Мейірбекова г‡лжазира болатќызы


Заң консультациялары мен адвокаттар кеңсесі – Адвокаттар



Pdf көрінісі
бет14/41
Дата28.11.2022
өлшемі0,81 Mb.
#160179
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41
Байланысты:
Адвокатура лекция


§2. 
Заң консультациялары мен адвокаттар кеңсесі – Адвокаттар 
қызметінің ұйымдық формасы ретінде 
Заң көмегін көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін адвокаттар 
алқасының төралқасы заң консультацияларын құрады. Заң консультацисы 
орналасатын жерді адвокаттар төралқасы белгілейді. Заң консультациясы 
адвокаттар алқаларының құрылымдық бөлімшесі (филиалы) болып табылады. 
Оның өз атауы мен тиісті адвокаттар алқасына тиесілілігі белгіленген мөрі мен 
мөртаңбасы, заң көмегін көрсетуді ұйымдастыру үшін қажетті өзге де атрибуты 
болады. Заң консультациясы адвокаттар жалпы жиналысы бекіткен ереже 
негізінде іс-қимыл жасайды. Заң консультациясын адвокаттар алқасының 
төралқасы тағайындайтын меңгеруші басқарады.
25
Адвокаттар кеңсесінде қызмет атқаратын адвокат көп күш-жiгер не уақыт 
жұмсауды 
қажет 
ететiн 
қажеттi 
әрекеттер 
жасаудан 
жасқанбай 
ыждағаттылықпен құлшыныс бiлдiре отырып, кәсiптiк ережелерiн сақтауға 
25
ҚР Адвокаттық қызмет туралы Заңы 32-бап 


38 
тиiс. Негiзiнде адвокат заң мәселелерiн қарап жатқан органдар мен лауазымды 
адамдарға қатысты өзiн әдептi ұстау керек.
26
Адвокат кеңсесі мекеме нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып 
табылады. Адвокат кеңсесі адвокаттардың заң көмегін көрсетуінің 
материалдық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де шарттарын 
қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Адвокаттар кеңсесін адвокаттар 
алқасының мүшесі құрады. Адвокат тек бір ғана адвокат кеңсесінің 
құрылтайшысы бола алады. Бір адвокат құрған адвокат кеңсесі өз қызметін 
жарғының негізінде жүзеге асырады. 
Адвокат кеңсесін бірнеше адвокат құрған жағдайда құрылтай шарты да 
құрылтай құжаты болуы керек. Адвокат кеңсесінің құрылтайшысы 
(құрылтайшылары) мемлекеттік тіркеуден өткен соң он күн мерзімде бұл 
туралы тиісті адвокаттар алқасына жазбаша түрде хабарлау керек. Басқа 
көзделген жағдайларды қоспағанда, прокуратура, соттар, анықтау және алдын 
ала тергеу органдары, мемлекеттік органдар тарапынан адвокаттардың 
қызметіне араласуға жол бермейдi. Кәсіби мінез-құлық нормаларын ұстау және 
адвокаттық құпияны сақтау принциптеріне негізделетiн адвокаттық қызметте 
адвокат өз кәсiби мiнез-құлқын көмек сұрап келген өтi0,нiш жасаған адамның 
құқықтары мен заңды мүдделерiне сәйкес қалыптастыра және тежей 
отырып,iстi негiзсiз сөзбұйдаға салуға, заң көмегiн көрсетудiң заңсыз 
әдiстерiне, алдауға жол бермейдi , сондай-ақ көмек сұрап өтiнiш жасаған 
адамның мүдделерiне адал болып, оның мүдделерiне қарсы қандай да болмасын 
әрекет жасамайды.
27
Құқықтық мемлекет құрудың маңызды принциптерiнiң бiрi елiмiздегi 
жүргiзiлiп отырылған құқықтық реформа болып табылады. Құқықтық 
реформаның алғашқы кезеңi адам құндылығының басымдылығына негiзделедi. 
Бүгiнгi күнi елiмiз құқықтық реформаның екiншi кезеңiне шығып отыр. Бұл 
арада адвокаттық қызметтi жетiлдiру, адвокат мәртебесiн көтеру, және олар 
көрсететiн заң көмектерiн iзгiлендiру – ең өзектi мәселелерiнiң бiрi болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет