«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған



бет103/200
Дата24.09.2023
өлшемі1,16 Mb.
#182238
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   200
Байланысты:
«Мейіргерлік істегі психология ж не коммуникация негіздері» п ні

Ерікті қозғалыс дегеніміз мақсатты қозғалыс, яғни күрделі шартты рефлекстер.
Еріксіз қозғалыстарда тумалық қасиет болса , ерікті қозғалыстар өмірде жере-бара қалыптасады. Адамның ерікті қозғалыстары ми қабығында бұрын пайда болған уақытша байланыстардың негізінде жасалынады.
Мүндай қозғалыстар үшін сөз ерекше тітіркендіргіш болып табылады, көптеген қозғалыстарды реттеп, басқарып, тежеп отыратын да осы сөздік сигналдар.
Адам сөз арқылы нұсқау алады не тоқтамға келеді, алдана қойған мақсатына сәйкес, қимыл- қозғалыстарын реттестіреді. Қозғалыс анализаторының жүйке клеткалары мидың орталық сайының алдыңғы жағына орналасқан . Осы жерде пирамида формасындағы алып жүйке клеткалары бар. Бұлар жүйке талшықтары арқылы қаңқаның бұлшық еттерімен байланысып жатады.Қозғалыс анализаторын құрайтын жүйке талшықтарын пирамидалық жол деп атайды.
Пирамидалық жолдың қызметіне зақым келсе, адамның қимыл-қозғалысының берекесі кетеді, мұндай да оны паралич ауруын шалдықтыруы мүмкін.
Қозғалыстарды тезей алу , тек алда тұрған мақсатқа сәйкес қозғалыс жасау - I және II сигнал жүйелерінің өзара әрекеттестігінің нәтижесі.
Адамның еркі алдына мақсат қоюдан басталады. Мыс: орта мектепті бітірген оқушының алдындағы мақсаты арнаулы оқу орнына түсу. Оның алдына бұл мақсатты қоюына оның мәдени қажеті, білім алуға тырысуы себеп болады.
Адам осылай өзінің келешекте белгілі бағытта істейтін ісінің мәнін, жоспарын белгілейді. Мұны еріктік амалдың бастамасы-тілек немесе ниет деп атайды.
Тілек - келешекте істейтін ісіміздің ойға бекуі. Мыс: газетке мақала жазсам, домбыра тартып үйренсем т.б.
Осы тілекті жүзеге асыру үшін адам тиісті жоспар сызып, амал-айла, әдіс қарастырады. "Жақсы ниет, жарым ырыс" деп халық тегін айтпаған. Қандай болмасын іс-әрекеттің жоспарын жасау - күрделі процесс. Ол адамның белгілі білімін, өмір тәжірибесін, ойының орамдылығын қажет етеді.
Мақсатқа жетудің жолдары белгіленіп, жоспар жасалғаннан кейін адамның тілегі оның нақтылы қалауына көшеді. Қалау- мақсаттың айқындығы, оған жеткізетін тиісті жоспардың жасалуы, ойдың бекемдігі. Дегенмен, тілек те, қалау да өздігінен адамның ерік-жігерін толық көрсете алмайды. Өйткені бұлар кейде бір-біріне үйлесе алмай қайшы келіп отырады. Мыс: орта мектепті бітірген оқушы бірде педагогтың институтқа түсіп, мүғалім болып шыққысы келсе, бірде ауыл-шаруашылық маманы болғанды да қалайды. Бүл арада ол екі мамандықтың бірін қалауы керек, ол қайсысын қаларын білмей әуре-сарсаңға түседі. Міне, осындай да тілек пен қалаудың арасында үйлеспеушілік болады, мұны психологияда мативтер күресі дейді. Мүндай түрлі мативтердің ішінен ақылға қонымдысы- нақты жағдайға тура келетін біреуі жеңіп шығады, тек содан соң ғана адам тоқтамға келе алады.Сөйтіп, мақсат қою, тілек, қалау, мативтер күресі, тоқтамға келубәрі жиналып еріктік қимылдың "даярлық кезеңі" деп аталады.
Еріктік амалдың ең негізгі кезеңі қандай болмасын тоқтамды орындау стадиясы. Өзінің қандай болмасын тоқтамын іске асыратын, оны орындайтын кісіні ғана еркі нағыз жетілген адам деп айтуға болады.

Ерік сапалары.
Адамның ерік сапаларының бірнеше түрі бар. Ерік күші (тоқтамға келгіштік, кедергілерді жеңе алу, өзін-өзі меңгере алу, батылдық, шыдамдылық). Адамгершілікке сыйымды ерік сапалары (жеке мүддені үжым еркіне бағындыра алуда көрінетін ерік сапалары). Еріктің адамның дербестігінен байқалатын сапалары (инициатива, принциптілік, тәртіптілік, жинақылық т.б. бөлінеді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет