13) Сөздік қарым-қатынас құралы жөнінде не білу қажет?
Ақпарат алмасуда сөздік қарым-қатынас құралы көп қолданылатыны белгілі. Оған, ең алдымен, сөйлесу жатады. Мәдениет аралық қатынаста ең қиынға түсетіні, бір тілді екінші тілге аудару болып табылады. Ескеретін бір жағдай, бұл ақпаратты дәл сол қалпында аудару мүмкін емес. Ол сөздің тек заттардың жәй ғана аталуы ғана емес, яғни сөз әр халықтың, әр елдің әлемді түсіну мәдениеті болғандығына байланысты. Сондықтан, «He is a Friend» деген сөздерді американдықтардан басқа, орыстар басқаша қабылдайды. Себебі «Friend» сөзі американдық үшін таныс, ал орыстар үшін «дос» деген мағынаны береді. Сондықтан, осындай жағдайлар түсінбестік туғызуы әбден мүмкін.
14) Түрлі коммуникативтік стильдердің ерекшеліктері.
Дәрігер мен науқас арасында да сөйлеу стилінің сәйкес-сөздігінен түрлі түсініспеушіліктер туындауы мүмкін. Сөздік қарым-қатынас стилі 4 түрге бөлінеді:
Тура, яғни тік стилдің ерекшелігі мұнда адамның шынайы ниеті мен ойлары айтылады (америка мәдениеті) ал, жанама стильде жеке ойлар мен ниеттер жасырылып, тіке айтылмайды (көптеген ұжымдық мәдениеттер).
Мәнерлі сөйлеу стилі, бұл өте бай, экспрессивті тілді қолдану болып табылады (араб мәдениеті), нақты стильде ақпаратты жеткізу үшін қажетті және жеткілікті, неғұрлым аз сөздер қолданылады (батыс Европа елдері, АҚШ). Қысқартылған сөйлеу стилі ұстамдылығымен, байыптылығымен ерекшелінеді, мұнда үзіліс және үнсіздік нақышымен, мәнерлі қолданады (көптеген азия мәдениеті). Тұлғалық жеке стильде айтушының жеке «Мені» басым (америка мәдениеті), ал жағдайлық – ол жағдайға орай стильдің өзгеруі (жапондықтар мәдениеті). Аспаптық және аффективті сөйлеу стильдері қандай-да бір сөйлеушіге бағытталуымен ерекшелінеді. Егер, аспаптық стиль (еуропа мәдениеті және АҚШ) айтушыға және коммуникацияның мақсатына бағытталса, ал аффективті стиль (жапон мәдениеті) тыңдаушыға және әңгіменің барысына бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: |