«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған


Эмпатиялық жауаптардың қандай типтері бар?



бет148/200
Дата24.09.2023
өлшемі1,16 Mb.
#182238
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   200
Байланысты:
«Мейіргерлік істегі психология ж не коммуникация негіздері» п ні

6. Эмпатиялық жауаптардың қандай типтері бар?
Коэн-коул мен Берд (1991) эмпатиялық жауаптардың бес түрін бөліп көрсетеді:

  • Бейнелеу – «Мен сіздің ..... көріп тұрмын»;

  • Мойындау – «Сіздің не сезіп тұрғаныңызды түсіне аламын .....»;

  • Қолдау – «Менің сізге көмектескім келеді»;

  • Серіктестік – «Бірге жұмыс жасап көрейік»

  • Сыйлау- «Сіз көп нәрсе жасадыңыз».

Эмпатия сөздікнемесе сөздік емес түрде болуы мүмкін .
Сөздік:

  • «Өкінішті»;

  • «Сізге бұл жағдайды шешу қиынға соққан болар ....»;

  • «Бүгін сіз (қайғылы,ашулы,көңілсіз....) сияқтысыз »;

  • «Қазір сізге оңай емес»;

  • «Бұл жағдайды жеңу үшін,біз бірге жұмыс жасаймыз»;

  • «Маған кез-келген уақытта қоңырау соға аласыз»

Сөздік емес:



7. Коммуникативтік біліктілікті қалыптастыру үшін басқа қандай психологиялық қасиеттер қасиеттер маңызды?
Дәрігердің коммуникативтік біліктілігінің қалыптасуындағы маңызды психологиялық қасиет-бұл сезімталдылық (сенситивтілік).Бұл қасиет дәрігерге науқаспен қарым-қатынас жасаудағы өзінің мінез-құлқын қайта қарап,түзетуге көмектесетін «кері байланыс» рөлін атқарады.
Дегенмен,сенситивтілік өте жоғары болмауы тиіс,себебі ол дәрігердің өзіндік бағалауын,аффилятивті қажеттілігін төмендетеді.


8. Кәсіби іс-әрекет барысында дәрігерде қандай кәсіби қасиеттер дамиды?
Біріншіден,кәсіби бейімделу.Жас дәріген маманның өз кәсіби іс-әрекетіне бейімделуі үщін шамамен,екі жыл уақыт қажет.
Осы уақыт ішінде не болады?
Бұл уақыт аралығында,жас дәрігер өзінің жаңа әлеуметтік рөлінде,өзін неғұрлым сенімді сезіне бастайды.Және де жеке кәсіби имиджін белгілі бір дағдылары мен репертуарын қалыптастырады.
Алғашында,жас дәрігер өз бетінше жұмыс жасау кезінде өзін сенімді сезіне алмайды,сондықтан қиын да жауапты сәттерде неғұрлым тәжірибелі мамандардың көмегіне сүйенеді.Сонымен қатар,ол өзі тәрізді жас дәрігерлермен қарым-қатынас жасап,олардың тарапынан эмоционалды қолдау алады.Бұд кәсіби бейімделудің танымдылық жағдайын,кәсіби білімнің,іскерлік пен дағдының жетілуі деп қарастыруға болады.
Кәсіби бейімделудің тағы бір компоненті «кәсіби имидждің»қалыптасуымен байланысты.Оның маңызды сипаты дәрігердің сенімділігі мен қалыпты жағдайлар болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет