Мектеп: Алматы облысы Іле ауданы Қараой ауылы Ы. Ноғайбаев атындағы №18 орта мектеп



Дата10.06.2017
өлшемі1,59 Mb.
#18860
түріСабақ

Пән: биология

Мектеп: Алматы облысы Іле ауданы Қараой ауылы Ы.Ноғайбаев атындағы №18 орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Турманова Роза Таубаевна

Сыныбы: 8 Б

Қатысқан оқушы саны: 26

Қатыспағаны: 0

Сабақтың тақырыбы:

Тамақтанудың маңызы. Тағамдық өнімдер және қоректік заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, су және минералды тұздар.

Оқу бағдарламасына сілтеме

Биология 8-сынып. Е. Очкур, Л. Аманжолова, Р.Жумабаева. Презентация, кестелер, үлестірмелер, плакаттар, тақырыптық суреттер.

Оқу мақсаты

Тамақ құрамы мен маңызы, ақуыз, май, көмірсу, минералдар,
дәрумендер туралы түсініктер беру, «Ас – адамның арқауы» екенін, адам тамақтану үшін тіршілік етпейтінін, тіршілік үшін тамақтануын түсіндіру, әдетті түсінікті қалыптастыру.

Алдыңғы тақырып:

Тыныс алу мүшелерінің аурулары.

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин


3 мин

15 мин


4 мин

6 мин


3 мин

3 мин


1 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқушы назарын сабаққа аудару. Топқа бөлу. Тренинг (сабақ басталарда оқушыларға психологиялық дайындық жасаймын).

Үй тапсырмасын пысықтау:

Мұғалім оқушыларды «Джигсо» әдісі бойынша 3 топқа бөледі. 1-топ: «Мұрын» тобы; 2-топ : «Көмей» тобы; 3-топ: «Өкпе» тобы. Осы топтардың мақсаты өз топтарының атына сәйкес тыныс алу мұшелерінің ауруларын атауы қажет.



1-топ: «Мұрын» тобы. Тұмау, гайморит «полип, кеңсірік аурулары, оның белгілері мен сақтану жолдары туралы дайындалады) (телефондары арқылы интернет желілеріне шығып ақпарат алуға рұқсат етіледі) 2-топ: «Көмей» тобы. Көмей және кеңірдек аурулары, олардың таралу жолы, емдеуші дәрігер, гигиенасы туралы дайындалады (бронхит, тонзилит, лорингит аурулары туралы айтады). 3-топ: «Өкпе» тобы: Өкпенің аурулары: (плеврит, өкпе рагы, туберкулез аурулары, олардың таралу жолдары мен сақтану жолы туралы дайындалады) Дайын топтар ортаға шығып басқаларға түсіндіреді, постер қорғайды (телефондары арқылы интернет желілеріне шығып ақпарат алуға рұқсат етіледі).

Демонстрациялау әдісі: Тәжірибе көрсету (мұғалім 5 минутта тәжірибе жасап көрсетеді). Мұғалім таза мақтаны алып, оның үстіне жанған темекіні салып, қақпағын жабады. Содан соң 2-3 минут өткен соң мақтада қандай өзгеріс болғанын, яғни мақтаның темекі түтінінің әсерінен ластанғанын көрсетіп, егер осы мақта біздің өкпеміз десек, оның темек әсерінен қаншалықты бұзылатынын байқауға болатынын түсіндіріп, темекі шегетін кісінің өкпесі мен темекі шекпейтін кісілердің өкпесінің суретін көрсете отырып, оқушыларды жат әдеттен аулақ болуға шақырады.

Миға шабуыл. Мұғалім бірнеше суреттерді оқушыларға көрсетеді.



Мұғалім: мына суреттерден не көріп тұрсыңдар? Бұларды не деп ойлайсыңдар?

Мұғалім жоғарыда көрсетілген суреттер бойынша бірнеше сұрақ қояды.



«Мағынаны тану» бөлімі. Жаңа сабақ.

Мұғалім: Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы тақырыбы: Тамақтанудың маңызы. Бүгінгі сабақта тағамдық өнімдер және қоректік заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, су және минералды тұздар жайында білімімізді толықтыратын боламыз.

Тағамның маңызы. Қоректену – барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. Қоректену арқылы тірі ағзалар өседі, дамиды және қалыпты тіршілік әрекетін жалғастырады. Тағамның құрамындағы органикалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінеді. Бұл энергия жеке мүшелердің және жалпы ағзаның қызметі үшін жұмсалады.

 Нәруыздар адам пайдаланатын көптеген тағамдардың құрамында кездеседі. Олар адам ағзасында өздігінен түзілмейді, тек тағаммен бірге қабылданады. Адамның күнделікті қалыпты тіршілігі үшін тәулігіне орта есеппен 100–120 грамм нәруыз қажет. Нәруыз, әсіресе еттің, балықтың, жұмыртқаның, асбұршақтың, жаңғақтың және т.б. тағамдардың құрамында мол болады. Адам ағзасы үшін нәрлі нәруыз жануартекті тағамдарда көптеп кездеседі.

 Майлар да адам ағзасы үшін қажетті органикалық заттың бірі. Май сүт өнімдерінің, жұмыртқаның және т.б. тағамдардың құрамында молынан кездеседі. Май, әсіресе, жануарлардың іш майында және майлы өсімдіктердің құрамында көп болады. Басқа органикалық заттармен салыстырғанда май ыдыраған кезде энергия екі еседей көп бөлінеді. Адам сұйық (өсімдік) майларды көбірек пайдалануы қажет, өйткені ол ағзаға тез әрі жеңіл сіңеді. Адам тәулігіне орта есеппен 70–100 г май пайдалануы керек.

 Көмірсулар көбіне өсімдіктекті тағамдардың құрамында мол болады. Адам күнделікті пайдаланатын көмірсулар негізінен крахмал және  қант. Крахмал түрлі жармалардың, ұнның, картоптың құрамында көбірек кездеседі. Қант көбіне қант қызылшасында, сәбізде мол болады. Ағза үшін, негізінен, жемістердің құрамындағы қант өте пайдалы, өйткені ол тез сіңеді. Мұндай қант балдың, жеміс-жидектердің құрамында көп кездеседі. Адам денесіне жиналған артық көмірсулар бауырда, бұлшықеттерде қор ретінде жиналады.

Витаминдер (латынша «vіta» – тіршілік, «amіn» – химиялық заттар) тағамның құрамында болатын ағза үшін қажетті зат. Ағзаның өсуі, дамуы, тіршілігі үшін витаминдер (дәрумендер) аз мөлшерде болса да өте қажет. Оларды адам тағамның құрамынан алады, яғни витаминдердің көпшілігі ағзада өздігінен түзілмейді. Витаминдердің адам ағзасында жетіспеушілігі түрлі ауруларға шалдықтырады.

Минералдық тұздарды адам ағзасы жеген тағам мен ішкен суы арқылы қабылдайды. Адам пайдаланатын барлық табиғи тағамдардың құрамында тұздар кездеседі. Адам тәулігіне 5–6 грамдай ас тұзын пайдаланса жеткілікті.

 Су адам ағзасы үшін өте қажет. Адамның тіршілігі үшін тәулігіне 1,5–2,5 литр су қажет. Судың аздаған мөлшері ағзаның өзінде органикалық заттардың ыдырауынан бөлінеді. Ағза үшін су тапшылығы да және суды артық пайдалану да зиян.



Оқушыларға тақырыпқа сәйкес «Тамақтанудың маңызы» туралы презентация көрсетіледі.



Мұғалім: Міне біз тамақтанудың маңызымен, сонымен қатар тағамдық өнімдер және қоректік заттармен де таныстық.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

«Джигсо» әдісі бойынша тапсырма: Оқушылар жаңа тақырып бойынша жұбымен пікір алмасып, топта талқылайды. Мұғалім оқушыларға жаңа сабақты бекіту мақсатында сұрақтар қояды: 1. Қоректену дегеніміз не? 2. Тамақтанудың негізгі ережелері; 3. Нәруыздар мен майлар не үшін қажет? 4. Көмірсулар не үшін қажет? 5. Дәрумендер мен минералдық тұздардың пайдасы. 6. Судың адам ағзасына тигізер пайдасы мен маңызы. 7. Тамақтанудың маңызы.

V. Қорытындылау. бағалау.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді










VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма беру. Тамақтанудың маңызы. Тағамдық өнімдер және қоректік заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, су және минералды тұздар.

http://itest.kz/lekciya_x_tarau_asqorytu_musheleri_tahamnyng_mangyzy_quramy_zhane_qyzmeti конспектісінен үзінді




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет