Мекендеген жерлері
|
-Найман, керей, жалайыр тайпаларының негізгі мекендеген жерлері- Моңғолияның орта және батыс аудандары.Х ғ. бастап бұл тайпалар Қазақстан өңірін қоныстана бастаған.
|
«Моңғолдың құпия шежіресі»
|
-Найман, керейіт, жалайыр тайпалары моңғол, меркіт, таңғұттайпаларымен көрші тұрды. Бірде дос, бірде араздықта болды»
|
VIII ғасыр
|
-Наймандар Ертіс жәнеОрхон өзендері аралығында қалыптасқан.
|
Атауы
|
-Ғалымдардың пікірі бойынша «Найман» сөзінің мағынасы: «Сегіз тудың иесі» дегенді білдіреді. Тегі жағынан түркі тілдес тайпа.
|
840 жылы
|
-Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін керейіттер мен наймандардың қалыптасу үрдісі басталады.
|
ХІ ғ. басында
|
-Наймандар мен керейіттердің билеушілері орталық билікті нығайту мақсатында христианнның несториандық тармағын қабылдайды.
|
ХІ ғ. соңы-1125 ж
|
-Наймандар менкерейіттер қидандар құрған Ляо мемлекетінің құрамына енді.Ляо мемлекетінің күшті қарсыласына айналды.1125 жылы Ляо империясықұлағаннан кейін наймандар мен керейіттер тәуелсіздігін алды.
|
ХІІ ғ.ІІ жартысы
|
-Найман мемлекетінің аты шыға бастаған кезі. Батыс Моңғолия мен Шығыс Қазақстан жерін иеленді.ХІІ ғ.ІІ жартысында мемлекет гүлденген кезеңіне жетті. Наймандарда қала мәдениеті, егіншілік дамып, көрші мемлекеттермен сауда қатынастары кеңейді.
Батыста- Ертістің бас жағын мекендеген қыпшақтар;
Шығыста- керейіттер;
Солтүстікте- Енесей қырғыздарыкөршілес болды.
|