58
- кiнәсiн мойындап келу;
- мемлекеттiк органның, лауазымды адамның немесе ұйымда басқару
функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы;
- бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар;
- лауазымды адамдардың және қылмыстық iс қозғауға құқық берiлген
органдардың қылмыс туралы мәлiметтердi тiкелей анықтау.
Барлық себептердiң процессуалдық мәнi бiрдей. Жоғарыда тiзiлген
себептерден барлығы мiндеттi болып табылады. Өйткенi себепсiз қымыстық iс
қозғалмайды. Бiрақ та бiр де бiр себеп даусыз және мiндеттi деп есептелiнбейдi,
себебi қылмыстық iс қозғау себептерiне жеткiлiктi негiз болуы қажет.
Қылмыстық iс қозғаудың негiзi – қылмыс белгiлерiнiң бiрiншi тұжырымы
болып саналады. Тұжырым белгiленген қайнар көздерге сүйене отырып
шығарылуы тиiс. Қайнар көздерi болып: арыз, азаматтардың түсiнiгi,
лауазымды тұлғалардың қаулылары, анықтамалары, актiлерi т.б. Қылмыстық iс
сыбыс, өсек негiздерiнде қозғалмайды. Қылмыстық iс қозғауға берiлген
материалдардың заңдылығы негiздiлiгi қажет. Егер де берiлген материалдарда
қылмыстық iс қозғауға себеп пен негiз болмаса адвокат прокурорға шағымдана
алады.
Адвокат жиналған деректердiң көлемiнде қылмыс әрекетiнiң барлығын
айқындауы қажет. Кез келген қылмыстық iс жүргiзу сатысында тиiстi
лауазымды тұлға iшкi сенiмiне жүгiне отырып деректердi бағалайды.
Сондықтан да, лауазымды тұлғалар болатын немесе болған қылмысты
қорытындылау үшiн жиналған деректердiң жеткiлiктiлiгi туралы мәселенi
шешедi.
Кез келген жағдайда жиналған деректердi адвокат жан-жақты бағалауы
тиiс. Бiрақ та бұл сатыда, яғни қылмыстық iстi қозғау сатысында деректер мен
мәлiметтерге толығымен баға бермейдi. Қылмыстық iс қозғау сатысында
қылмыс жасаған тұлғаның бiлiмi, кiнәсiнiң мазмұны аса қажет емес.
42
.
Достарыңызбен бөлісу: