37
Адвокат кеңселерін құруға мемлекеттік органдардың арнайы рұқсат талап
етілмейді.
Адвокатураның
ұйымдастырылуы
мен
қызметінің
принциптері:
адвокаттардың өз қызметін жүзеге асыру кезінде тәуелсіздігі. Адвокаттың
қызметті заңдарда тыйым салынбаған әдістермен және құралдармен жүзеге
асыру. Заң актілерінде тікелей Заң көмегін көрсету жөніндегі жұмысты
ұйымдастыру үшін адвокаттар алқасының төралқасы заң консультацияларын
құрайды және оның орналасатын жерін белгілейді. Оның өз атауы, мөрі мен
мөртаңбасы және өзге де атрибуты болады. Заң консультациясы адвокаттар
жалпы жиналысы бекіткен Ереже іс-қимыл жасайды. Оны адвокаттар
алқасының төралқасы тағайындайтын меңгерушісі басқарады.
Адвокат кеңсесі мекеме нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып
табылады. Ол адвокаттардың заң көмегін көрсетуінің материалдық,
ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де шарттарын қамтамасыз ету
мақсатында құрылады. Адвокат тек бір ғана адвокат кеңсесінің құрылтайшысы
бола алады.
Адвокат кеңсесінің құрылтайшысы мемлекеттік тіркеуден өткен соң он
күн мерзімде бұл туралы тиісті адвокаттар алқасына жазбаша хабарлауға және
оның қарағына адвокат кеңсесінің құрылтай құжаттарын беруге міндетті.
Сонымен, қорыта айтатын болсақ, адвокатура – халыққа заң негізінде заң
көмегін көрсететін кәсіби ұйым. Осы кәсіби ұйым болып адвокаттар алқасы
танылады. Сонымен бірге азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды
мүдделерін қорғау және оның іске асырылуына заңгерлік көмек көрсету
мақсатындағы қызметті ұйымдастырады.
Алдағы құрылып жатқан құқықтық мемлекетте адвокаттардың алар орны
да, мәртебесі де жоғары болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: