34
талап етеді. Сондықтан "Адвокаттық қызмет туралы" заңның 5-бабына
толықтырулар мен өзгертулерді тез арада қолданбаса қазіргі еңбекақылары бар
болғаны сағат саны мен орташа табыстын соңғы 2 айдағы көлемі бойыша есеп
жүргізгенде қорытындысында 32 теңгеден 400 теңгенің ғана арасын құрайды.
Қорытылай келгенде, жалпы қолданыстағы Заң адвокаттардың қызметінде
кездесетін кедергілерге байланысты бар проблемаларды шешті деп айтуға
болмайды.
¤йткені адвокаттар құқығы көбінесе қылмыстық іс жүргізуші органдардың
жекелеген лауазымды адамдар тарапынан бұзылады.
Заң талаптарын бұза отырып бұл қызметкерлер қасақана және ешқандай
енгізсіз адвокаттарға өздерінің қорғаушыларымен кездесуде олардың саны мен
ұзақтығына кедергі жасайды.
Тағы да, адвокаттар ролі мен маңызын қылмыстық сот өндірісі бойынша
түсінбеу, құқық қорғау органдары тарапынан болатынын айта кету керек. Бұл
жайлы 30 октябрь 1999 жылы болған ҚР Адвокаттар Одағыныңң Съезінде
айтылған болатын. Осы съездің үндеуінде "Уақытысында алған шақырулары
бойынша съезд жұмысына бірде-бір Жоғары Соттың, Бас Прокуратураның,
Әділет Министрінің, Ішкі істер Министрінің, Салық полициясы мен ұлттық
қауіпсіздік комитетінің лауазымдары қатыспады. Съезде қаралған мәселелер
тек адвокаттарды ғана емес бүкіл қоғамды ойландыратын мәселелер болатын.
Шын мәнінде, адвокаттың оның қорғауындағы адамның құқығын бұзу,
оларға қарсы жоғарыда көрсетілген органдардың түсінушілікпен қарамауы
Қазақстанның демократиялық және құқықтық мемлекет деп санай отырып,
өзінің басты қазынасы адам және оның өмірі мен денсаулығы деп санайтын
бекітпелеріне байланысты шешілетін бірқатар проблемаларына кедергі
жасайды. Бұл дегеніміз құқықтық нигилизм мен мемлекеттің олардың
принциптерін жариялау мен іске асыру қабілетіне азаматтардң сенбеушілігін
күмәнін туғызады. Және ол азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау
үшін кәсіби заң көмегін алдына нұқсан келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: