«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған


Әлеуметке қарсы тұлғалардың қандай ерекшеліктері бар?



бет128/200
Дата24.09.2023
өлшемі1,16 Mb.
#182238
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   200
Байланысты:
«Мейіргерлік істегі психология ж не коммуникация негіздері» п ні

Әлеуметке қарсы тұлғалардың қандай ерекшеліктері бар?
Әлеуметке қарсы тұлға мен ішкі невротикалық конфликтердің салдарынан өзін әлеуметке қарсы қоятын тұлғаны шатастырмау керек. Невротик,мінез-құлақтың салдарынан өзін кінәлі сезінеді,ал әлеуметке қарсы тұлғаға бұл сезім тән емес.Әлеуметке қарсы мінез-құлықтың белгілері жасөспірім кезеңінен айқын көріне бастайды,осы кезде агрессивтілік,жыныстық қатынасқа ретсіз,жөнсіз түсе беру,ішімдік пен норкотик қабылдауға бейімділікті байқаймыз.Медициналық қызметкер әлеуметке қарсы тұлғаның тек қана басқа адам емес екенін,оның басқа адамдардан түбегейлі өшгешелігі - өмірлік мақсатымен,өзіне және басқа адамдарға қатынасымен – бар екенін білуі керек.Әлеуметке қарсы тұлға басқа адамдарға қауіп немесе ләззат алу көзі ретінде қарап,олардың қауіпсіздігіне,ыңғайына,қанағаттануына көңіл аудармайды.Олар өздерінің қажеттіліктерін ең керкеті,әрі шұғыл деп,олардың орындалуын ертеңге қалдыруға немесе орнын басқа бір нәрсемен ауыстыруға болмайды деп есептейді.Қажеттіліктерін қанағаттандыру көргенсіздікке,болдым-толыдым деген сезімге алып келіп,өзін – өзі сыйлаудың арқасында бақыттылық сәттерін басынан өткере алмайды.Әлеуметке қарсы тұлға шыдамсыз,бір сәтте ләззаттануға бағытталып,қажеттіліктерін қанағаттандыруда бөгеліске шыдамай,тап қазір ұмытылысын басшылыққа алады.Ол қазіргі сәтте ақшасы жоқтықтан немесе көңілі кеткен затты заңды жолмен алуға шыдамы жетпегендіктен ұрлық жасауы мүмкін.Әлеуметке қарсы міне-құлықтан жаз да тоқтап қала алмайды.Эмпатияның жоқтығына агрессивті реакцияларына зұлымдық,тіпті садизм тән болады.
Әлеуметке қарсы пациенттер мен жұмыс барысында нені білуі маңызды?
Әлеуметке қарсы тұлға жақын тұлға арқалық қатынастарға түсе алмайды.Достық оларға тән емес қасиеттерді талап етеді. Әлеуметке қарсы индивиттер тек қана басқалардан алғанды жақсы көреді де,өздері бергілері келмегендіктен,осы жағынан отбасылық кикілжіңдер де туады.Олар тек қана өздеріне бағытталып,басқа адамдарда сезімі мен құқығы бар деп қабылдамайды,басқа адамдар олар үшін мақсатқа жету құралы ғана.Әлеуметке қарсы тұлға көбінесе өзінің сыртқы көріктілігін пайдаланып,қоршаған адамдар арасында паразиттік өмір сүреді.Көрсетілген себептердің арқасында медициналық қызметкердің мұндай пациентерге эмпатия көрсетуі қиын,әрі мағыналы қатынастар жасай алмайтындығы психотерапия мен кеңес берудің пайдалы болуына кедергі болады. Бірақ,әлеуметке қарсы тұлғаның сезімдерінің шексіз ұсақ екендігін ескере отырып,медициналық қызметкер эмоцияналдық контакты болмаған кезде өзін-өзі асығыс кінәламауы керек.
Әлеуметке қарсы тұлғалар медициналық қызметкерге өз еркімен сирек келеді.Әдетте,оларды мектеп немесе басқа мекемелер жібереді,сондықтан пациенттің кеңес алуға келу себебін ашып алу керек.Жогарыда атап кеткеніміздей,әлеуметке қарсы тұлғалармен контактіге түсу өте қиын,өйткені олар өздерінің күнделікті өмірдегі стилін кеңес беруге де алып келеді.Кеңес берудің басынан бастап,мұндай пациенттер медициналық қызметкерді, әсіресе тәжірибесіз,өзінің сыртқы көркімен,жалған мейірімділігімен, жағымпаздығымен алдап кете алады.Медициналық қызметкер көмектесемін деген ынтасының арқасында пациенттің манипулияциясының нысаны болып қалуы мүмкін.Осы тұрғыдан алғанда тәжірибесіз медициналық қызметкерлер үшін әлеуметке қарсы тұлғалар қауіпті болып табылады.Әлеуметке қарсы тұлға өзінің жағымсыз мінезі-құлқын дұрыс деп түсіндіріп,жауапкершілікті басқаларға итере салуға бейім болады.
Мұндай адаммен ұзақ қарым – қатынасқа түсу барысында өз-өзіне көңілі толмаушылық,қысылу, ұялу және ыза сезімі пайда болады.Әлеуметке қарсы науқастармен жұмыс барысында медициналық қызметкер өзінің сезімдерін айқындап,өзіне сенуі маңызды болып табылады,өйткені бұл науқас тарапынан болатын манипуляцияға қарсы және үлкен қиыншылықтарға қарамай жұмыс істей берудің бірден – бір емі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет