42
Лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешімге сотқа шағым
жасалуы мүмкін.
31
3. Адвокат лицензиясын кері қайтарып алу жөніндегі іс жүргізу Қазақстан
республикасының заң актілерінде көзделген тәртіппен тек тиісті адвокаттар
алқасының ұсынысы бойынша қозғалады.
Адвокаттарға берілетін лицензияның күші уақытша тоқтатыла тұратын
жағдайлар да болады. Бұл адвокаттар лицензиясын кері қайтарып алу және
оның қолданысын тоқтатудан айырмашылығы бар Соңғы мәселе бойынша
Лицензияның күші біржола тоқтатылады да. одан кейін адвокаттың адвокаттық
қызметпен айналысуға құқығы болмайды.
Ал Лицензияның күші адвокаттың мемлекеттік қызметке тұруы, оның
парламент депутаты болып сайлануы, міндетті мерзімді әскери қызметте
болуы, сондай-ақ лицензиялау туралы заң актілерінде көзделген өзге де
негіздер бойынша адвокаттар алқасының мүшелігінен шығарылуы кезеңінде
тоқтатыла тұрады.
Яғни бұл дегеніміз, адвокат мемлекеттік қызметтен шығып, не болмаса
парламент депутатығының мерзімі біткеннен кейін адвокаттық қызметін
қайтадан жалғастыра алады деген сөз. Адвокат бұл кезеңде адвокаттар
алқасының мүшелігінен шығып кетеді. Лицензияның қолдануын тоқтата
тұруды Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі шешеді де оны
бұйрық ретінде рәсімдейді де лицензиясының күші тоқтатылған адамға
хабардар етіледі.
Адвокаттар лицензиясын беру , лицензиялардың қолданыла тұруын
тоқтата тұру, лицензияны кері қайтарып алу және қолданылуын тоқтату туралы
мәліметтер Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына тарайтын мерзімді
баспа материалдарында жарияланады.
Достарыңызбен бөлісу: