Мейірбекова г‡лжазира болатќызы


§3. 1917 жылдан кейінгі адвокатура институтының ҚССР-да дамуы



Pdf көрінісі
бет10/41
Дата28.11.2022
өлшемі0,81 Mb.
#160179
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41
Байланысты:
Адвокатура лекция

§3. 1917 жылдан кейінгі адвокатура институтының ҚССР-да дамуы 
1917 жылы қазан айында Ресейде саяси билікті большевиктер партиясы 
басып алды да, сол кезден бастап бүкіл сот жүйесі, прокуратура сияқты 
адвокатураға да елдің барлық түкпірлерінде, соның ішінде Қазақстанда да 
эксперименттер жасалып, өзгеріске ұшырай бастады. 
Кеңестер кезеңі адвокатура институтына елеулі өзгерістер әкелді. Бұл 
бәрінен бұрын жаңа тоталитарлық саяси жүйелердің құрылуымен және басқа 
факторлармен байланысты. 
14
История государства и права Казахской ССР. Алма-Ата 1982. Стр. 80-81. 
15
Фукс С. Обычное право казахов в 18 первом половине 19 вв. – Алма-Атв. 1981. 


22 
Кеңестік саяси жүйе бекітілген соң 1864 жылғы реформа бойынша төрелік 
және жеке адвокаттардың қызметі кеңес билігінің бірінші декреттерімен 
алынып тасталды. ¤йткені ол жаңа социалистік мемлекет құру принципке кері 
әсерін тигізер еді. Адвокатура біртіндеп, кеңестік әділсоттың көмекші, негізгі 
қызметтерін атқара бастады. Қорғау институтын ұйымдастыру және сотта 
қорғаушылардың қатысуы бірнеше рет өзгеріп отырды. Бір форманы алып 
тастап, екіншісін кіргізе отырып кеңес заңдары біртіндеп тоталитарлық 
режимнің міндеттеріне талаптарына жауап беретінін қорғаушылар қызметінің 
коллективтік формасын бекітті. 
Оның үстіне қылмыстық іс жүргізу бойынша қорғаудың, азаматтық іс 
бойынша өкілдік етуде көп жылғы ізденістердің арқасында жаңа ұйымдық 
негізде адвокатура өзінің дамуын жалғастыруда. Нақты тәжірибелік және 
теоретикалық білімдерді қайта қарауда нақты ұсыныстар негізінде адвокаттар 
қызметінің жаңа формалары пайда болды, оның нормативтік базалары бекіді. 
КСРО-ның құлдырап, тарауы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, 
кеңес кезеңінде жиналған позитивті тәжірибелер арқасында ұлттық адвокатура 
қызметінің негізін қалады. 
Қарап отырсақ, кеңес кезеңіндегі адвокатура революцияға дейінгі 
адвокатурамен ұйымдық формасы жағынан да мемлекет тарапынан 
қатынасынан да көптеген жағынан ұқсас болды. Екі адвокатураның да 
жергілікті деңгейде ұйымдастырылды, олардың орталық аппараты болмады 
және идеялық платформасы да жеткіліксіз болды. Осылар болғанда олар патша 
саясаты мен кеңес билігіне шақыру тастар еді. 
Адвокатуралар өз қызметін Әділет Министрлігінің бақылауында болды, 
соттар тарапаынан жеткіліксіз сый-құрметке, сотта қарау сатысына дейінгі 
ролінің төмендеуіне де келісе алады. Екі адвокатура да соңғы есепте 
мемлекетке өзінің құқықтары мен міндеттемелері шегінде мемлекетке тәуелді.
16
"Сот туралы" Ресей Федерациясының халықтық комиссариатының №1 
Декреті бойынша 24 ноябрь 1917 жылы төрелік өкілдік етуші мен жеке 
адвокатура институты қысқартылды. "Айыптаушылар мен қорғаушылар 
ролінде қылмыстық алдын ала сатысында ал азаматтық істер бойынша өкілдік 
сенім алушылар ретінде азаматтық құқыққа ие екі жыныстағы бұзылу жасына 
түспеген барлық азаматтар жіберіледі", делінген. Бірақ Декрет бойынша 
азаматтардың құқығын қорғау үшін арнайы орган құрылған жоқ. 
7 март 1918 жылы жұмысшы, солдаттар, шаруа және казак 
депутаттарының кеңесінің қарауымен ВЦИК Декретімен "Соттар туралы" №2 
құжат шықты. Бұнда құқық қорғау ретінде қоғамдық айыптаушы мен қоғамдық 
қорғаушылардан тұратын алқалы құрам құру қаралды. Бұл алқаға жоғарыда 
көрсетілген кеңеспен шақырылған және сайланған тұлғалар кірді. Тек осы 
тұлғалар ғана сотта еңбектеріне ақы алып қана қатысуға құқығы болды. 
Құқық қорғау алқасынан сот әр іс бойынша қоғамдық айыптаушыны 
шақыра алды. Қоғамдық айыптаушы қорғаушыны шақыру, пайдалану құқығын 
қолданбаса, сот оның өтінішімен құқық қорғау алқасынан қорғаушы 
тағайындай алды. Көрсетілген айыптаушылар мен қорғаушылардан басқа сот 
16
Барщевский М.Ю. Организацияи деятельность адвокатуры в России.М. 1997. Стр. 14.


23 
мәжілісіне мәжіліске қатысып отырғандар арасынан бір айыптаушы мен бір 
қорғаушы қатыса алды. 
Кеңестік сот өндірісінің құрылуы құқық қорғаушылар қызметінің 
өзгеруіне әкеп соқты. Біртіндеп айыптау мен қорғау функциясы бір-бірінен 
нақты ажырай бастады. Құқық қорғау алқаларының мүшелеріне еңбекақы төлеу 
мәселелері шешіле бастады. Сотта қорғауға жіберілетін тұлғалар біртіндеп 
қысқара бастады. Яғни қорғауды кез келген тұлға емес, тек заңда көрсетілген 
тұлғалар ғана қатыса алады. 
1918 жылғы 30 ноябрьде шыққан халықтық сот туралы Ереженің бекітуі 
бойынша соттардың барлық жағдайларды толық білу үшін айыптау мен 
азаматтық процеске қатысушы тараптардың мүдделеріне қатысты жұмысшылар 
және шаруа депутаттарының уездік атқару комитетінің кеңесінің жанынан 
қорғаушылар, айыптаушылар және азаматтық процесте тараптардың 
өкілдерінің алқасын біріктіру мәселесі қаралды. Ол алқаның мүшелері 
жұмысшылар мен шаруа депутаттарының атқару комитеттерінің лауазымды 
адамдарынан 
Ресей 
Федерациясының 
1918 
жылғы 
10 
июльдегі 
конституциясының ь64 бабының талаптарын қанағаттандыратын тұлғалар 
құрамынан тұратын болды.
17
Алқа мүшелері Кеңес Республикасының лауазымды тұлғасы ретінде 
Әділет Халықтық комиссариатының сметасы бойынша халық соттарына 
берілетін оклад размерімен бірге қамтамасыз етіледі.
Қылмыстық істер бойынша айыптаушының сұрауы бойынша іске 
қорғаушыны тарту міндетті бола отырып ол іс алты халық заседательдің 
қатысуымен қаралатын. Қалған қылмыстық істер бойынша іске қорғаушыны 
жіберу сот мәжілісінде сотпен анықталатын. 
Қорғаушылар алқасын ұйымдастыруды жақсартудың бірқатар шаралары 
жасалса да жаңа мемлекет қойған жаңа талаптарға жауап бере алмады. 
Сондықтан халықтық сот туралы 21 октябрь 1920 жылғы Ереже қорғаушылар 
алқасын қысқартып, сот қорғауының жаңа формасын бекітті. Қорғаушы ретінде 
сот органдарына осы міндетті орындай алатын азаматтар жіберілді, (бұл негізгі 
кеңес үкіметіне шын берілген тұлғалар болды) ол азаматтар Әділет халық 
комиссариатының инструкциясы бойынша аудандық, қалалық және уездік 
атқару комитеттері берген ерекше тізім бойынша жіберілді. 
1920 жылғы 23 ноябрьдегі сотта қорғау құқығын және айыптау құқығын 
ұйымдастыру туралы инструкция бойынша қорғаушының міндетін атқара 
алатын азаматтар тізіміндегі тұлғаларды кез кеген қызметтен белгілі бір 
мерзімге босатуға міндетті. Олардың жұмыс орны бойынша сот мәжілісіне 
қатысқан уақыты бойынша еңбек жалақысы сақталып, мемлекеттік қордан 
жергілікті жерден біркүндік еңбекақы көлемінде тәуліктік еңбекақы қосып 
төленеді. Егер жоғарыда көрсетілген тұлғалардан қорғаушылар жетіспесе 
әділет органдарында тұратын консультанттар іске қатыстырылды. Қорғауды 
ұйымдастырудың бұндай формасы 1922-1924 жылды сот-құқықтық 
реформасына дейін жалғасты. 
17
Хаскин Ю. Российское адвокаты и советское государство. Происхождение и развитие советской адвокатуры 
(1917-1939) М. 1993. 


24 
1922 жылы 26 майдағы ВЦИК-тің Қаулысымен бекітілген "Адвокатура 
жайлы Ереже; адвокаттар қызметін реттейтін тұңғыш нормативтік-құқықтық 
акт болды. Бұл Ереже бойынша адвокатура бірінші рет еңбекшілерге азаматтық 
дауларды шешу мен қылмыстық іс жүргізуде қорғауды ұйымдастыру 
барысында өзін-өзі басқаратын ұйым ретінде көрінді. Губерния бөлімшелерінің 
әділет органдары жанынан қымыстық және азаматтық істер бойынша 
қорғаушылар алқасы құрылды. Қорғаушылар алқасының мүшелерінің бірінші 
құрамы губерниялық әділет органдарының ұсынуымен губерниялық атқару 
комитетінің президиумымен бекітілді. Ары қарай мүшелікке қабылдау 
қорғаушылар алқасының президиумымен жүзеге асырылды. Және олар 
қабылдау жайлы анықтаманы губерниялық атқару комитетінің Президиумына 
хабарлап отырды. ¤йткені олар ғана жаңадан қабылдаған мүшелерге қарсылық 
білдіре алды. Алқа мүшелері мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда 
лауазымды қызметпен айналыса алмайды. Бұл тек мыналарға қолданыла 
алмайды: 
1) сайлау бойынша мемлекеттік лауазыммен айналысатын тұлғалар; 
2) заң ғылымдарының профессорлары мен оқытушылары. 
Губерниялық мемлекеттік алқасының мүшелерінің жалпы жиналысы өз 
құрамынан президиум сайлады. 
Қорғаушылар алқасының президиумына мына міндеттер жүктелді. 
1) қорғаушылардың өзінің міндеттерін атқаруға бақылау және қадағалау 
жасау; 
2) губерниялық атқару комитетіне тиісті алқа президиумының қаулысымен 
мүдделі тұлғалардың шағым беру құқығына өздерінің мүшелеріне тәртіптік 
жауапкершілікке тарту; 
3) алқа фондына келіп түскен ақша сомаларын бөлу; 
4) тегін көмек тағайындау және такса бойынша қорғау; 
5) губерниялық әділет органдарының тапсырмасы бойынша жергілікті 
халықтарға заң көмегін беруді ұйымдастыру. 
Қорғаушылардың еңбегіне ақы төлеу келесі негіздер бойынша жүзеге 
асады. 
1) халықтық соттың қаулысымен тұрмысы нашар тұлғаларға, қылмыстық 
істер мен азаматтық істердің барлығынан ақы төлеуден босатылады; 
2) мемлекеттік және жеке кәсіпорынның жұмысшылары қорғаушылар 
еңбегіне халықтық әділет комиссариаты бекіткен такса бойынша төлеуге құқы 
бар. 
3) қалған барлық жағдайларда мүдделі тараптармен қорғаушының 
арасындағы келісіммен белгіленеді. 
Қорғаушылар өздеріне берілген сыйақыдан қорғаушылар алқасының 
фондына проценттік аударып отырылады. Ол ақының материалдық-құқықтық 
жағдайын қамтамасыз ету үшін керек. 
Қорғаушылар алқасының мүшелерінен басқа қорғауға айыпталушылар мен 
жәбірленушілердің жақын туыстары қатыса алады. Сондай-ақ мемлекеттік 
мекемелердің өкілдері, яғни олар Кәсіподақтар Одағы, тұтыну қоғамы және 


25 
кәсіптік және қоғамдық ұйымдар қалған тұлғаларға істі қарап жатқан соттың 
рұқсатымен ғана қатысуға құқылы. 
Бұл жағдайлар қазіргі адвокатураның құқықтық жағдайының фундаменті 
тәрізді. Яғни азаматтық, қылмыстық істер бойынша кәсіби адвокаттармен бірге 
іске заңды өкілдердің де қатысуға құқығы бар. 
Мәселе ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 70-бабының айыпталушының 
жақындары мен туыстарының, айыпталушы қамқорлығында болған мекеме мен 
ұйым өкілдерінің т.б. қылмыстық іске қорғаушы ретінде қатысуына рұқсат 
беруінде болып отыр 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет