Мектеп: « №3 Күршім гимназиясы» КММ
Мерзімі:1.09.2016
Мұғалімі: Маликова Н.Р
Сынып:3 «А» сынып
Оқушы саны: 16
Тақырыбы: « Қиял арманға жетелейді»
Құндылығы:ішкі тыныштық
Қасиеттер:жігерлілік, шыдамдылық, сенімділік
Сабақ мақсаты:Арманға жету жолдары туралы түсінік бере отырып ішкі тыныштық құндылығын дамыту
Міндеттері:
1. Жігерлілік туралы түсінігін қалыптастыру;
2. Оқушылардың шыдамдылық дағдысын дамыту;
3. Сенімділікке тәрбиелеу.
|
Ресурстар: слайд, оқулық,
дәптер, стикерлер, постер, маркер, чемпион И. Ильин, М.Манеза суреттері, музыка,тілек ағашы.
|
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кірген сәтте түрлі стикер тарату.Оқушылармен амандасу, 5 Тережесін еске түсіру.
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет!
Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.
Үй тапсырмасы
«Ана қиялы» Аңыз
Баяғы өткен заманда,бір елді мекендегі сұрықсыз,жұпыны үйде екі баласымен жалғыз ана тіршілік етіпті. Ана өте өнерлі,ісмер болыпты.Ол үнемі кестелеп орамал тоқып,соны ас-суға айырбастап,күндерін көріпті.Аналарының алып келген тамағына мәз болған балалар да уайымсыз өмір кешіпті.
Балалар да ер жетеді. Ана қартаяды,кестелеуге қолдары илікпей,көз жанары да тайып, қалжырай бастаған болатын.Күндегі әдетінше кестелеп тіккен орамалын алып базарға келеді.Бұйымын қажетті заттарға айырбастамақ боп,базар аралап жүріп,бір кісінің сурет салып отырғанын көреді.Суреттегі әдемі бау-бақшалы, шатырлы әсем үйлер,ғимараттар жанында ерекше сымбатты киініп, қолдарына кітап ұстаған адамдаранаға үлкен әсер қалдырады. Суретке әлсін-әлсін қарап таңданады.Суретшінің қиялына дән риза болады.Өмірде де осы суреттегідей әлемнің болатынына сеніммен қарап,оны өзінің бұйымына айырбастап алады.Жолда келе жатып,осындай зәулім үйде өзінің үлкен шеберханасы болуын, онда әдемі, асыл бұйымдардың әрі көп,әрі жылдам дайындауды,балаларының да суреттегі адамдардай оқымысты болып,ұқыпты да әдемі киініп,көліктермен жүруін қиялдайды. Ана қиялын ұлдарынан жасырмайды.
-Біз де сондай күнге жетер ме екенбіз?-деп балаларына күрсіне қарады.
-Егер бәріміз бірлесіп,жұмыс істеп,тіршілік жасасақ,ол күнге де жету қиын болмас,-деп балалары аналарын жұбатқандай болды.Анасының қиялын шындық өмірге айналдыруға екі ұлы бар күштерін жұмсайды. Ертемен тұрып, жер жыртып, астық егіп қаржы жинайды.Оқып, білім алады.Жұпыны үйдің орнына әсем де биік үй тұрғызады.Оның жанынан анасының қиялындағыдай шеберхана салады.Шеберханадағы станоктарда көздің жауын алатындай тұрмыстық бұйымдар дайындалады.
Ана балаларына,өмірге риза болып көзіне қуаныштан жас алады.Қиялының арманға ұласып,арманның орындалғаны үшін өмірге алғыс айтады. Ел оларға қызыға да, қызғана да қарайды.
Сұрақтар:
1.Аңыз не жайлы?
2. Ана өміріне өзгеріс әкелген не?
4. Балаларының жауабынан нені байқадың?
5. Қалай ойлайсын, арманы орындалғанда анасының жүрегінде қандай сезім орнады?
6.Аңыздағы ананың баласының орнында болсаң не істер едің?
|
|
Дәйек сөз.Чемпион жаттығу залдарында тумайды. Адамның ішіндегі құлшыныс, арман, мақсат чемпионды тудырады.(3 рет қайталату, жаздырту)
Мұхаммед Әли (толық аты Кассиюс Марселиюс Клэй; 1942 ж. Қаңтар 17 туған; Луисвилл, Кентукки, АҚШ) ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен американдық кәсіби боксшы, филантроп және қоғам қайраткері.Жыл боксшысы атағына 5 рет ие болған бүгінге дейінгі жалғыз спортшы болып табылады.Бүкіл әлем мойындаған спорт иконына айналған, спорт тарихындағы ең танымал тұлға, ең ұлы боксшы. Жарқын қызыл тілді, оның көптеген цитаталары тарихта қалған .
АҚШ үкіметі Әлиді мансабының шарықтау кезінде әскерге шақырғанда АҚШ-тан алыс жатқан бізге тиіспеген Вьетнамға қарсы соғысқа бармаймын, армиядан бас тартамын деп мәлімдеген. Осыдан АҚШ үкіметі оны барлық атақ даңқтарынан айырып үш жылдан астам уақытқа бокстан аластайды. Спортқа қайта оралғанан кейін тарихшылар атап кеткен «бокстың алтын дәуірінің» барлық мықты боксшыларын жеңіп өзіне барлық атақ даңқтарын қайтарып алады. Ал әйгілі Джо Фрейзермен қарсыластығы спорт тарихындағы жарқын беттерге айналды.
1.Қалай ойлайсыздар, Мұхаммед Әлидің арманы қандай еді?
2. Оның арманына жетуіне қандай күш әсерін тигізді?
3. Егер ол сол белестер туралы армандамаса, жетістіктерін көрермеді?
3. Сен не туралы армандайсын?
|
http://oilar.kz
|
Оқиғаларды әңгімелеу.
Аңыз әңгіме:Арман туралы өсиет.
Бір күні аса құрметті қалалық мырза, тоғандағы балықтарды қызықтап отырған Сүлеймен келіп:
-Хан ием , менің мұнымды шешіп беріңізші деп жалынады! Мен бақыт дегенді білмейтін болдым, менің әр күнім өкен күнге ұқсас болып кетті.
Сүлеймен біраз кідіріп:
-Көбі сенің орнында, сендей бай болуды армандайды. Ал сен не туралы армандайсын?
Сонда бай тұрып:
-Алдымен құлдықтан құтылуды армандаушы едім, содан менің саудам сәтті өтсін деп армандайтынмын, Ал қазір не туралы армандайтынымды да білмеймін.
Сүлеймен:
Арманы жоқ адам, осы тоғандағы балықтарға ұқсас, олар күннің қалай батып, таңның қалай атқанын байқамай, өткен күні, келер күнге ұқсап, ғұмыры өтер, ал сен осы балықтарға қарағанда, өзінді өзің тоғанға қамап қойдың. Егер сенің өміріңде қиял, игі арман болмаса, сен өміріннің босқа кеткенін байқамай қаларсын. Егер арманың болса, әр әрекетін сайын сен оның орындалуына уақыт санап, өмірінді жандандыра түсесін.
Шағымданушы сонда:
Армандап, сол арманыма жеткен сайын, қайтадан бастасам бақытты боламын ба?-десе, хан:
Иә,-деген екен
Сұрақтар:
Бай неліктен мазасыз еді?
Хан армансыз адамды немен салыстырды?
Хан бақытты өмірдің қандай сырын айтты?
Армандарын орындалғанда, қандай сезімде боласын?
|
http://ippt.ru/biblioteka/pritchi/
|
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
Сыныпқа кіргенде қандай стикерге ие болғанын біліп сол бойынша 3 топқа бөлу
1 топ. Жасыл стикер тобы.Мен ...... болуды армандаймын постер қорғайды.
2 топ Сары стикер тобы Жетістікке жеткен адамның суретін беріп, сол туралы әңгіме құрастыруды сұрау
3 топ Қызыл стикер тобы. Арманның орындалуындағы кездесетін кедергілер көрінісін даярлауларын сұрау
|
|
Топпен ән айту.
Бала тілегі.
Сөзі: С.Молдасанұлы
Әні:Ф.Лұқпанова
Бал-балалық,балдырғаншақ сан арман,
Барлық бала армандауғажаралған.
Кел,достарым,әндетіңдербилеңдер,
Гүлденсіндепатамекенқараорман.
Болашақтыңиесімізбәріміз,
Туғанжердіңтүрлендірернәріміз.
Алтын бесік-ұлан-байтақелімде,
Жарқынболсыншырқапайтқанәніміз.
Қалықтағанкөгершінікөгінде,
Мұңаймасынешбір бала елімде.
Атабергенбатамененкөркейсін,
ҰлыОтаным,тілегімсолменің де.
|
|
Үй тапсырмасы.6-сабақ» «Ата өсиеті» оқып келіңіздер
|
|
Сабақтың соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қосу
Ыңғайланып отырып, әуенді тыңдап терең тыныстаңыздар. Бүгінгі сабақты ой елегімізден өткізіп, сабақтан алған әсерлерімізді стикерлерге жазуларыңызды сұраймын.
Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!
|
|
Келісемін __________ Бекітемін ____________
Оқу ісінің меңгерушісі №3 Күршім гимназия
Нуриманов Ж.А. директоры Шакерова Г.С.
. «___» _____ 2016ж. «___» _____ 2016ж.
Қиял-арманға жетелейді.
Пәні: Өзін-өзі тану
Сыныбы:3 «А»
Пән мұғалімі: Маликова Н.Р
2016-2017 оқу жылы.
Достарыңызбен бөлісу: |