ХХХII - практикалық сабақ Ятрогения, ятрогенді аурулар және дәрігер қателіктері. 1. Ятрогения түсінігі 2. Дәрігерлік қателік түрлері Ятрогéния(еж -грек дәрігер + еж.-грек.- туылу) — дәрігердің байқаусызда жасаған әрекеттерінің және сөзінің әсерінен науқас ағзасының нашарлауына әкелуі. 1925 жылы «Ятрогения» терминін неміс психиатрының Освальд Бумке жұмысында енгізілгенген Der Arzt als Ursache seelischer Störungen («Дәрігер жанның күйзелісінің себебі»), яғни заманауй термин ретінде «медицина жұмысының ақауы» делінген.
Ятрогендік факторларға жатады:
· Терапиялық әсермен байланысты қауіптер
- Тағайындалған дәрілердің жағымсыз әсері
- Шектен тыс дәрілік заттарды қолдану (мысалы, антибиотикке тұрақтылық)
- Дәрілік заттардың өзара жағымсыз әсерлері
· Дәрігерлік қателіктер
· Нұсқауды дұрыс орындамау, мысалы, түсініксіз дәрігер жазуы
· немқұрайлылық
· Ақпарат жеткіліксіздігі
Себебіне байланысты ятрогенияны 5 топқа бөледі:
Психогенді ятрогения Дәрілік ятрогения (ятрофармакогения): 1) фармакологиялық теріс әсерлер (мысалы, инсулин енгізгеннен кейінгі гипогликемиялық шок);
2) дәрілік интоксикация, токсикалық, мутагенді, онкогенді, тератогенді, эмбриотоксикалық, иммунодепрессивті әсер;
3) дәрілік аллергия;
4)дәрілік псевдоаллергия;
5) дәрілік тәуелділік;
6) дәрілік психоз;
7) бактериалді (эндотоксикалық) шок;
8)дәрінің физико-химиялық, фармакодинамикалық және фармакокинетикалық сәйкес келмеу себебінен негізгі сырқаттың асқынысы;
9) поствакциналді реакциялар мен асқыныстар.
Травматикалық ятрогенилар. Инфекционды ятрогениялар (ятрогенді инфекциялар). Аралас (біріккен) іс шаралар ятрогенилар: коронароангиография жасау кезіндегі асқыныстар;