«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған



бет212/287
Дата17.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#132271
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   287
Байланысты:
силабус2020пс (4444444444)

ХХХIII - практикалық сабақ
Науқастармен тиімді қарым-қатынас жасауға кері әсерін тигізетін кедергілер мен дәрігердің психологиялық ерекшеліктері
Дәрігер мен науқас арасындағы қатынас туралы бізге дейін де шексіз көп — ақылды, әдемі, шынайы, тіпті өте қатал сөздер айтылған. Айтылып қана қоймай, сонымен қатар ондаған және жүздеген нұсқаларда қайталанған. Өкінішке орай, солардан артық ештеңе айта алмассың.
Ежелгі Иранның дәрігерлік даналығы «Дәрігердің үш қаруы бар: сөз, шөп және пышақ» деген. Бұл даналық пікірдегі «сөздің» бірінші орынға қойылуы әншейін емес, яғни, дәрігердің науқас психикасына, оның ойларына, көңіл күйіне, ерік жігеріне ықпал етуі — оның ең басты қаруы. Сөз мағынасын кеңінен алғанда (немесе оның эквиваленттері: дәрігердің сөйлесу мәнері, бет-әлпетінің көрінісі, дауыс ырғақтары т.б.) қайсыбір кезеңнің де дәрігерлері мұны жадында ұстаған. Сөздің құдіреті туралы көп жазылған: «Бір сөзбен адамды дана немесе ақымақ деуге болады. Сондықтан әрбір сөзімізге абай болғанымыз жөн». (Конфуций).
Ішкі кеселдер ілімінің негізін қалаушылардың бірі мәскеулік профессор М.Д. Мудровтың (1776-1831) өсиеті бұрыннан белгілі. Ол: «Тәнді емдейтін жан дәрілерінің болатындығын еске салуды өз борышым деп есептеймін…, одан әрі тән ауруын, мұңды, аласұруды және сол аурудың өзін жеңетін, кейде сырқаттың еркін өзіне бағындыратын» деп айтқан еді. «Жарамсыз сөз — болымсыз нәтиже береді» делінген халық даналығында.
Қазіргі таңда сөздің және оның баламаларының (эквиваленттерінің) мәні науқастардың емдеу кешенінің бір бөлігіне айналды. Яғни, психотерапияға, медициналық психологияға да жете мән беріледі, Иван Петрович Павловтың ғылыми еңбектерінде «Сөз — адам үшін барлық қалғандары сияқты, сондай анық (реалды) тітіркендіргіш» деген тіркес бар. Бұған «оңды және теріс әсер етіп, екі түрлі алмастыра алады» дегенді қосу қажет. Бұл туралы дәрігердің ешқашан ұмытпағаны жөн.
Дерт, оған қоса ауыр кесел адамды, тіпті ол ең күшті және ойшыл болса да, әлсіз және тәуекелсіз, бала сияқты қорғансыз етеді. Оның көзіне дәрігер күш-қуаттың, сергектіктің, дерт нәтижесінің сәтті аяқталу сенімділігінің иесі болып көрінеді. Мұндай ерекше тылсымдауға (гипнозға) науқастар да, дәрігерлер де, тіпті олардың ірілерінің де көнетіні барынша жақсы.
Кез-келген науқас өз дәрігеріне белгілі бір талаптарды саналы немесе бейсаналы түрде қоятынын айту қажет. Сырқат адам ең алдымен өз дәрігерінен өзіне қажет көмек көрсетудің тұрақты және шынайы тілегін көргісі келеді. Науқас дәрігердің өзіне арнаған сол аздаған минуттарының толығымен дәл өзіне, оның шағымдарына, оның аландайтындарына қызмет еткенін қалайды. Және де науқасты қоршаған жағдай, медициналық қызметкерлердің қатынасы, дәрігердің өзін-өзі ұстауы, сөйлеу мәнері, емдеу мекемесіндегі жалпы мейірімді аужай (атмосфера) оған бұл жерде шын мәнінде көмектескісі келетінін, оның бойындағы ауыртпалығынан құтқару үшін бар мүмкіндікті жасайтынын көрсетуі тиіс. Тек осындай жағдайда, дәрігерге деген сенім туындап, нығая алады, тек осындай аужайда науқастың дәрігермен әрбір кездесуі өз бетінше жеңілдік әкеле алады.
Осы жерде өз әріптесімнің басынан өткен бір жағдайды баяндайын. Өзі дәрігер бір әріптесіміз тәулік бойына зәрі тоқтап, қуығы жарылуға шақ қалған жағдайда, облыс орталығындағы ауруханалардың біріне өз бетінше қиналып жетеді. Қабылдау бөлімшесіндегі кезекші мейірбикелерге сырқат түрін баяндағанымен, олар мән бермейді, кезекші дәрігерді шақырмайды. Өзінің де медицина қызметкері екендігін айтқанымен, мейірбикелер безбүйректік танытып, өз істерімен айналысады. Ол осы жайды айтып тұрып: «Дәрігер біздің бір-бірімізге деген мейріміміз қайда кеткен? Таныс дәрігер кездесіп қалып, маған көрсетілер ем сол кезде ғана жылдамдады» деп өкінішін білдірді.
Өз әріптесімізге осылай қарағанда, басқаларға не істемейміз? Бәлкім бұл сирек кездесетін оқиға шығар? Дегенмен ойлануға тұрады.
Жүрдім-бардым қарау, науқастың шағымдары мен ескертулерін елемеу, қол сағатына ұдайы қарап, дәлелсіз асығу, басқа тақырыпта әңгіме қозғау дәрігер беделін көтеруге ықпал етпейді және сенім мен құрмет деңгейін орнатпайды. Науқастың қасында дәрігер ыждағатты, байсалды және кең пейілді болуы тиіс.
Дәрігер қолы — жұмыс қолы. Академик Ю.Ю. Джанелидзе операция үстеліне маникюрді сүйетіндерді мүлдем жақындатпайтын. Ия, біздің әрқайсымызға да өзімізді сүйір, боялған тырнақтармен пальпация жасаса, тұрпайы көрінетіні рас. Бір сөзбен айтқанда науқастың дәрігерге деген сенімін қалыптастыруда оның сыртқы түрінің де маңызы өте зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет