Мәдениет аралық коммуникацияны жеке пән ретінде қалыптастырудың алғы шарттары қандай?
Мәдениет аралық коммуникацияның арнайы бір сала ретінде қалыптасуы АҚШ-ғы Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін жүре бастады. Шетелде жұмыс жасайтын Американдық шенеуніктер мен бизнесмендер, басқа мәдениет өкілдерімен жұмыс жасауда біршама қиындық сезіледі. Бұл жағдайды мұқият зерттеу барысында, оның пайда болу себебі, сол елдің тілін білмегендіктен емес, олардың дәстүрін, әдет-ғұрпын, жүріс-тұрыс нормаларын дұрыс білмегендіктен екені анықталады. Енді, біртіндеп «адам-адам» сферасында қызмет ететін түрлі маман иелерін мәдениет аралық қарым-қатынас іскерліктері мен дағдыларын, меңгертуге деген қажеттілік туындай бастады. Мәдениет аралық коммуникацияның академиялық пән ретіндегі ресми туған күнін Э.Халл мен Д.Трагердің «Culture as Communication» атты еңбектері жарық көрген 1954 жыл деп айтуға болады. 1960 жылдан бастап, бұл пән АҚШ-ң бірнеше университтетерінде оқытылып, ал 1970-1980 ж. аралығында ол Мюнхен және Йена университтерінде оқытуға енгізілді.
4) Мәдениет аралық біліктілік дегеніміз не? Әр түрлі мәдениет өкілдерінің бір-бірімен тікелей қарым-қатынасқа түсуі барысында немесе мәдениет аралық коммуникацияға үйрететін арнайы курстарда мәдениет аралық біліктілігі қалыптасады. Бұл қабілет мынандай дағдылардан тұрады:
1. әлеуметтік жағдайларды реттеудегі нормаларды тану.
2. мәдени-рөлдік құрылымдарды түсіну.
3. бет келбеттегі ым-ишараны меңгеруге деген қабілеттілік.
4. серіктесіңіздің «Мен – концепциясын» білу.
5. жағымсыз мінез-құлықты ескерту үшін эмпатиялық сезімдерді дамыту.
6. нақты мәдениет аралық интеракцияға қатысушылардың мінез-құлқын түсіну.
7. жағдайға орай мінез-құлық формаларын тану мен қайта жаңғырту.
8. әлеуметтік жағдайдың қалыпты мінез-құлық репертуарын білу.
5) Мәдени өзгешілігі бар науқастармен жұмыс жасауда не нәрсеге басты көңіл бөлу керек? Мәдени ерекшелігі өзгеше науқастармен жұмыс жасауда коммуникацияның мына компоненттерін ескеру маңызды:
Сөздік емес тәсілдер: