Мейірбекова г‡лжазира болатќызы


§4.Адвокаттардың тәртіптік жауапкершілігі



Pdf көрінісі
бет19/41
Дата28.11.2022
өлшемі0,81 Mb.
#160179
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41
Байланысты:
Адвокатура лекция

§4.Адвокаттардың тәртіптік жауапкершілігі 
Адвокаттар, тағлымадан өтушілер, адвокаттың көмекшілері «Адвокаттық 
қызмет туралы » Қазақстан Республикасының Заңының,басқа да нормативтік 
құқықтық актілердің,алқа Жарғысының талаптарын бұзғаны үшін адвокаттар 
алқасының мүшелері тәртіптік жауапкершілікке тартылады. 
Тәртіптік іс жүргізу адвокаттар алқасының төралқасының құзіретіне 
жатады. 
Тәртіптік 
жауапкершілікке 
тарту 
туралы 
ұсынысты 
заң 
консультациясының меңгерушісі береді. Тәртіптік іс қозғауға негіз болатын 
,азаматтардың арызы,кәсіпорын ,ұйым, мекемелердің лауазымды тұлғаларының
хабарлаулары,сот қаулылары, сондай-ақ, адвокаттар алқасы жүргізген 
тексерудің нәтижелері себеп болвды.Істі қарауға дейін адвокаттар алқасының 
төралқасы тәртіптік жауапкершілікке тартылу негіздерінің жеткілікті екендігін 
тексеру керек, ол үшін, тәртіптік жауапкершілікке тартылатын адвокаттан 
жазбаша түсініктеме ала отырып, оны іс материалдарымен таныстырады. 
Адвокат қосымша түсініктемелер беріп , қайта тексеру жайлы ұсыныс бере 
алады. Адвокаттың жазбаша түсінік беруден бас тартуы тәртіптік 
жауапкершілікке тарту туралы істің қаралуына кедергі келтірмейді. 
Егер адвокаттың тәртіптік әрекеттері дәлелденсе ,онда адвокатты барлық 
істерден тәртіптік іс қарауды біткенше қалдыра тұрады. 
Адвокаттың тәртіптік жауапкершіліке тарту туралы ісін адвокаттар 
алқасының төралқасы оның өзінің қатысуымен қарайды,егер ол бірінші іс 
қарауға келмей қалған жағдайда, іс қарауды кейінге қалдырады. Адвокаттың 
екінші іс қарауға себепсіз келмеуі, яғни ауырып,емханаға түсуі және басқа да 
жағдайлар болмаған ретте оның қатысуынсыз іс қарап, шеше береді. 
Тәртіптік іс жүргізу бойынша адвокаттар алқасының төралқасы мынандай 
шешім шығаруы мүмкін. 
1.
Тәртіптік шараларды ескерту,қатаң ескерту,сөгіс жариялау арқылы 
салу 
2.
тәртіптік іс жүргізуді қысқарту. 
3.
адвокаттар алқасынан шығару. 


48 
Тәртіптік шараларды қолданғанда адвокат жасап отырған әрекеттер мен 
оның себептері, салдары,оның алдындағы мінздемесі,сондай-ақ еңбек стажына 
қарай отырып қолдану керек. 
Әрбір жасалған тәртіптік жауапкершілікке бір ғана шара қолданады. 
Тәртіптік жауапкершік шараларын қолдану туралы шешімге адвокат сот 
арқылы шағымдана алады. 
Адвокаттар алқасынан шығару адвокаттар алқасының төралқасының 
шешімімен мынадай жағдайларда шығарылады. 
1.
Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензия кері 
қайтарып алынған немесе қолдануы тоқтатылғанда,
2.
Адвокат өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезінде Қазақстан 
Республикасының заңдарының талаптарын ,нормаларын бірнеше рет бұзғанда, 
3.
біліктілігінің жеткіліксіздігі слдарынан адвокаттың өз кәсіби қызметін 
орындай алмағандыңы анықталғанда 
4.
мүшелік жарнаны ұдайы төлемегенде 
5.
кәсіпкерлік қызметпен, сондай-ақ өзге де ақы төленетін қызметпен 
айналысқанда, 
6.
адвокаттың өз тілегі бойынша 
7.
алқа Жарғысында көзделген өзге де жағдайларда шығарылады.
34
Адвокаттар алқасынан шығару лицензияны кері қайтарып әкелуге 
соқтырады. 
Алқадан шығарылған адвокаттар алқасының төралқасы шығарған 
қаулының көшірмесі адвокатқв берілген күннен бастап бір ай мерзімде сотқа 
шағым жасалуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет