Мектеп: «№20 М. Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебі»кмм мұғалімі



Дата01.04.2017
өлшемі76,49 Kb.
#13183

Мектеп: «№ 20 М. Әуезов атындағы жалпы білім

беру орта мектебі»КММ



Мұғалімі: Косжанова Т.Т.



Математикадан қысқа мерзімді сабақ жоспары:

Пән: математика Сынып: 1 «Ә»

Сабақтың тақырыбы:

Әріпті өрнек,10-а

Жалпы мақсаттары:

  • Оқушылардың әріпті өрнек туралы білімдерін тиянақтау, 10 санының құрамын еске түсіру, жадыны дамыту жұмыстарын жүргізу

  • Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.

Сілтеме:

1-сыныпқа арналған «Математика» оқулығы

Авторлары: Т.Қ.Оспанов,Қ.ә.Өтеева, Ж.Т.Қайыңбаев, К.Ә.Ерешева, М.В.Маркина



Күтілетін нәтижелері:

қызығушылықтары артады, сөйлеу, ойлау дағдылары дамиды, талантты балалар анықталады

Әріпті өрнекті өз бетімен құрғызу арқылы теңдеудің сынап көру тәсіліне дайындық жұмыстарын жасайды



Оқыту әдістер:

Сұрақ-жауап, диалог

Сабақта қолданатын стратегиялар:

  1. Ой қозғау;

  2. Миға шабуыл,

  3. Мағынаны тану;

  4. Топтастыру.

Керекті жабдықтар:

Флипчарт, оқулық, слайдтар, кеспе цифрлар

Кіріспе:

Геометриялық фигураларды таңдау арқылы топтарға бөлінеді.

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Кезең берілетін уақыт

(45 минут)

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Кіріспе

1.Ынтымақтастық атмосферасын құру (сыныпты топтарға бөліп, топ басшысын сайлау). Топ басшысы сабақтың әр кезеңінде топтағы оқушыларды бағалап отырады.

1.Оқушы геометриялық фигураларды таңдау арқылы топтарға бөлінеді.

Үй тапсырмасын сұрау

№4 166-бет

1 оқушы оқиды, қалғандары тексереді



Сұрақ-жауап әдісі арқылы үй тапсырмасы талданады.


Негізгі бөлім


Сабақтың мақсатын таныстырады.
1.Жұмбақ айтылады

Сандар туралы, амалдар туралы жұмбақтар жасырылады


2. Жадыны дамыту тапсырмалары немесе сан құрамын еске түсіру
3.Ойын «Бұл қай сан?»

Мұғалім санды сипаттап жасырады

Логикалық тапсырмалар беріледі
4.Ойын «Өрнектер»

Оқушылар әріпті өрнекті бөлек, санды өрнекті бөлек айтып шығып, ұқсастығы мен айырмашылығын табады


5. Жаңа сабақ

Дәптермен жұмыс



  1. 10 цифрының салынуын қайталайды

  2. «Миға шабуыл» стратегиясы бойынша тапсырма:

  3. 10 санын пайдаланып, әріпті өрнек құрастыру, мәнін де қандай сан қоюға болатынын өздеріне ойлату

  4. 10-а а-ның мәні 10-нан кіші болу керек

Оқушылар тыңдайды
1.Жұмбақ шешіледі.

2. Тапсырма бойынша оқушылар өз ойларын жеткізеді.


3. Оқушылар кеспе цифрды көтеру арқылы жауап береді
4 Оқушы ойын жинақтайды, айтады, жеткізеді.

5.Ойланады, талдайды.

.


Сергіту сәті

Би жаттығуларына сергіту

Би жаттығуларына қимыл жасау

Оқулықпен жұмыс

7.Оқулықпен жұмыс

Оқулықтың 167-бетіндегі

№1 тапсырманы жұпта талдау

8.Суретпен жұмыс

Слайдтан 6 қарағай мен 4 қайыңның суретін көрсету.Қандай ағаш екенін өздеріне тапқыза отырып, сурет бойынша есеп құрастырту


7. Оқулықтағы №1 тапсырма бойынша кестені толтыру: 10-а;

Жұпта жұмыс жасау арқылы кестені уақыта бағына отырып, толтыру


8. Есеп құрастырады, талдайды

Топпен жұмыс

Оқушылар бүгінгі сабақтан не үйренгендерін постерге түсіреді

Оқушылар ынтымақтастықпен жұмыс жасайды, постер құрады, қорғайды

Мадақтау

Формативті бағалау.

Бағалауға қатысады.

Қорытындылау

Сұрақ-жауап арқылы қорыту




Үй тапсырмалары

167-беттегі шығармашылық жұмысты ойланып келу




Кері байланыс

Смайликтерді тарату

Өз ойын ашық жазады.



Сабақтан кейінгі рефлексия
Сабағымды жоспарлау барысында «Бірінші бетпе-бет» кезеңінде танысқан «Оқушылардың оқуына әсер ету» немесе 2_L3W1D3_Hattie.«Көрінетін оқу».ppt материалын тағы бір рет қарап шықтым.

Сабақ сәтті шығуы үшін ұйымдастырылуы тиіс нақты жұмыс түрлерін профессор Д. Хэтти (1999) 9 алмаз деп атапты. Мен осы 9 факторды басшылыққа алуды жөн көрдім. Онда нақты орын реті белгіленбесе де, 9 алмазды айтып өтейін:



  1. Мектептің мақсаты мен саясаты

  2. Мақсат қою

  3. Күтілетін нәтижелер

  4. Білімді жетік меңгеру үшін оқыту

  5. «Мұғалім-оқушы» өзара қарым-қатынасы

  6. Құрдастарының оқытуы

  7. Кері байланыс

  8. Қабілеттері бойынша бөлу

  9. Үй тапсырмасы

Сабақ аяқталған соң оқушылардың пікірлерін сұрап, жазып алдым:






Тапсырмалар

Ұнады

Онша ұнаған жоқ

Ұнаған жоқ

1

Геометриялық фигуралар арқылы бөліну

20

-

-

2

Кесте толтыру немесе жұптық жұмыс жасау

15

4

1

3

Кеспе цифрлармен жұмыс жасау

20







4

Ойын ойнау

20







5

Логикалық тапсырмалар шешу

18

1

1

6

Сергіту сәті

20







7

Топтық жұмыс, постер қорғау

12

8




8

Бағалау

16

4




9

Марапаттау

11

6

3

10

Көңіл-күй белгілеу

20






Сабақ мінсіз, керемет өтті дей алмаймын. Бірақ, алынған дауыстар санына қарап отырып, кейінгі сабақтарымда мұны жетілдіруге тырысып көремін.Оқушылар қимыл-қозғалысқа негізделген жұмыстарды жақсы көрген де, отырып жасайтын жұмыстарға онша ықылас таныта қоймаған



Осы рефлексивті есепті жазып отырып, өзіңді-өзің тану, өзіңе-өзің баға беру , өз ісіңе өзің есеп беру, талдау жасау қиын екен. Дәл қазір менің жасағаным зерттеу деуге келмейді, бұл жай ғана егжейлі- тегжейлі талдау.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет