Байланысты: «Мейіргерлік істегі психология ж не коммуникация негіздері» п ні
XXIII - практикалық сабақ Депрессиялық емделушілермен және суицидтік ниеттегі емделушілермен қарым-қатынас Жоспар Жасөспірімдер арасындағы суицидалды мінез-құлық 1.Жасөспірімдердің психологиясы. 2.Суицидалды мінез-құлықтың психологиялық ерекшелігі. 3.Суицидтік мінез-құлықтың себептері және оған әсер етуші факторлар. Депрессия дегеніміз- психологиялық тұрғыдан қарастырғанда, өмір сүру перспективасының жоғалуы болып табылады. Әлсіздік, шаршағыштық, салмақты жоғалту, белгісіз ауырсыну сезімі де депрессияның белгілеріне жатады.
Өз өмірін қиюға бағытталған саналы ерікті түрдегі әрекет қазіргі таңда бүкіл жаһандық қоғамдық мәселеге айналып отыр. «Суицид» латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтіру, өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді. Суицид термині итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “Өзін-өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді.Суицид жан жүйесі қатты күйзелген кезде, не психикалық аурудың ықпалымен адам жасайтын өзін-өзі өлтіру әрекеті. Бұндай мінез-құлық жасөспірім шақта 13 жастан бастап байқалады. Статистика бойынша суицидтік мінез-құлық 14-28 жас аралығында 30 пайыз, жасөспірім шақта 6-10 пайыз құрайды. Өз-өзіне қол жұмсауға бейім адамдардың бірден-бір бөлігі психикалық тұрғыдан зардап шекен, дені сау адамдар болып табылады.Жасөспірімдер басқалардан көмек күту мақсатында суицидтік әрекетті демонстративті түрде көрсетіп, жан-жақтағыларын қорқытады. А.Г. Амбрумованың ойынша суицидтік ой, әрекет конфликт кезінде әлеуметтік-психикалық дезадаптацияның пайда болуынан көрінеді: мазасыздық, фрустрациялық күй, қоршаған адамдардың негативті қатынастары, өмір сүруге құштарлықтың болмауы, әлеуметтік ортаның төмендеуі т.б. Осындай келеңсіз жағдайлар барлығы жасөспірімдерді қылмысқа тартады, оның ішінде өз-өзіне қол жұмсау жиі кездеседі.Жасөспірім шақта түрлі кездерді бастарынан кешеді, кейбіреулері бір нәрседен қорыққаннан, махабаттың сәтсіз болуынан, қиыншылыққа төзе алмау салдарынан өмірден қоштасуды жөн көреді.Соңғы 15 жылдықта 15-24 жас аралығында өз-өзіне қол жұмсау 2 есеге артты, экономикасы дамыған елдерде бұндай жағдайлар жиі кездеседі. Зерттеу эксперименті бойынша өз-өзіне қол жұмсау ырықсыз түрде пайда болатыны анықталды. Бұндай әрекет жастық шаққа тән.Сәтсіз суицидтік әрекет жасаған адамдар саны бастан асады. Ер балалар арасында өз-өзіне қол жұмсау қыз балаларға қарағанда әлдеқайда көбірек, ал қыз балалар демонстротивті түрде көрсетіп отырады.
Осы күнге дейін суицидтік әрекет толық зерттеген адам жоқ. Ересек адамдардың 10 – нан біреуі ғана, жасөспірімдердің 50 – ден 1-уі суицидтік әрекетке бейім болады. Бірінші рет іске аспаған суицидтік әрекет, екінші рет қайталана бермейді, мысалы, 10-20 жас ер балалар арасында 10 пайыз, қыз балалар арасында 3 пайыз құрайды.Жыл сайын 10 – 20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жуығы жарық дүниемен қош айтысады. Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда көрші мемлекеттер Ресей мен Қытай және Қазақстанды айтуға болады.Қазіргі кезде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша Қазақстан азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орынды алады. Ал осыдан үш жыл бұрын деректер бойынша Қазақстан бесінші орында болған.Әлемде жыл сайын бір миллиондай адам өзін - өзі өлтіреді. Бір миллион адамның 8 мыңы Қазақстандықтардан тұрады. Бұл дегеніміз әрбір сағат сайын бір қазақстандық суицид жасайды дегенді білдіреді. Елбасымыз «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында» десе өкініштісі, суицид жасаушы еліміздің болашағы деп санаған жас буын өкілдері. Адамды жан – жақты тәрбиелеу мен дамыту
үшін оны жан – жақты біліп алу керек К.Д. Ушинский