтік актімен
кеңес адвокатурасының қызметі мен ұйымдастыру мәселелері бүкілодақтық
маслихатта қамтылды. Осы заң негізінде әр одақтас республикаларда
"Адвокатура жайлы Ережелер" қайта жасалынды. Бұл Ереже Қазақстанда 13
ноябрь 1980 жылы бекітілді. Бұл актілердің қабылдану адвокатура қызметін бір
жерден реттеуді қамтамасыз ету және бір жағынан адвокаттар алқасының ролін
көтеру, адвокаттарға бірқатар мәселелерді жеке дара шешуді үлкен
мүмкіндіктер беруі. Осы кезеңде оларға тиісті мәселелер қатары өсті. Осы
кезеңде мемлекет тарапынан адвокатураға қатысты сұрақтар өсті. Сонымен
адвокаттар алқасы мемлекеттік органдар мен Әділет министрінің келісімімен
рұқсат берумен құрылатын болды және осы орган алқа мүшелерінің сандық
құрамнан реттеді. Адвокаттардың соттағы тәртібіне қадағалау жасады.
Ережеде адвокатураның міндеті, адвокаттар алқасының мүшелігіне
қабылдау және шығару тәртібі, алқаның қызметін ұйымдастыруды жетілдіру
шаралары қарастырылды және адвокаттар қызметінің ерекшеліктері мен
кепілдіктері формаға келтіру есептелді.
Кей жағдайларда мемлекеттік органдар заң консультациясы арқылы заң
көмегін көрсету үшін адвокаттар сұрауына қажетті құжаттарды беруге міндетті
болды. Сот тәртібімен адвокатурадан шығып кеткен адвокаттардың шағымы
қаралатын болды. Адвокаттар алқасының басшы органдарын сайлау тәртібінің
ережесі, өкілеттілік мерзімі бекітілді. Осының бәрі адвокатураның кеңестік сот
жүйесіндегі ролі мен маңызын көтерді, азаматтар мен ұйымдарға көрсетілетін
заң көмегінің сапасы көтерілді және олардың заңды құқықтары мен мүдделерін
қорғауға кепілдік беретін орган болды.
Ереженің көптеген баптары "ҚР Адвокаттық қызмет туралы" қазіргі
қолданыстағы заңның негізін қалады.
Адвокаттар қызметін конституциялық реттеу, Қазақ ССР-ның адвокатура
турал Ережені қабылдауы қылмыстық сот өндірісінде заңдлықты қамтамасыз
ету барысында қорғау институтының ролінің өскенін көрсетеді және сотпен
заңды, негізді және әділетті үкім шығаруына ықпал жасайтын орган ретінде
көрінеді.
Кеңес қоғамындағы қайта құру мен либерализация кезеңінде, 80-
жылдардың екінші жартысында заң аясында кооперативтік қозғалыс үлкен
даму алады. Сонымен бірге әртүрлі кооперативтік құқықтық ұйымдар,
ассоциациялар, одақтар құрыла бастайды. Бұлар барлық мүмкін болатын заңды
көмек көрсетуді жергілікті елді-мекендерге ақылы түрде қызмет көрсетуді
жүзеге асырады. Бұл құқықтық кооперациялардың мүшелері болып, бұрынғы
құқық қорғау органының қызметкерлері, оқытушылар және заң оқу
орындарының, техникумдарының практикалық стажы жоқ бітірушілері болды.
Олар шын мәнінде нақты қосымша дәстүрлі қорғау институтын құрушылар
болды. Оның үстіне Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Пленумының Қаулысымен
30 июнь 1984 жылы Құқықтық кооператив мүшелерінің өздерінің жарғысы
негізінде азаматтарға, кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға заң көмегін
29
көрсету көзделген. Және олар қылмыстық сот өндірісінде сотталушының
қорғаушысы есебінде, азаматтық сот өндірісінде азаматтар мен заңды
тұлғаларға өкіл болып қатыса алады.
Бірақ практикада бұл шешімнің қателігі көрінді. ¤йткені бұл жерде
қорғаушы болып, өзінің асыра сілтеушілікпен мүддесін көздеуші, адвокаттар
этикасын өрескел бұзып қолдану, өте төмен дәрежедегі кәсібилігі мен
тәжірибесінің аздығы, адвокаттар алқасынан шығып кеткен, құқық қорғау
органдарынан шығарып жіберілгендер, тәртіптік жауапкершілік тартқандар
кіруімен байланысты болғандықтан бұл заңсыз сот шешімдерін шығарудың тез
арада өшріп кетуіне жол берілді. Сондықтан артынша ол 1991 жылы 28
июньдегі заңмен күшін жойды.
Қылмыстық сот өндірісінің ерте сатысындағы қорғауға құқық 10 апрель
1990 жылы КСРО-ның заң негіздерімен және Одақтас республикалардың
заңдарымен бекітіліп қылмыстық сот өндірісінің 13, 22, 23 баптарына
өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Осыға сәйкес заңдар ҚазақССР-інде 23 ноябрь 1990 жылы мен 16 февраль
1991 жылы қабылданды.
Осы заңдардың қабылдануынан соң Республика Әділет министрі мен
адвокаттар алқасының президиумымен бірлесе отырып прокуратура органдары
және ішкі істер министрлігімен бірге айыптау қорытындысымен тұтқына алу
саны өсті. 1989-1990 жылдары қылмыстық істер қысқартылу көбейді. Осы
негіздер бойынша азаматтардың заң көмегіне жүгінуі есепке алынды. Бұл
факторлар адвокаттар санының өсуіне әсер етті, қылмыстық істің алдын-алу
сатысында қорғау құқығы заңын реттеу шараларын қабылдау қажеттілігін
сездірді.
Сондықтан барлық заң конультацияларында график бойынша адвокаттар
кезекшілігі ұйымдастырылды. Бұл прокуратура органдары мен ішкі істер
органдарының келісімімен жүзеге асты.
Жоғарыда көрсетілген өзгертулер ҚР 28 июнь 1991 жылғы "Адвокатура
туралы Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Заңнан көрініс
тапты. Бұнда ең алдымен адвокаттар алқасының санына шек қойылу алынып
тасталды. Біліктілік емтиханын тапсырып адвокаттық қызметке патент алған
тұлға сонымен бірге адвокаттар алқасына мүше болумен қатар тек қана заң
консультациясында ғана жұмыс істеумен шектелмей жеке адвокаттық
конторалар құрумен бірге азаматтарға заң көмегін ұйымдастырудың басқа
формаларын құра алатын болды.
Осы заңның негізінде адвокатураға кандидаттарды қабылдауды
қамтамасыз ету бағытында олардан жоғарғы біліммен қатар, қажетті тәжірибе
мен кәсіби біліктілігін анықтау мақсатында облыстың атқару комитеті
жанындағы әділет басқармасы, Алматы қалалық халық депутаттарының кеңесі
мен біліктілік комиссиясы құрылды.
Комиссия тиісті әділет басқармасының бастығының бұйрығымен және
адвокаттар алқасының жалпы жиналысының ұсынуымен, Қазақ ССР облыстық
атқару комитеті заңгерлер одағының мүшелерінен заң ғылымдарының
30
өкілдерінен 3 жылдық стажы бар тәжірибелі заңгер-практиктерден тұрады.
Комиссия мүшелерінің құрамына адвокаттардың 50% кіруі керек.
Бұл комиссия адвокаттық қызметке адвокат атына ие боламын деген
тұлғалардан емтихан алды. Ережеде көрсетілген талаптарға кандидаттардың
сәйкестігін тексерді. Адвокаттық практикамен айналысуға патент берді.
Нақты заң адвокаттық корпустың заң жағынан да сапа жағынан да сан
жағынан да өсуіне жағдай жасады. Және қылмыстық іс бойынша айыпкердің
қорғаушыны таңдауына жағдай жасады.
Қаз ССР-ның қылмыстық іс жүргізу кодексін қолдануда алдыңғы кезеңде
жәбірленушіден бірінші жауап алу да қорғаушының қатысуына қамтамасыз
етуде және заңның басқа ережелері бойынша көптеген кедергілерге жолығатын,
оның ішінде әкімшілік-территориялық бірлігінің көлемі, алыстығы, регионның
халықтарының аз орналасуы, кейде бір ауданға бір адвокаттан келуі, кәсіби заң
кадрларының
жетіспеушілігі,
адвокаттар
алқасының
материалдық
мүдделілігінің жоқтығы (өйткені, мемлекетпен анықталған адвокаттың
гонорарының орташа айлықпен жоғарғы көрсеткіші жылдық календармен
көрсетілген соманы көтермейді. Сонымен қатар 16 февраль 1991 жылы
кәмелетке толмаған тұлғаларға қорғау мүмкіндігін жүзеге асыруға кедергі
келтіретін дене, ақыл-есінің кемдігі, сот тілін білмегендерге ұсыталғаннан және
тұтқынға алу кезеңінде хаттама және қаулы толтырғаннан бастап қорғаушының
қатысуының міндетті екенін кіргізді).
12 февраль 1994 жылы ҚР Президентінің Қаулысымен ҚР құқықтық
реформаның мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттары бекітілді. Онда
республикада заң системасы үлкен кризистерге ұырауда, өйткені құқықтық
реформаның даму нарықтық экономиканың дамуынан көптеген кейін қалды.
Мемлекеттің жеке бөлінуі, приватизация, жекелену қазіргі заманның
парламентаризімінің тұруы және демократиялық институттарының дамуы
бұған әсерін тигізуде деді.
Бұл жағдайда мемлекет елді мекендерге құқықтық көмек беруде, қызмет
көрсетуде құқықтық реттеуден бас тартуына болмайды. реттеудің негізгі
бағыты – жоғары сапалы құқық қорғау жұмысымен құқықтық көмекпен әрбір
азаматтардың конституциялық құқығына кепілдік беру.
Құқықтық реформаның концептуальды бағыты республикада құқық қорғау
жүйесінде адвокатура институты беделді орынға ие болуын көздейді
Яғни адвокатура өзінің тәуелсіздігін сақтай отырып өзін-өзі басқаратын
өзін-өзі қаржыландыратын коммерциялық емес ұйым бола отырып ондағы
адвокат тиісті процессуалдық өкілеттіліктерге ие болады және өзінің кәсіби
борышын орындауды жүзеге асырады.
Құқықтыр реформа аясындағы қайта құру 80 жылдардың басы мен 90
жылдарда кәсіби адвокатураның құрылу формасының негізін қалады.
Бұрынғы адвокатура соттың көмекші мекемесі деген жалған көріністі
біртіндеп қоғамдық стереотиві жоққа шығара бастады.
Сонымен адвокатура мемлекеттің қажетті институты ретінде құрыла
бастады. Мысалы: 1995 жылы адвокаттардың жалпы санының көлемі 1989
жылға қарағанда 3/1 есе өсіп, олардың саны 2000-ға жетті.
31
Алматыда, 1992 жылы 244 адвокат тіркелген
21
, ал 1 январь 1997 жылы
Алматы қалалық адвокаттар ақласының саны 300-ден асты.
Тек айта кету керек, адвокат іс жүргізудің толық құқықты қатысушысы
ретінде тараптардың айтысу принципін қамтамасыз ету мәселесінде, тұлғаның
тәуелсіздігі абыроймен бедедің сақталу, кінәсіздық презумпциясының жүзеге
асыруда сотттың кез келген өндірісінде заңды көмек пен қорғауды жүзеге
асыра алады.
Достарыңызбен бөлісу: |