«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған


Белсенді басшылық жасайтын көшбасшы



бет61/200
Дата24.09.2023
өлшемі1,16 Mb.
#182238
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   200
Байланысты:
«Мейіргерлік істегі психология ж не коммуникация негіздері» п ні

Белсенді басшылық жасайтын көшбасшы.
Белсенді басқаруға көмектесетін басшы төрт ерекшелігімен сипатталады ( Bennis L Nanus, 1985). Бұл:

  1. Анық білудің арқасында болатын зейінділік (сәтті көшбасшылық неге қол жеткізгісі келетінін анық біледі, жоспарларын соны орындауға бағындырады);

  2. Өз ойларына басқаларды сендіре білудің арқасында өз маңыздылығын көтеру ( сәтті көшбасшылар басқаларды өз ойларына сендіре алады, қажетті жетістіктерге жетудің маңыздылығын басқаларға жеткізе алады);

  3. Өз бағытын жүзеге асыру арқылы сенімге кіру ( сәтті көшбасшылар табандылық пен тұрақтылық көрсету арқылы өз көзқарасын жүзеге асырудың нәтижесінде сенімге кіреді);

  4. Жағымды ойлау арқылы өзін-өзі бекіту ( сәтті көшбасшылар өзі туралы жағымды ойда болып, сәтсіздікке ұшырайтынын қарастырмайды да және өз қателерінен үйренеді).

Трансфармациялық көшбасшы.
Трансфармациялық көшбасшының қасиеттері жетекшімен салыстырғанда анық көрінеді (іскерлік ұстаным). Соңғысы өзі мен соңынан ерген адамдардың қатынасын іскерлік келісім деп түсінеді. Өз жұмысын жақсы атқаратын қызметкер марапат аларды. Трансфармациялық көшбасшы соңынан ерген адамдармен ортақ келісімге ғана емес, одан жоғары нәтижеге де қол жеткізеді: олар өз қол астындағылардың нанымдарын, құндылықтары мен қажеттіліктерін өзгерту арқылы жоғары жетістіктерге жете алады. Трансфармациялық көшбасшының маңызды құралы шешендік іскерлігі болып табылады, олар күшті әрі өз-өзіне сенімді адамның келбетін жасап, адамдарды сендіреді және көшбасшылықтың нег олар күшті әрі өз-өзіне сенімді адамның келбетін жасап, адамдарды сендіреді және көшбасшылықтың негізі болып табылады.
Харизмалы көшбасшы.
Харизмасы бар көшбасшы « өз қол астындағыларға өзінің жеке қасиеттерінің арқасында күшті және елден ерекше ете алады. Адамдамдар өздарін осындай көшбасшымен бірлікте сезініп, оның соңынан оңайлықпен ереді. Харизманың негізі, адамның әулиелігі мен үлгілілігіне және ол орнатқан тәртіпке берілу» болып табылады. Хоризмасы бар жетекшіге өз ісіне шексіз сену тән. Өз-өзіне сынап, күмәнданудың орнына өз мақсаты мен дүниеге деген көзқарасының дұрыстығына кәміл сенеді.
Хоризмалық жетекшіге деген эмоциялдық қатынас туралы айтқанда, идентификация мен проекция сияқты психологиялық қозғалыс механизмдерін ескерту қажет. Сөйтіп, қызметкерлер өзінің жетекшісін идиял қылып, оны өздерінен «бір бас» жоғары деп санайды, бірақ сөйте тұра өздерін оның бір бөлшегі деп санайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет