10) Мәдени ұстаным бойынша коммуникацияның қандай аймақтарын жіктеуге болады?
Коммуникациялық аймақтарды бөлуде Э.Холлдың (1976) классификациясы кеңінен тараған:
• интимдік аймақ (бір-бірін жақсы көретін адамдар арасындағы достардың, балалардың, жақын туыстардың арасындағы аймақ);
• жеке аймақ (адамның басқа адамдармен күнделікті қарым-қатынас жасау қашықтығы);
• әлеуметтік аймақ (ресми қарым-қатынас жасаушы адамдар арасындағы аймақ);
• бұқаралық аймақ (үлкен мерекелер мен шерулердегі, басқа да үлкен шаралардағы қашықтық).
Батыс европа мәдениетінде интимдік қашықтық аймағы 60 см аралығында. Шығыс-Европа халқының мәдениетіндегі қашықтық 45 см шамасында болса, оңтүстік Европа елдерінде, бұл қашықтық одан аз болып келеді.
Жеке аймақ аралығы 45-120 см шамасында әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, француздар мен италияндықтар, шотландықтар мен ирландықтарға қарағанда жеке аймақтарының біршама қашық, кең болғанын қалайды екен.
Әлеуметтік аймақ таныс емес адамдар мен топтар арасында сақталады оның қашықтығы 120-260 см аралығында.
Бұқаралық аймақ үлкен топтармен жүзеге асады. Оның минималды шегі 3,5 метр, ал максималды шегі коммуникацияға қатысушы топтарға, адамдар санына орай анықталады.
11) Коммуникация аймақтары жөнінде басқа да классификациялар бар ма?
Жоғарыда берілген классификация батыс мәдениетін бақылау арқылы алынған болатын. Ал кейінгі жүргізілген зерттеулер алыс және жақын Шығыс мәдениетінің ерекшелігін анықтауға көмектесті. Бұл зерттеулердің бірі D.Morris (1992) классификациясы:
• шынтақ аймағы (бұл аймақта адамдар бір-біріне өте жақын орналасқаны соншалықты олардың шынтақтары бір-біріне тиіп тұрады – испан, француз, итальян, түрік, грек халықтары);
• білек аймағы (мұнда бір-біріне жақын орналасады – поляк, венгер, румын халқы);
• саусақ аймағы ( мұнда қол созым жердегі қашықтық ұсталады, тым жақындық құпталмайды – Ұлыбритания, Голландия елдері).
12) Қарым-қатынастың паравербалды құрылымының рөлі қандай?
Коммуникацияның паравербалды тәсілі арқылы белгілі-бір мақсатты, ниеттерді, тілектерді, жүзеге асыру үшін, адамдарда эмоциялар мен сезімдер оятылады. Бұл қарым-қатынас құрылымының негізінде тілдің тоналді және тембірлік ерекшеліктері жатыр. Кросс мәдени зерттеулер «жәй, ақырын» және «шулы, қатты» мәдениет түрлерін жіктеді. Алғашқы типке американдықтар жатады, яғни олар өздерінің ашықтығын, біліктілігін көрсетуге тырысады. Ал, екінші типке ағылшындар стилін жатқызуға болады. Олар қажетті адамға бағытталады және шудың деңгейіне ғана емес, сонымен қатар, қашықтыққа да аса мән береді.
Достарыңызбен бөлісу: |